10 жалпы білім беретін орта мектебі кмм «Келісемін» «Бекітемін»


Жалпы білім беретін мектептер, гимназия, лицейлердің әдістемелік бірлестігі жөніндегі ЕРЕЖЕ



бет6/23
Дата06.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#75639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Жалпы білім беретін мектептер, гимназия, лицейлердің әдістемелік бірлестігі жөніндегі ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ереже
1.1 ӘБ – бұл мұғалімдер бірлесігі, нақты оқу пәні, нақты сабақ немесе нақты тәрбие процесіне ыңғайына бағытталған жалпы әдістемелік ереже.
1.2 ӘБ – мектеп құрлымының бөлігі болып есептеледі, оқу- әдістемелік жұмыстарын іске асырады және оқу – тәрбие процестерін ұйымдастыруға байланысты проблемаларды шешеді.
1.3 ӘБ мақсаты- мұғалімдердің оқу -әдістемелік қызметін үйлесіреді.
1.4 ӘБ міндеті: -Мамандық бойынша білімді тереңдету.
- оқу бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету.
- мұғалімдердің іс –тәжірибесімен танысу.
- оқу - әдістемелік материалдарды дайындау.
1.5 ӘБ- сол пәндерді бақылайтын директордың орынбасарына бағынады.
1.6 ӘБ – құрамында 3 мұғалім болған жағдайда ұйымдастырыла береді.
1.7 ӘБ - өз қызметінде «Білім беру туралы» Заң, ҚР Конституциясы және басқа да ҚР Заң актілерін, ҚР Білім министрлігі, Қалалық білім басқармасының бұйрықтары, нұсқаулары, мемлекеттік оқу бағдарламалары мен осы ереже басшылыққа алынады.
1.8 ӘБ- директордың бұйрығы негізінде ұйымдастыралады және таратылады.
1.9 ӘБ – мектеп, гимназия, лицейлердің басқа да құрылымдық бөліктерімен ( кафедра, ҒӘК, лабораториялармен) жоғары оқу орындарымен Қалалық Білім басқармасы, ББҚАИ әдістемелік қызметімен өзара байланысты болады.
1.10 ӘБ – мектептің басқа да әдістемелік бірлестігі мен кафедралармен бірігіп байланыс жасайды.
1.11 ӘБ – отырысы бұл ӘБ кеңесетін ұйым.
1.12 ӘБ – педагогтардың әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыра алатын адамгершілік жоғары қасиеті бар, директордың бұйрығымен қойылған жетекші басқарады.

ІІ. Әдістемелік бірлестік жұмыстарының н егізгі бағыттары:



    1. Оқу тәрбие процесінің сапалық деңгейін көтеру шараларын дайындау және өткізу.

    2. Оқу мен тәрбиенің теориялық және практикалық сұрақтарын талдау.

    3. Тәжірибе алмасу, тәжірибені тарату.

    4. Анықталған тақырып бойынша мұғалімнің жұмысын және педагогтардың инновациялық қызметін ұйымдастыру.

    5. Жеке өз білімін жетілдіру жоспары, әдістемелік тақырыптағы жұмыс жоспарын талқылау.

    6. Әдістемелік және ғылыми әдебиеттер жаңалығымен танысу.

    7. Оқушылармен жұмыс тақырыбын дайындау.

ІІІ. ӘБ міндетті түрде талқыланатын сұрақтар:

    1. Кезекті оқу жылына арналған ӘБ жоспарын бекіту және оның орындалу барысын талқылау.

    2. Оқу процесін және оның тәрбиелік аспектісін ұйымдастыру.

    3. Жұмыс жоспары және оқу бағдарламасы, бақылау жұмысы мен сынақ кестесі, эмтихан билеттерін бекіту.

    4. ӘБ мүшелерінің өндірістік әдістемелік жұмысы жеке жоспардың орындалу барысы туралы есебін талқылау.

    5. ӘБ мүшелерін аттесстациялау. (әлеуметтік педагогикалық мінездемеге материалдар жинақтау, оны талқылау және аттесстациялық комиссияға ұсыныс жасау.)

    6. Әдістемелік жұмыстар мен мемлекеттік білім стандартының орындалу нәтижесін қорытындылау.

Ү. ӘБ құжаттар жинағы.
4.1 ӘБ жылдық, айлық жұмыс жоспары және талдауы.
4.2 Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе материалдарымен
танысу және жинақтап қорыту.
4.3 Оқу жоспарының әдістемелік және дидактикалық
қамтамасыздандырылуы.
4.4 Оқу жоспары және оқу бағдарламасы.
4.5 ӘБ туралы ереже.
4.6 ӘБ жетекшісінің құқықтары мен міндеттері.
4.7 ӘБ жетекшісінің жұмыс циклограммасы
4.8 ӘБ мұғалімдерінің сабақ кестесі.
4.9 ӘБ мүшелерінің тізімі
4.10 ӘБ отырыстарының хаттамасы
4.11 ӘБ мониторингісі (тест, диагностикалық карта, сызбалар,
кестелер, графиктер)

    1. ӘБ қызметінің әртүрлі проблемалары бойынша анықтамалар

    2. Бірлестіктің және ӘБ мүшелерінің жекелеме даму жоспарлары.

    3. Пәнаралық байланыс пен оқу материалдарын кіріктіруді ескеріп жасаған оқу бағдарламасының келісім беті.

Ү. Әдістемелік бірлестік ісінің тоқтатылуы


Егер оның қызметі жоғарыдағы ереже мақсаты мен міндетіне қойылатын талаптарға сай келмесе, ӘБ жойылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет