10 жалпы білім беретін орта мектебі кмм «Келісемін» «Бекітемін»



бет3/23
Дата06.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#75639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
4. Құқықтары:
Мұғалім мыналарға құқылы:
4.1. Мекеме жарғысында белгіленген тәртіпте басқаруға қатысу.
4.2. Кәсіби абырой, намысын қорғауға.
4.3. Өз жұмысына баға берілген арыз-шағымдармен, өзге де құжаттармен танысуға, оларға тиісінше түсінік беруге.
4.4. Мұғалім тарапынан кәсіби этика нормаларының бұзылуына байланысты тәртіптік тергеп-тексеру немесе қызметтік тексеру жағдайында өз мүддесін өзі және (немесе) өкілі, соның ішінде адвокат арқылы қорғауға.
4.5. Заңда қарастырылған кейбір жағдайларды қоспағанда, тәртіптік (қызметтік) тергеп-тексеру құпиялылығының сақталуына.
4.6. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін, оқу құралдары мен материалдарды, оқулықтарды, оқушылар білімін бағалау әдістерін еркін таңдауға.
4.7. Біліктілігін арттыруға.
4.8. Тиісті біліктілік категориясына ерікті түрде аттестатталуға және аттестациядан ойдағыдай өткен жағдайда оны иеленуге.
4.9. Оқушыларға сабақ пен үзіліс кездерінде сабақты ұйымдастыру мен тәртіп сақтауға қатысты міндетті тапсырмалар беруге, жарғысы мен оқушыларды ынталандыру және жазалау туралы ережелерде белгіленген жағдайлар мен реттерде оларды тәртіптік жазаға тартуға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет