10 апта: Мерекелер


,3-сабақтар. Заманауи Қазақстанның 100 жаңа есімі. Есімшенің анықтауыштық қызметі



бет8/13
Дата10.05.2020
өлшемі312,1 Kb.
#66911
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
А2 деңгейі сабақ жоспары

2,3-сабақтар. Заманауи Қазақстанның 100 жаңа есімі. Есімшенің анықтауыштық қызметі.
Заманауи Қазақстанның 100 жаңа есімі
"Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек"

Н.Ә.Назарбаев

2017 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы жарияланды. Осы мақалада көтерілген өзекті мәселелердің бірі – «100 жаңа есім» жобасы. "100 жаңа есім" жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

Жобаның мақсаты - Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан адамдарды жариялау, лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту, білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту. Өзін сөзбен емес, іспен дәлелдеп, өзгелерге үлгі боп жүрген азаматтарды тануымыз керек. Оларды тек танып қана қоймай, жастарға үлгі ету қажет. "Әрбір адам - ол жеке роман, өз алдына бөлек фильм. Жастарды осы тәжірибенің негізінде тәрбиелеу керек. Мен ылғи айтамын, адамның мүмкіндіктері шексіз, кез келген нәрсені істеуге болады" - дейді бұл туралы Елбасымыз.

Іріктеу 100esim.el.kz сайтына онлайн дауыс беру арқылы жүзеге асырылды. Үміткерлер, негізінен, қоғамдағы барлық саланың өкілдерінен. Олар - дәрігерлер, кәсіпкерлер, ғалымдар, мұғалімдер, спортшылар, өнер қайраткерлері, т.б. өнегелі еңбек етіп жүрген адамдар. Аталған жобаға қатысушылар саны жылдан-жылға артып келе жатыр. Биылғы, 2019 жылы жалпы тізімде 2100 адам тіркелген.

Тапсырмалар:


    1. Мәтінді оқыңыз.

    2. Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.

    3. Берілген сөз тіркестермен сөйлемдер құрастырыңыз: өзекті мәселе, жеке роман, үлгі боп жүрген адамдар, жобаға қатысушылар, адамның мүмкіндіктері, жерлестерімізді тану, үлгі ету.

    4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз, жауаптарын жазыңыздар.

    5. Есімшені еске түсіріңіздер. Есімшенің анықтауыштық қызметіндегі мысалдарды теріп жазыңыздар. мысалы: көтерілген мәселе.

    6. Никита Амоскин мен Мыңжылқы Бердіқожаевтармен танысыңыз.

    7. Тақырып бойынша сұхбат құрастырыңыз.

    8. «100 жаңа есім» жобасы туралы әңгімелеңіз.




    1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Никита Амоскин – акробат, халықаралық класстағы спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы, спорттық акробатикадан  әлемчемпионы.

Ол 1999 жылы Қарағанды облысында туған. Қазір Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2 курс  студенті. Никита бала кезінен спорттық акробатикамен айналысқан.Ол спорттық акробатикадан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері. Никитаның 60-тан аса марапаты бар. 2016 жылы Қытайда әлем Чемпионатында қола жүлдегері атанды, ал Польшада әлем кубогында алтын жүлдеге ие болды. 2016 жылы Никита еңбегіне лайық халықаралық класстағы спорт шебері атағын алды. Алайда жас спортшының басты жетістігі 2018 жылдың сәуірінде Бельгияның Антверпен қаласында жастар арасында аралас жұптар категориясындағы спорттық акробатикадан өткен Әлем Чемпионатының алтыны болып табылады.

4.10 Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз және қазақ тілінде түсінгеніңізді әңгімелеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет