«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» Баспа №2 2015 ж ПӘнінің ОҚу- әдістемелік кешені



бет1/4
Дата10.06.2017
өлшемі0,72 Mb.
#18731
  1   2   3   4




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі

құжаты


ПОӘК

ПОӘК 042-18-28.1.16/03-2015


ПОӘК

Оқу-әдістемелік материалдар



«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»

Баспа №2

«__»____ 2015 ж









ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»

5В020500 - «Филология: қазақ тілі»

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ





Семей


2015
Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Тәжірибелік сабақтар

4 Курс жұмысы (жоба)

4 Білімалушылардың өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ

1.1 АЙМАҚТЫҚ ЛЕКСИКА (лат. аrea алаң, кеңістік) – белгілі бір территория я аймақта қолданылатын диалектілік я кәсіби-диалектілік сөздер.

1.2 АЛЛИТЕРАЦИЯ (лат. alliteratio әріп) – көркем шығармаларда, көбінесе өлеңде, тұрақты тіркестерде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың сөз басында қайталанып келуі. Мыс.: Жапалақ жалпылдайды жар басында.Жалғыз жалау жалтылдап (Абай). Сағы сыну, тақсіретін тарту, табанынан таусылу, тоқты-торым, жігіт-желең.

1.3 АЛЛОНИМ (ағыл. allonym) – адам аттарының, географиялық атаулардың т.б. жарыспа түрлері: Петербург – Петроград, Ибраһим – Абай, Садуақас – Сәкен.

1.4 АНАФОРА (грек. anaphora жоғары шығару) – айтылатын ойдың әсерлілігін арттыру үшін сөз басында қайталанып қолданылатын дыбыстардан, сөздер мен сөз тіркестерінен, синтаксистік құрылымдардан жасалған стилистикалық фигуралардың түрлері. А.-ның бірнеше түрі болады. Лексикалық анафора – белгілі бір сөз я сөздердің қайталанып отыруынан жасалады. Мыс.: Нефтіні білгің келе ме? Нефті жердің бұлағы, нефті жердің құнары (Т.Жароков). Біреуге жұртта қалған жасығымын. Біреуге аспандағы асылымын (Қ.Аманжолов). Синтаксистік А. – белгілі бір синтаксистік құрылымның қайталанып қолданылуынан жасалады. Мыс.: Көп болды Ақжайыққа бармағалы, көп болды кәусарынан қанбағалы (Қ.Мырзалиев). Фонетикалық А. Дыбыс я дыбыс тіркестерінің қайталанып отыруынан жасалады. Мыс.: Шық бермес Шығайбай. Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. А. эпифораға қарама-қарсы құбылыс.

1.5 АНТОНИМДЕР (грек. anti қарсы, onyma ат, атау) – бір-біріне қарама-қарсы мағынада қолданылатын сөздер. Мыс.: пайда-зиян, ыстық-суық.

1.6 АНТРОПОНИМ (грек. anthropos адам, onyma есім, ат) – адамдардың өзіне меншікті есімдері, аты-жөні, бүркеншік, жасырын, лақап аттары.

1.7 АНТРОПОНИМИКА (грек. anti қарсы, onyma ат, атау) – адамдардың өзіне меншікті есімдері, аты-жөні, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын зерттейтін ономастиканың тармағы.

1.8 АРГО (фран. argot) – адамдардың белгілі бір әлеуметтік және кәсіби шағын топтарына ғана түсінікті тіл. Мәселен, ұрылардың, саудагерлердің, оқушылардың, спортшылардың, әскердің, дәрігерлердің т.б. жасанды тілі.

1.9 АРХАИЗМ (грек. archaios көне, көнерген сөздер) – сөйлеу тілінде қолданудан шығып қалған, көнерген сөздер.Мыс.: әлік (қол), атой (шабул кезінде ұран тастау), Абайдағы мәліш (ұсақ сауда), ұшпадай, ақ шомшы, аршөпке.


1.10 ӘЛЕМНІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ орыс. языковая картина мира – адамның танымдық іс-әрекеті негізінде қалыптасып, концептуалды жіне тілдік үлгілер түрінде берілетін санадағы әлем, дүние туралы білімдер жиынтығы, яғни адамның әлем туралы жинақталған білімі мен танымының тілдегі бейнелік көрінісі.

1.11 БЕЙТАРАП СӨЗДЕР орыс.межстилевая лексика – стилистикалық синонимдері жоқ, әр түрлі стиль саласында қолданыла беретін сөздер: қағаз, қарындаш, жер, орман, су, бес, оқу, келу.

1.12 БИЛЛИНГВИЗМ (лат. bi екі, lingua тіл) – қостілділік, қоғамда (мемлекетте) белгілі әлеуметтік топтың екі тілде сөйлеуі.

1.13 БИХЕВИОРИЗМ (ағыл. Behaviour мінез-құлық, тәртіп) - тіл білімінде психологияның бір бағытына негізделген тілдің мәні мен қызметі туралы көзқарастар жүйесі. Сыртқы қоршаған орта мен адам мінез-құлқының байланысы бар болғандықтан, бихевиоризм теориясы туындайды. Б.-нің теориялық негізін салған Л.Блумфилд (АҚШ).

1.14 ВАРВАРИЗМ (грек. barbarous бөтен елдік) белгілі бір тілдің қалыптасқан нормаларына кіріспейтін, ондағы сөзжасам, сөз түрлендіру, сөз тіркестіру заңдылықтарына сәйкеспейтін бөтен тілдің сөздері мен сөз қолданыстары.

1.15 ВАРИАНТТЫЛЫҚ орыс. вариантность (лат. varians өзгеретін) – тілдің әр түрлі жағдайда қолданылуына және әлеуметтік, территориялық сипатына байланысты анықталатын түрлері мен өзгерістері. Оның мәні «вариант», «инвариант» ұғымдары арқылы ашылады.

1.16 ДЕНОТАТТЫҚ МАҒЫНА (лат. denotatum белгілеу, көрсету) – әр түрлі реңк тудыратын үстеме мағынадан тыс сөздің негізгі мағынасы. Мыс.: азамат сөзінің кәмелетке жеткен ер адам деген негізді мағынасы – денотаттық мағына.

1.17 ДИСФЕМИЗМ (лат. dis, грек. dus қарама-қарсылық не болымсыздық мағына тудыратын қосымша, phemi айтамын) ауыс мағынаның бір түрі. Қалыпты қолданылатын зат, құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту. Мыс.: бала деудің орнына жүгірмек, сөйлеме – былжырама.

1.18 ЖАСАНДЫ ТІЛДЕР – табиғи тілді қолдану мүмкін емес немесе сапасыз болатын жағдайларда қолданылатын таңбалар жүйесі. Оның түрлері - мамандырылмаған тілдер – халықаралық тілдер (эксперанто), мамандандырылған тілдер – ғылым тілінің символдық тілі (математика тілі, химия тілі) және бағдарлама жасау тілі т.б.

1.19 ЖЕСТ ТІЛІ (ым тілі) – кинетикалық (мимикалық) негізде жасалған коммуникативті жүйе.

1.20 ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ (лат. inter аралық, ferio соғу, тигізу) – қостілділік жағдайында тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, ықпалы.

1.21 КӨПТІЛДІЛІК (мультилингвизм, полилингвизм) – бір мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалануы. Бір адамның бірнеше тілде сөйлеуі.

1.22 ЛЕКСИКОГРАФИЯ - тілдегі барлық сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олардың теориясымен шұғылданатын тіл білімінің саласы.

1.23 ОМОНИМ – дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер.

1.24 ОНОМАСИОЛОГИЯ - номинация (атау) теориясы. Ономасиологиядағы зерттеу зат немесе құбылыстан осы зат не құбылыстан осы зат не құбылыс туралы ойға қарай бағытталады және оларды тіл құрамдары арқылы белгілейді.

1.25 ОНОМАСТИКА (грек. оnomastike (techne) атау өнері) - жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.

1.26 ОМОФОН - тілімізде айтылуы бірдей, бірақ жазылуында айырма бар сөздер.

1.27 ПОЛИСЕМИЯ – сөз негізгі мағынасынан басқа туынды мағыналарға ие болып, әр түрлі мағыналарда қолдануға икем болады. Әр түрлі мағынасы бар сөз полисемантизмді (көп мағыналы) сөз деп аталады.

1.28 СЕМИОТИКА (грек. semeion таңба, белгі) – хабарды сақтап, басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.

1.29 СИНОНИМ - дыбысталуы басқа-басқа, бірақ мағыналары бірдей сөздер.

1.30 СИНХРОНИЯ (грек. sync – hronos бір мезгілде болатын) – белгілі бір даму кезеңіндегі тілдің жағдайы.

1.31 СӨЗ – дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жинақты бейнесінің белгісі.

1.32 СУБСТРАТ (лат. sub. fстыңғы, және stratum - қабат) – белгілі лингвогеографиялық жерде ертеде болған тілден қалған көне элементтер.

1.33 Табу - (полин. tabu – тыйым сөз) – ескі әдетке, діни сенімге, ырымшылдыққа байланысты сөздерді айтуға тыйым салу.

1.34 ЭВФЕМИЗМ – кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылуы.

2 ДӘРІСТЕР

1 модуль. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттеу нысаны, салалары, зерттелуі. Сөз мағынасының дамуы.
№1 дәріс тақырыбы: Семасиологияның зерттеу нысаны. Сөз – лексикалық бірлік. Ұғым және сөз.Сөз және мағына.
1. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттеу нысаны, салалары, зерттелуі.

2. Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі — сөз. Сөздің анықтамасы.

2. Семасиологияның зерттеу нысаны.

3.Сөз- лексикалық бірлік. Ұғым және сөз. Сөз және мағына.


Лексика - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады. Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді. Лексикологияның енді бір саласы салыстырмалы лексикология. Бұдан басқа лексиканың фразеология, терминология, диалектология, лексикография, этимология, семасиология деп аталатын түрлері бар. Тілдегі жалқы есімдерді зерттейтін ономастика ғылымымен де лексикология өзара тығыз байланысты.Ол өз ішінде антропонимика және топонимика болып бөлінеді.

Қазақ тіл білімінің лексикологиясы саласы 1950 ж. зерттеле бастады. Бұл кезеңде лексикологияның жалпы мәселелеріне арналған Н.Сауранбаев, С.Аманжолов ,Ғ.Беғалиев, Ғ.Мұсабаев еңбектерінен басқа омонимдер туралы К.Аханов, синонимдер жайында Ә.Болғанбаевтың т.б. зерттеулері бар.

Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі — сөз. Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөз өзімізді қоршаған кең дүниедегі зат пен құбылыстың атауы болғандықтан, оларға тән телінді дербес өзіндік мағынасы болады.

Дәрісті қорытындылау:

1. Лексикология- тілдің лексикасын, сөздің құрамын зерттейтін ғылым .

2. Лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология, салыстырмалы лексикология болып бөлінеді.Бұдан басқа лексиканың фразеология, терминология, диалектология, лексикография, этимология, семасиология деп аталатын түрлері бар.

3. Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды.



Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі қазақ тілі лексикасының зерттеу объектісіне не жатады?

2. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының салалары қалай жіктеледі?

3. Сөз- лексикалық бірлік, ұғым және сөз, сөз және мағына бұлардың арасында қандай байланыс бар?



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.

  2. Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996

  3. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997

  4. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.

№2 дәріс тақырыбы: Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлері.


1.Сөз мағынасының түрлері және топтастырылуы.

2.Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары.

3. Сөздің негізгі мағынасы және тұрақты мағынасы.
Сөздердің беріп тұратын негізгі ұғымы лексикалық мағына, ал сөздердің сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына болып табылады. Лексикалық мағына - сөздерді бір бірінен ажырытып танудағы ең негізгі мағына,ол арқылы сөз жеке даралық қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына зат, құбылыс,әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. 1950ж. В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді:1) тура немесе номинативті мағына 2) фразеологиялық байлаулы мағына 3) синтаксистік шартты мағына.

Сөздің негізгі мағынасы - айтушы мен тыңдаушыға ортақ нақты заттық ұғымды білдіретін мағына. Сөздің нақты және абстракты мағынасы - Бір сөзге берілген түпкі атауы – нақты мағына болса, сол сөздің жалпылама ұғымды білдіруі абстракт мағына болып табылады. Бір сөздің уақыт өте келе әр қолданыс сапасына қарай, әр түрлі себептермен әр заттың не құбылыстың атауы болып жұмсалуы заттың контекстік мағынасы болады. Сөздің әуел баста берілген және нақ сол зат атауын білдіретін мағынасы – тура мағына болып табылады. Ал сөздердің негізгі мағынасынан дамып,соған ұқсатыла айтылатын, сәл ауытқи қолданылатын сөз мағынасы ауыс мағына.



Дәрісті қорытындылау:

1. Сөздердің беріп тұратын негізгі ұғымы лексикалық мағынасы.

2.Сөздердің сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағынасы.

3. Бір сөзге берілген түпкі атауы – нақты мағына болса, сол сөздің жалпылама ұғымды білдіруі абстракт мағына болып табылады.



6.76Бақылау сұрақтары:

1. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы дегеніміз не?

2.Сөздің негізгі мағынасы дегеніміз не? Тұрақты мағынасы дегеніміз не?

3.Сөздің нақты және абстракты мағынасы нені білдіреді?

4.Сөздің тура мағынасы, ауыспалы мағынасы дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997

  2. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.

  3. Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.

№3 дәріс тақырыбы: Сөздің көп мағыналылығы, лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер олардың пайда болу жолдары, түрлері.


1. Сөздің көп мағыналылығы.

2.Омонимдердің пайда болу жолдары, оның көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. Омонимдердің түрлері.



    1. 2.Синонимдер және олардың жасалу жолдары.

    2. 3.Антонимдер және антоним болатын сөз таптары.

Сөздік қордағы сөздер сан жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар – омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер. К.Аханов омонимдердің төрт түрлі пайда болу жолын көрсеткен. Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика – семантикалық тәсілі арқылы, сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшарап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде, сөздердің түбірлеріне омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы, кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады.Омонимдік қатарға енетін сөздердің түрлену жүйелерінің бір-біріне қаншалықты дәрежеде сәйкес келуіне қарай омонимдер лексикалық омонимдер, лексика-грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер деп аталады. Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады. Синонимдер сөз тудыру тәсілдері арқылы, кірме сөздер арқылы, әдеби тіл лексикасының диалект сөздердің есесінен толығу нәтижесінде, жеке сөздердің айрықша синонимі ретінде қолданылатын тұрақты сөз тіркестері арқылы, әдеби тілдегі сөздер мен термин сөздер мәндес келуі арқылы, тілде белгілі эвфемизм, дисфемизм, какофемизмдер басқа бір сөздермен немесе сөз тіркестерімен келуі арқылы, сөздің мағыналық жағынан дамуы, қосымша мағынаға ие болуы нәтижесінде синонимдер жасалады. Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер.



Дәрісті қорытындылау:

1. Сөздің көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз.

2. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер. 3. Мағыналары бір-біріне жақын мәндес сөздер синонимдер деп аталады.

4. Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.



Бақылау сұрақтары:

1.Омоним дегеніміз не, олардың пайда болу жолдары қандай?

2.Синонимдер дегеніміз не және олардың қандай жасалу жолдары бар?

3.Антонимдер дегеніміз не және антоним болатын сөз таптары қандай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,1997.

2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.

3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.


№4 дәріс тақырыбы: Лексикалық табу мен эвфемизмдер және дисфемизмдер.
1. Табу мен эвфемизмдердің жасалу жолдары

2.Эвфемизм, олардың пайда болу жолдары.

3.Дисфемизм құбылысы.
Табу, негізінен алғанда, этнографиялық ұғыммен байланысты. Мұнымен бірге оның тілге, тілдің тарихына да қатысы бар. Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады. Кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөркілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады. Эвфемизм - бір затты немесе құбылысты я болмаса бір уақиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы.

Дисфемизм құбылысы эвфемизмге қарама –қарсы құбылыс.Тілдегі әдепті сөздерді әдепсіз тұрпайы сөздермен ауыстырып айту құбылысын тіл білімінде дисфемизм деп атайды.



Дәрісті қорытындылау:

1. Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады.

2. Эвфемизм - бір затты немесе құбылысты сыпайылап айтып жеткізу амалы.

3. Тілдегі әдепті сөздерді әдепсіз тұрпайы сөздермен ауыстырып айту құбылысын тіл білімінде дисфемизм деп атайды.



Бақылау сұрақтары:

1. Табу, эвфемизм дегеніміз не?

2. Дисфемизм дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ахметов Ә.Қ. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. –А.,1995.

2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962

3. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.


2 модуль.

Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы.
№5дәріс тақырыбы: Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері.
1. Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы.

2.Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы.

3. Негізгі сөздік қоры. Негізгі сөздік қорға тән басты белгілер.
Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйтқысы. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорына, мысалы, мынадай сөздер енеді. 1. Табиғат құбылыстарының атаудары : жер, су, өзен, көл, тас, жел, ай, күн, және т.б. 2. Еңбек үдерісіне байланысты сөздер: егу, ору, жырту, кесу, пісіру және т.б. 3. Еңбек құралдарының аттары: орақ, күрек, айыр, біз, пышақ және т.б. Негізгі сөздік қордағы сөздер сол тілде сөйлеушілердің барлығына ортақ болуы тиіс. Негізгі сөздік қор талай замандар бойында өмір сүреді де , тұрақтылық қасиетімен сипатталады. Негізгі сөздік қор уақыт өткен сайын , әрине, өзгереді, бірақ оның өзгеруі, тілдің сөздік құрамына қарағанда, баяу болады.

Дәрісті қорытындылау:

1.Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды.

2. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. 3.Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың негізгі ұйтқысы.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тілінің сөздік құрамы дегеніміз не? Негізгі сөздік қор дегеніміз не?

2.Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамының шығу арналарына на жатады?

3.Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы туралы не білесің?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988

2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы:Санат, 1997

3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.


№6 дәріс тақырыбы: Сөздік құрамның тарихи арналары.
1. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары.

2.Қазақтың байырғы тума лексикасы, оның бірнеше қабаттан тұратыны.

3. Кірме сөздер, олардың бірнеше қабаттан тұратыны.
Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады. 1.Қазақтың байырғы тума лексикасы, оның бірнеше қабаттан тұратыны: а) жалпы түркілік сөздер, ә) қыпшақ тілдеріне ортақ сөздер, б) қазақтың тума төл сөздері. Кірме сөздер, олардың бірнеше қабаттан тұратыны: а) монғол тілінен ауысқан сөздер, сонымен бірге монғол, қазақ тілдеріне ортақ сөздер бар екені, оның тарихи себептеріне қысқаша шолу, ә) араб, парсы, тілдерінен кірген сөздер, олар-дың ену кезеңдері мен ауысу жолдарына қысқаша шолу. Араб, парсы, сөздерінен лексика-семантикалық топтары, тұлғалық және семантикалық өзгерістерге ұшырап отыруы, бірқатарының қазақ тіліне сіңісіп, игеріліп кету себептері, б) орыс тілінен және ол арқылы Еуропа тілдерінен енген сөздер, олардың ауысу кезеңдері, лексика-семантикалық топтары, тұлғалық өзгерістерге ұшырап отыруы. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары: байырғы тума сөздер негізінде, кірме сөздер сөздер негізінде іске асатыны.Сөздік құрамның тума сөздер негізінде дамуына сөзжасам тәсілдері қызмет ететіні (түбір сөзге жұрнақ жалғау, сөздердің біріктіру, қосарлау, тіркестіру, қысқартып қолдану, сөз мағынасын жаңарту).

Дәрісті қорытындылау:

1. Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму үстінде болады.

2. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары: байырғы тума сөздер негізінде, кірме сөздер сөздер негізінде іске асатыны.

3. Сөздік құрамның тума сөздер негізінде дамуына сөзжасам тәсілдері қызмет ететіні.



Бақылау сұрақтары:

1. Тілдің сөздік құрамына тән қасиетке не жатады?

2. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары қалай жүзеге асады?

3. Сөздік құрамның тума сөздер негізінде дамуына қандай сөзжасам тәсілдері қызмет етеді?



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.

  2. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997

  3. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.

№7 дәріс тақырыбы: Қазақ лексикасындағы кірме сөздер.


1.Кірме сөздер және олардың зерттелуі жайлы.

2. Араб-парсы тілдерінен кірген сөздер.

3.Моңғол тілінен ауысқан сөздер.

4.Орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер 5.Сөздердің тілден- тілге тікелей және жанама түрде ауысуы.


Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер, әрбір тілдің лексикасында бар. Сөздердің тілден тілге ауысуының тікелей ауысу және жанама түрде ауысу деп аталатын екі түрі болады. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің барлығы бірдей қазақ тілінің сөздік қорына енбегенімен,оның ішінде сөздік қордағы қазақтың тума сөзіндей ұзақ өмір сүріп,жаңа сөздер жасауға ұйытқы болған жасамыс байырғы сөздер көптеп табылады.Мысалы: аса,абырой, ар, дүние, аспан, пайда, бақыт, құдай т.б. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздерді төрт топқа бөлуге болады:

1.Тілге әбден сіңісіп, қазақтың төл сөзіндей жымдасып кеткен актив сөздер.Мысалы: нан, айна,сабын, шаруа, сынап, әл, қас, ас, зат.

2.Әлеуметтік өмірдің, шаруашылық пен өндірістің, түрлі мамандықтың белгілі бір саласында жұмсалатын терминдік сипаты бар арнаулы сөздер. Мысалы: нарық, емтихан, жәрдем, сабақ, мұғалім, арыз, дәрі, саясат.т.б.

Қазақ тіліне моңғол тілінен кірген сөздер негізінен әкімшілік,ел билеуге байланысты ұлыс,нөкер,жасақ,ноян т.б. Жер-су атауларына байланысты Тарбағатай, Қатонқарағай, Қорғалжын атаулары кездеседі.Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде ауысқан орыс сөздері баспасөз арқылы жазба тілге тарамаған көбінесе ауызша сөйлеу тілі арқылы енген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет