10 апта: Мерекелер


-апта: Қазақстандағы ғарыш айлағы



бет10/13
Дата10.05.2020
өлшемі312,1 Kb.
#66911
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
А2 деңгейі сабақ жоспары

13-апта: Қазақстандағы ғарыш айлағы.
1-сабақ: Байқоңыр- ғарыш айлағы

2- сабақ: Қазақ ғарышкерлері туралы


14-апта: Баспасөз

БАҚ – өмір айнасы.

Бұқаралық ақпарат құралдары дегенiмiз – түрлi хабарды көпшiлiкке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық әрi жария түрде жеткiзу үшiн құрылған ұйымдар. Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио, телевизия, кино жатады. Сонымен қатар, ғылым мен техниканың ілгерілеуімен пайда болған спутниктік байланыс, Интернет желісі арқылы тарайтын түрлі ақпарат көздері де осы салаға кіреді.

Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі олардың коммуникативтiк, танымдық, ақпарат тарату, қоғамдық пiкiр туғызу арқылы саяси билiкке ықпал ету, қадағалау, білім беру, әлеуметтендіру әрекеттерімен байланысты. БАҚ адамдардың түрлi әлеуметтік үдерістер мен оқиғалар туралы ой түюіне ықпал етедi.

БАҚ адамдарға әлеуметтік-саяси оқиғалар бойынша қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалауға, түсінуге өзінің танымдық қызметтері арқылы көмектеседі. БАҚ азаматтарға түрлі ақпарат көздерінен алынған мәлімдемелерді дұрыс бағалауға және жүйелеуге, қарама-қайшы ақпараттар ағынында дұрыс бағдар алуға мүмкіндік береді. Әлеуметтендіру адамдардың әлеуметтік нормаларды, мәдени құндылықтарды және мінез-құлық үлгілерін меңгеруін білдіреді және қоғамдағы әлеуметтік шындыққа бейімделуіне мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы, түрлi iшкi және сыртқы мiндеттер мен саяси-экономикалық үдерістерді мақсатты түрде реттеп, шешiп отыруы, түрлі ұйымдармен арақатынасы, т.б күнделiктi ақпарат алмасуы БАҚ-тың коммуникативтiк қызметi арқылы жүзеге асады.

Қазіргі таңда БАҚ-тың жаңа жағдайда қалыптасуы мен жұмыс iстеуiне саяси-экономикалық, мәдени, әлеуметтiк, құқықтық негiздер ықпал етуде, оның бәрі үлкен ғылыми iзденiстердi қажет етедi. Қазақстан халқының алдында жаңа жағдай, жаңа құндылықтарды қалыптастыру, оларды қоғам өмiрiне енгiзу мiндетi тұр.

БАҚ таратқан ақпарат сенімді, дәл болуы міндетті. Өйткені, халық ең алдымен ақпарат құралдары таратқан хабарларға сенеді. Сондықтан, мәлімет алынған дерек көздері нақты көрсетіліп, сілтемелер жасалуы тиіс. Сілтеменің ресми, құзырлы орынға немесе қозғалып отырған мәселе бойынша жауапты, жан-жақты мағлұматы бар тұлғаға жасалғаны абзал. Жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.



Тапсырмалар:

    1. Мәтінді оқыңыз.

    2. Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.

    3. Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз не? Оның түрлерін атаңыз.

    4. БАҚ-тың ақпараттық және білімдік қызметі туралы не білесіз?

    5. Бүгінгі БАҚ-тың қоғамдық рөлі қандай?

    6. Ақпарат көздеріне сілтеме берілуі туралы пікіріңіз.

    7. Қазір ең беделді бұқаралық ақпарат құралы не деп ойлайсыз және неліктен?

    8. Сіз өзіңізге мәлім ақпаратты БАҚ-тың қай түрімен таратар едіңіз?

    9. Келесі сөз тіркестерінен бірнеше сөйлем құраңыз: ақпараттар ағыны, ақпарат көзі, ой түю, қоғамдық пікір, жалған ақпарат.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет