10 апта: Мерекелер


-апта: Қазақ тілі және өркениет



бет12/13
Дата10.05.2020
өлшемі312,1 Kb.
#66911
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
А2 деңгейі сабақ жоспары
А2 деңгейі сабақ жоспары
15-апта: Қазақ тілі және өркениет

1,2-сабақтар. Қазақ тілінің жаңа әліпбиі: Латын әліпбиі, жазу емлесі



Латын әліпбиі – өркениет жолы
Сөзі жоқ халықтың өзі де жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлы


Scientia potentia est.

(Білім – күш/Знание - сила)

Латын мақалы
Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, біздің заманымыздың бірінші ғасырында қалыптасты. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар.

1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латындандырылған жаңа әліпби – «біртұтас түркі алфавиті» енгізілді. 1940 жылдан «орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге» көшірілді.

Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Латын әліпбиіне көшу Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан кейін қолға алынды.

Латын әліпбиі бізге не береді? 1. Дүниежүзі халықтарының 80 пайызы латын әліпбиіне көшкен. Әлемдік өркениетке жол ашылады. 2. Латын тілі – жаңа технология тілі, ғаламтор тілі. 3. Бүгінгі күні әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Олардың 80 пайызы латын тілін қолданады. 4. 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жаздық. Сол кездегі ұлы тұлғаларымыздың шығармаларын оқи аламыз. 5. Қазіргі қазақ тіліндегі орфография мен орфоэпияның біраз мәселелеріне жауап табылады.


Тапсырмалар:


    1. Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Латын тілі қандай тіл?

- Бүгінгі күні латын тілі қайда қолданылады?

- Латын тіліне қандай елдер көшкен?

- Не себепті латын тіліне көшу мәселесі өзекті?

- Сіз латын тілін білесіз бе?

    1. Мәтінді тыңдаңыз.

    2. Мәтінді оқыңыз.

    3. Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.

    4. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  • Түркия латын тіліне 1928 жылы көшті, ал . . .

  • Латын тіліне көшу Қазақстан үшін маңызды, өйткені . . .

  • Жазу тілі қашан да маңызды, себебі . . .

    1. Латын әліпбиімен танысыңыз.

    2. Осы мәтінді латын әліпбиімен жазып көріңіз.

    3. Ғылыми терминдерді, ресми-іскери тілді еске түсіріңіз. Баспасөз беттерінен мысалдар жазып әкеліңіз.

    4. Латын әліпбиі туралы тың ақпараттарды қолдана отырып, әңгімелеңіз.

3-сабақ. Қазақ жазуының тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет