№10 дәріс Модуль Грамматика және оның салалары Дәрістің тақырыбы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі253,26 Kb.
#94063
  1   2   3
Байланысты:
10- Қазақ тіл білімі ғылымына кіріспе ¦ — копия




№10 - дәріс Модуль 3.
Грамматика және оның салалары 
 
1.Дәрістің тақырыбы: 
Грамматика, зерттеу нысаны, салалары. 
 
2.Дәрістің жоспары:
10.Тілдің грамматикалық құрылысы. Грамматикалық форма және 
грамматикалық категория
 
10.1. Грамматиканың негізгі бірліктері 
10.1.1. Морфема 
10.1.2. Сөз формасы 
10.1.3. Сөз тіркесі 
10.1.4. Сөйлем 
3.Дәрістің мақсаты: 
Студенттерге тілдің грамматикалық құрылысын, 
грамматикалық форма және грамматикалық категорияды, грамматиканың 
негізгі бірліктерін (морфема, сөз формасы, сөз тіркесі, сөйлем) меңгерту. 
4. Дәрістің мазмұны:
 
 
Морфема (грек. morphe форма) – тілдің негізгі бірлігі. М. – ең кіші 
таңба, яғни бұл бірліктің белгілі фонетикалық тұлғасы ретінде белгілі бір 
мағына береді. «М» термині мен түсінікті И. А. Бодуэн де Куртене түбір мен 
аффикс түсінігіне пара-пар деп ұсынған болатын. Бұл түсінік Прага 
лингвистикалық 
мектебінде, 
Л. 
Блумфельдтің 
және 
дескриптивті 
лингвистика өкілдерінің еңбектерінде де кездеседі. М. морфологияның 
негізгі бірлігі болғандықтан, фонема тәрізді абстрактылы инвариант ретінде 
қабылданады. Оның нақтылы түрі морф (алломорф). М . түсінігі екі аспектіде 
қарастырылады: онтологиялық (жалпы атау) және эпистемологиялық 
(формальды аналог). Сондықтан да, М. түсінігінің бірнеше анықтамасы 
болуы заңды. 
Аффикс (лат. Affixus – жалғанған) – морфологиялық деривация 
процесінде 
сөз 
түбіріне 
жалғанатын 
тілдің 
құрылыс 
элементі. 
Грамматикалық немесе сөзжасамдық мақсатпен түбірді өзгерту үшін 
жалғанатын көмекші морфема түбірге қарама-қарсы қойылады және оның 
грамматикалық немесе сөз-жасамдық мағынасын білдіреді. Түбір 
морфемаларға қарағанда, А. тізімін жасауға болады. Әр тілдің 
грамматикалық сипатында (морфологиясында) бір парадигмаға кіретін А. 
жүйесі (мыс: септеу түрлері) міндетті түрде көрсетіледі. 
Формальды және мағыналық сипатына қарай А. – тер тілдің дербес 
бірліктері деп қарастырылады. А) А. – тің фонологиялық бейнесі. А. 
көбінесе вокалды не консонантты дыбыстар жасалады, қысқа фонологиялық 
жүйені құрайды; ә) диривациялық процесте (агглютинация мен фузияның 
қайшылығы) А. құрамының өзгеруі не өзгермеуі (алломорфтағы) және 
олардың морфонологиялық өзгеруі; б) агглютинативті тілдерде А. – ның 



орын тәртібі қатаң сақталады; в) А. – тың жекеше немесе көпше мағына 
білдіруі, мағыналық синкретизмі және атқаратын нақтылы қызметі (мыс.: 
агглютинативті тілдерде А. бір мағыналы, ал флективті тілдерде А. көп 
мағыналы болады); г) А. – тың өзіне қатысты сөз таптарының түбірі мен 
негіздеріне түгелдей жалғана алу қабілеті.
Дүние жүзіндегі аффиксация (А. жалғану) морфологияның маңызды 
бөлігіне жатады. Кей тілдерде көбінесе, байланысу процесінде суффиксация 
не префикация пайдаланады. А. – тың түбірге жалғануына байланысты 
бірнеше түрін ажыратады: префикс – немесе приставка, түбір алдында 
тұрады; етістікке жалғанатын префикстер «преверб» деп аталады. Постфикст 
– кедей «прилеп» деп аталады: инфикс – түбірдің ортасында орналасады; 
интерфикс - екі түбірді жалғастыратын А. немесе түбір мен суффикс 
арасындағы А; транфикс – дауыссыз дыбыстардан тұратын түбірді 
бөлшектейтін дауысты А.; конфикс – немесе циркумфикс – қатар қызмет 
атқаратын префикс пен постфикстың комбинатциясы; конфиксты пайдалану 
парасинтез деп аталады, яғни сөзжасамда екі түрлі А. қолданылады: 
амбирфикс – түбірге әр түрлі жолмен семантикалық (идеографиялық) (мыс: 
«жуас»-«бағынышты»-«әлсіз») және объектіге әр түрлі баға беретін 
стилистикалық (мыс: «бет»-«жүз»-«сықпыт») болып бөлінеді. Сонымен 
қатар, семантикалық-стилистикалық С. екі кызметті де атқара алады, мыс: 
«жүру»-«сүйретілу» т.б. Құрылымы жағынан С. әр түрлі түбірлі («көзілдірік- 
көз әйнек») және бір түбірлі деп бөлінеді. Сөз тіркестері де С. болу мүмкін, 
мыс: «соғу»-«соққы беру», «қорқақ-су жүрек», «батыр- ер жүрек» т.б. 
Синонимия (грек, synonymia - бірдей аталу)- мағыналары толық не 
жартылай сәйкес келетін тіл бірліктерінің семантикалық қатынастар түрі. С. 
тілдегі 
лексикалық, 
фразиологиялық, 
грамматикалық, 
сөзжасамдық 
жүйелерге тән болады. Дүниенің сан түрлі қасиеттері С. арқылы тілде өз 
көрінісін табады. С. -ның лингвистикалық табиғаты тіл бірліктерінің 
семантикалық жақындығымен айқындалады және белгі мен мағынаның 
ассиметриясымен түсіндіріледі. С.-ның екі негізгі түрі бар: семантикалық 
(идеографиялық) және стилистикалық. Стилистикалық С. -заттың мағынасы 
бірдей, бірак әр түрлі стилистикалық сипаты бар сөздермен айқындалады. 
Атқаратын қызметіне байланысты С. тіл бірліктерінің бір-бірінің орнына 
қолдану қабілетін білдіреді. өзара алмасу (импликация) - синонимдерге тән 
қасиет: «Ол - тіл маманы» - «Ол - лингвист». Бір -бірінің орнын басу 
(замещение) синонимдердің ең маңызды қызметіне жатады, мыс; «тіл білімі» 
және «лингвистика». Сонымен қатар, нақтылау (уточнение)- болмыс 
құбылыстары мен заттардың әр түрлі белгілерін ашу үшін қажет. Бұл да 
синонимдер атқаратын маңызды қызметке жатады. 
Неологизмдер (грек, neos -жаңа және loqos- сөз) -тілде не тексте пайда 
болған жаңа сөздер, сөз тіркестері немесе сөздің жаңа мағынасы. Дамыған 
тілдерде бір жылғы газет, журнал беттерінде Н. саны ондаған мыңға жетеді. 
Н. 
морфологиялық, 
синтаксистік-морфологиялық, 
семантикалық-
морфологиялық тәсілдер арқылы жасалады. АҚШ, Франция, Жапон 



елдерінде неология орталықтары бар. Н. сөздіктері жарық көрген. Қазақ 
тілінде жаңа қолданыстағы сөздер мен Н. жақсы зертелу үстінде. Архаизм 
(грек, archaios - ежелгі) - Көнерген сөздер. 
Историзмдер - көнерген, ескірген ұғымды білдіретін сөз немесе сөз 
тіркесі. Мыс, сағы, кежеге, жыға т.б. И. тілдің пассив қорына жатады. 
Архаизмдерден ерекшелігі-қазіргі тілде синонимі болмайды. Ғылыми 
әдебиетте терминдік мағына беруде, ал көркем әдебиетте - тарихи колорит 
(бояу) жасау үшін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет