4
ауысып кетеді. Мыс, нидерланд, словак, түрік әдеби тілдері. Сонымен қатар,
әдеби тілдің екі түрі де болуы мүмкін ( мыс ., албан, армян, украин тілдері).
Әлеуметтік Д. - белгілі әлеуметтік топтардың тілі. мыс, лексикалық
ерекшеліктері бар кәсіби тілдер (аңшылар, балықшылар етікшілер т.с.с),
топтық немесе корпоративті жаргон мен сленг (оқушылар, студенттер,
спартсмендер, солдаттар т.с.с), құпия тіл, арго (азғындаған
элементердің,
саудагерлердің тілі т.б.). Тілдегі әлеуметтік ерекшелену мәселелерін
әлеуметтік лингвистика зерттейді.
М. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі, 1996 ж.; т.б. Сөздік - 1) лексика;
тілдің диалектінің, әлеуметтік топтың, жазушының т.б. сөздік қоры. 2)
Сөздердің (морфемаларды, сөз тіркестерді, идиомаларды) ретімен келтіріп,
оларға түсінік беретін анықтамалық кітап. Рухани мәдениетте С.-тің рөлі өте
зор, өйткені онда қоғамдағы білімнің барлығы өз көрінісін табады. С.
әлеуметтік қызметтерді атқарады:
ақпараттық, байланыс, нормативті т.б. С.
ерте замандарда пайда болған, оның негізгі түрі - түсіндірме С. Мазмұнына
байланысты: энциклопедиялық және бүкіл сөздерді қамтитын- тезаурустар
болды. Арнайы С-ке жататындар: этимологиялық, сөзжасамдық сөз
тіркестері,
грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, синонимдер,
антонимдер, омонимдер, паронимдер, фразеологиялық т.б. С. болды. С-тің
негізгі қызметі: тіл лексикасын бейнелеу және сөздерді түсіндіру.
Қазақ тілінің негізгі сөздіктері: М.Қашқари «Дивани луғат-әт түрк» (1069
ж.); Кодекс -Куманикус (қыпшақ тілі сөздігі (XIII ғ.); Терджуман
Туркий уа
ғараби (1245) (қыпшақ тілінде); Китабу ат- тухфати аз-занийя фил- лугати ат-
туркия (XIV ғ.); Скалон сөздігі, 1774 ж; Г.Клапрот французша -қазақша
сөздік, 1825 ж; Е.Букин Орысша-қазақша және қазақша -орысша сөздік, 1883
ж; Қазақша- орысша сөздік, 1897 ж; Ж.Көшербаев «Краткий русс.-киргиз.
Дорожник со словарем», 1906 ж.; Т.Бокин Қазақша- орысша сөздік, 1913 ж.;
Х.Махмудов, Ғ.Мүсабаев Казахско - русский словарь, 1954 ж.; Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі, 1-2 т., 1959-1961 жж.; Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1-
10т., 1974-1986 жж.; Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі, 1969, 1996 (1,2
тт.); Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, 1966; І.Кеңесбаев
Қазақ
тілінің фразеологиялық сөздігі, 1988 ж.; Оңдасынов Н. Парсыша- қазақша
түсіндірме сөздігі, 1974 ж.; Энциклопедиялық сөздік, 1-10 тт.; Сарыбаев Ш.
Қазақ тіл білімі, әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші; Серғалиев
Достарыңызбен бөлісу: