Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақтау қалалық білім басқармасы



Дата12.03.2018
өлшемі0,7 Mb.
#39039
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ГИМНАЗИЯ СЫНЫПТАРЫ БАР №28 ОРТА МЕКТЕП»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Секциясы: Медицина,валеология

Тақырыбы: «Арзан ойыншық-қымбат дерт»

Авторлары: Қанат Мерей Базарбайқызы

Алтынбекқызы Айкерім

3 сынып оқушылары

Ғылыми жетекшісі: Исагалиева Нургул Утеуовна

Музыка пәні мұғалімі,

Директордың иновациялық-бейінді

оқыту жөніндегі орынбасары

Ғылыми кеңесшісі: Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық

орталықтың зертхана меңгерушісі Н.Д.Дүйсенбаева

Ақтау қаласы-2014 жыл

МАЗМҰНЫ


  1. Аннотация..........................................................................................3

  2. Пікір....................................................................................................5

  3. Кіріспе................................................................................................7

  4. Негізгі бөлім

І. Қытай ойыншықтары Қазақстанда...............................................9

ІІ.Қытай ойыншықтарының құрамындағы

зиянды химиялық заттар.................................................................10

ІІІ.Отандық ойыншықтар зауытын ашу-өзекті мәселе..................11



  1. Қорытынды ........................................................................................12

  2. Ұсыныстар..........................................................................................13

  3. Қосымша беттер.................................................................................14

  4. Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................15.


Аннотация

Зерттеу мақсаты:

  • Қытайдан әкелініп жатырған ойыншықтардың жас ұрпақтың ағзасына тигізетін зиянын түсіндіру;

  • Ойыншықтардың құрамы туралы түсінік беру;

  • Зиянды ойыншықтар әсерінен балалардың зардап шекпеуін қамтамассыз ету;

  • Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды қосылыстардың мөлшерін анықтау;

  • Қазақстанда ойыншық индустриясын дамытудың қажеттілігін айқындау;

Өзектілігі:

Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы Қытайдан әкелінеді. Алайда, ата-ана ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенін біле бермейді. Соның салдарынан бала азап шегеді.

Сондықтан біз өз құрбыларымызды, ата-аналарды ойыншық таңдауда абай болуға шақыра отырып, қазақ елінің болашағы сәби денсаулығын қорғауда аз да болса өз үлесімізді қосқымыз келеді.

Қорытынды:

Ойыншықтар баланың мінез-құлқын, жас ерекшелігін ғана көрсетпейді, сонымен қатар болашақта жеке тұлға болып қалыптасуына психологиялық рөл атқаратындығы дәлелденді.



Ұсыныс:

  • Елімізге әкелінетін Қытай ойыншықтарының химиялық бактериологиялық сараптамалардан өткізілуін қатаң қадағалау;

  • Қазақстанда ойыншық шығаратын зауыттар ашу;

  • Қытайдан келетін құжаты жоқ ойыншықтарға тосқауыл қою жұмыстары күшейтілсе;

  • Бала дәрігерлері тарапынан ата-аналарға ойыншықтар, олардың құрамындағы улы заттар туралы үнемі ақыл-кеңес жүргізіліп отырса;

  • Зиянды ойыншықтар туралы телеарна, ақпарат беттерінен жарнамалар көрсетілсе;

  • Келешекте Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» жобасы сияқты, Отандық ойыншық өндіретін зауаттар ашылып, ойыншықтың бағасы барлық балалар сатып алатындай қол жетімді болса екен.

3

Аннотация

Цель иследование.

  • Объяснить вредное влияния игрушек произведенное В Китае на детский организм.

  • Дать пояснение о составе материала применяемые при изготовлении игрушек;

  • Обеспечить безопасность влияния игрушек произведенное В Китае на организм детей;

  • Определить уровень вредных веществ на китайских игрушек;

  • Обазначить необхадимость В Казахстане производство индустрии игрушек;

Актуальность.

В совершенном мире каждый родитель хочет доставить радость покупкой новых игрушек. Но к сожелению на приловках много продукции привезенные из Китая. Большинство родителей не подозревают, что эти игрушки опасны для здоровья детей. В полном счете страдают дети. Проведя данные иследования мы хотели внести маленький вклад в деле защиты здоровья детей Казахстана.



Итоги.

Давно доказана игрушки не только развивают детей, но занимают особую психологическую роль в становлении их личностей.



Рекомендации:

  • Поставить строгий контроль на основе химико-бактериологической анализе продукции привезенные из Китая;

  • Развивать Казахстанскую индустрию по производству игрушек;

  • Строго запретить завоз несертифицированные игрушки в Казахстан;

  • Усилить со стороны детских врачей пропаганду о вредном составе игрушек заведенных из Кития;

  • Усилить на телевидении рекламные ролике о вредном составе игрушек из Китая;

  • В будущем на примере проекта Кыдырали Болманова «Бал-бала» добиться, чтобы игрушки произведенные в Казахстане были доступны по цене любому ребенку Казахстана.

4

І.Кіріспе.

Ойын бала үшін — нағыз өмір.Ойын арқылы бала өмірге әзірленеді. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ал ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы. Бала ойыншықпен ойнай отырып, дүниетанымы қалыптасады. Қимылы дамиды. Қолдарымен, саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дамиды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Ертеректе, заманның қызылтаяң кезеңінде аталарымыз ағаштан жасалған әр түрлі жануарлармен, ал әжелеріміз малдың сүйегінен жасалған ойыншықтармен ойнаған.

Техниканың дамыған уақытында бір ойыншық жасау үшін бірнеше қала жұмылдырылады. Біреуі жұмсақ ойыншық жасаса, енді біреулері олардың дыбыс шығаратын динамиктерін жасайды, біреулері киімін тігеді, тағы бірі қосымша бөлшектерін жасайды. Қажетті шикізатпен, технологиямен толық жабдықталған. Әлем ойыншықтарының 95%-ы Қытайда құрастырылады.

Қазірде тәуелсіздігін алған Қазақстан ұрпақтары үшін ойыншық қол жетімді дүние. Қазіргі таңда, базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдас бермей, әп-сәтте «істен» шығады. Сондай-ақ Қытайдан жеткізілген қауіпті ойыншықтардың қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың бар екенін айтып, бүкіл әлем дабыл қағуда. Дабыл қағып қана қойған жоқ, оған қарсы шаралар қолданылып жатыр. Мәселен, бүгінде аспан асты елінде шығарылған ойыншықтардың Солтүстік Америка мен Австралияның дүкендерінде сатылуына тыйым салынған. Сол сияқты, Ресей Қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң, дайын өнімдерді кері қайтарып, тіпті осыған байланысты арнайы заң қабылдаған. Өкінішке қарай, басқаларға керексіз болып қалған осы ойыншықтар біздің елімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Қолда бар деректерге сүйенсек, сауда нүктелеріне шығатын ойыншықтардың 80-90 пайызы қытайдікі көрінеді.



7

ІІ.Негізгі бөлім.

1. Қытай ойыншықтары Қазақстанда

Қазақстанға қырық мемлекеттен ойыншық келеді. Олардың ішіндегі ең алпауыттары, былтырғы есеп бойынша, Америкадан – 74 млн, Қытайдан – 50 млн, Ресейден – 12 млн долларға ойыншық сатып алынады екен.. Қып-қызыл қаржы сыртқа сыңсып кетіп барады. Ал, ұсақтары қаншама. Осыншама қаржы шығарып сатылып алынған ойыншықтар қаншалықты сапалы, қаншалықты қауіпсіз, баланың дамуына, ақылды болып өсуіне қаншалықты пайдалы? Жауабықиынсұрақ.

Ата-анашіркін, шетелденағылыпжатқанойыншықтардыаларда сертификат сұрап, сапасынтексермейді, баласыныңсанасынеменластаныпжатқанынамәнбермейді. Кейінопынады. Қазір еліміздегі базар, дүкен сөрелерін қытай тауарларының жаулап алғанына біраз уақыт болды. Ол тек ойыншыққа ғана қатысты емес. Бұл елдің азық-түлігі, жеміс-жидегі, киім-кешегі де мемлекетімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Отандық мамандар қытайдың тек ойыншығы ғана емес, тамағы, тіпті балалардың киім-кешегіне дейін қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына кері әсерін тигізетін улы химиялық заттардың бар екенін айтып келеді. Әлемдік брендтердің өнімдерін «көшірумен» белсенді түрде айналысып отырған қытай кәсіпорындары ақшаға құныққандықтан, сапаға емес, санға мән береді. Сырт көзге сүп-сүйкімді көрінетін өнімдерге алданып, онда қандай қатер бұғып жатқанына мән бере бермейміз.

Қытай тауарлары тек Қазақстан нарығын ғана емес, бүкіл әлем елдерін жаулап алғаны аян. Бірақ та кейінгі жылдары Америка, Ресей елдері қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң ойыншықтарды кері қайтарып, тіпті, осыған байланысты арнайы заң қабылдаған болатын. Мәселен, жақында Ресейде «Балалар ойыншықтарын шығару және тарату өндірісінде бақылау мен қадағалау тиімділігін арттыру туралы» жаңа заң қабылданып, күшіне енді. Яғни, бұл құжат бойынша ойыншықтар нарығындағы қауіпсіздік ережелерін нығайтуға күш салынады. Қытайдан келетін тауардың, соның ішінде ойыншықтардың бәрі қауіпті деп айта алмаймын. Қытай ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі — зауытта жасалып, елімізге ресми түрде әкелініп, тексеруден өтіп, сапасы жөнінде сертификаты бар тауар.

8

Олар негізінен жүк түрінде әкелініп, сертификация органына зерттеуге жіберіледі. Бұл ойыншықтардың құжаты болғандықтан кез-келген дүкенге қиындықсыз алады. Ал заңсыз әкелінген ойыншықтардың сапасы жайлы сертификаты болмағандықтан, оларды ешқандай дүкен алмайды. Сондықтан ондай тауарлар базарда сатылады. Ал әрбір өнімнің сапасы, қауіпсіздігі жайлы сертификаты не болмаса санитарлық қорытындысы болуы қажет. Бірақ та қара базардағы өнімдерде ондай сертификат болмайды. Арзан болғасын сапасы да нашар. Әрбір ойыншықта маркасы, шығарған зауыт аты, ел коды, мекенжайы туралы ақпарат болу керек. Ал базардағы ойыншықтарда ондай құжат жоқ.



2. Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды

химиялық заттар

Ересектер балаларға жылтыраған қытай ойыншықтарын әперуге құштар. Бірақ та оның негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан жасалынатындықтан баланың миын зақымдап, көру қабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан көп жағдайда хабарсыз.

Енді белгілі деректерге сүйенсек, осыдан екі жыл бұрын америкалық «Mattel» компаниясы өздерінің Қытайда жасатқан 18 миллионға жуық ойыншығын дүкен сөрелерінен сыпырып алып тастады. Себебіне келсек, америкалық кәсіпорынның тапсырысын орындаған қытайлық «Dong Lian» және «Yip Sing» компаниялары ойыншықтар өндірісінде құрамына белгіленген мөлшерден бірнеше есе көп мырыш бар бояуларды қосып, пайдаланғаны анықталды. Міне сондықтан да «Mattel» компаниясы әлемдік деңгейдегі шуға қалып, Таяу Шығыс пен Африкаға жөнелтілген тауарларын кері қайтарып, тұтынушыларға өтемақы төлеп, құтылған. Ал мырыш әсіресе нәрестелер үшін аса қауіпті. Яғни, ағзаға түскен мырыш миды зақымдап, сәбиді мүгедек қылады. Ал кішкентай бүлдіршіндердің кез келген затты ауызға салып, иіскеуге құштар екендігі ешкімге де жасырын емес. Осылай зиянды, улы заттар бала ағзасына түсіп, түрлі ауруға ұшыратады. Қытайдан келген ойыншықтар құрамындағы формальдегид әдеттегіден 10-15 есе көп екен. Сонымен қатар қытайлық ойыншықтар құрамында аса зиянды улы зат — фенолдың көрсеткіші де бірнеше есе көп екендігі және шығатын дыбыстардың талаптан асып түсетіні де белгілі болды. Тіпті нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың келешекте баланы керең, саңырау қылатыны да анықталып отыр. Жұмсақ резеңке ойыншықтарын бояйтын заттар құрамындағы кадмий мен қорғасын мөлшері де қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен.Ал

9

осындағы фенолды алайық. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы №201 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіп­сіздігіне қойылатын талаптар» тех­ни­ка­лық регламентінде фенолдың мөлшері 0,05-тен аспауы керек деп нақты көр­сетілген. Формальдегид 0,003-тен ар­тық болмауы тиіс. Кадмий қаулы-қарармен бе­кітілген тізімде атымен жоқ. Өйткені ол – жоғары улы металл, батарейкаға пай­да­ла­нылады. Алайда тізімде болмаса да, ол ойыншықтардың құрамында бар. Фор­маль­дегид те жетісіп тұрған жоқ, өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады. Бірақ сөйте тұра, осындай улы заттардың жиын­ты­ғы­мен сәбилер күнде ойнайды. Дәрігерлер сәбилер арасында бұл күнде әртүрлі ал­лергия ауруының да күрт көбейіп отыр­ғанын жасырмайды. Оның бір себебін қытайлық ойыншықтардан іздесек, адас­пай­мыз.



Қытай ойыншық өндірісі қауым­дас­ты­ғы­ның дерегіне қарағанда, онда 30 мыңға жуық әртүрлі ойыншық шығарылады. Қазіргі таңда балаларға арналған Қытай экспортын, негізінен, Орталық Азия елдері мен АҚШ және Еуроодаққа кіретін мем­ле­кеттер тұтынатын болып отыр. Еуроодақ елдері Қытайға қатаң талап қойған. Онда олар қытайлық өндірушілер ойын­шық­тар­дың қауіпсіздігіне назар аударуы тиіс деген талапты ұстаныпты. Ал біз ше? Біздің ұстанғанымыз қандай? Қытайдың айтулы фирма-компаниялары емес, коопе­ра­тив­те­рі шығарған ойыншықтарының сырт кел­беті, сықпытының өзі бала түгіл, үлкен адамды шошытқандай. Басы үлкен, көзі дәу. Аяқ-қолы мен денесінің пропорциясы сақталмаған мүгедек, жарымжан ойын­шық­тар.

Мұндай улы ойыншықтар баланы тек қана аллергиялық ауруға ұшыратып қоймайды, онымен қоса асқазан, ішек дерттеріне де ұшыратады екен.



3. Отандық ойыншықтар зауытын ашу — өзекті мәселе.

Еліміздегі базарлар мен дүкен сөрелерін арзан әрі сапасыз ойыншықтардың жаулап алуының нәтижесінде омыртқасы қисық, керең, иіс сезу мүшесі әлсіз ауру буын өсіп келеді. Әрине, жас балғын сәби мына әлемді ойыншық арқылы таниды. Осы жансыз бейнемен сырласады. Қазіргі уақытта еліміздің нарығындағы киетін киім-кешек те, күнделікті тұтынатын тағам, сусындарымыздың, тіпті балалар ойнайтын ойыншықтардың өзі шетелден әкелінеді. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда ойыншық өндіретін отандық зауыт ашқанның өзінде көп ұзамай ол өзін ақтай алмай жабылып қалады. Қытайдан ағылған арзан ойыншықтар отандық өнімді дамытуға мүмкіндік бермейді. Ал балалардың күнделікті құшақтап, тіпті бірге ұйықтайтын серігі — ойыншықтың берер тәрбиесі де зор. Балалардың ертегілерді ұйып тыңдайтыны

10

белгілі. Ондай болса, қазақ ертегілерінің желісімен Алдар көсе, Тазша бала, батырлар тәрізді ұлттық кейіпкерлер бейнесінде ойыншықтар жасалса, бұл бала үшін баға жетпес сый болар еді. Әрине, бұл — отандық кәсіпкерлерге қатысты мәселе. Тек қалтасын толтырумен ғана айналыспай, жас ұрпақтың дені сау да, ақылды, өз елінің патриот азаматы болып өсуі үшін қамқорлық көрсетіп, ойыншықтар өндірісін қолға алуға болады емес пе?



Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау депар­таменті маман­дарының мәліметіне жүгінсек, өткен жылы сау­да орындарында токсикологиялық зерттеуге алынған ойыншықтардың көпшілігі талапқа сай келмей, сауда айналымынан шығарылды. Ойыншықтардың құрамындағы формальдегид қосындысы мен толуол сұйықтығы мөлшерден артық.

Ойыншық баланың тек ермегі ғана емес. Әрбір ата-ана өз бала­сына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аябайтыны белгілі. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, бала­сына оның түр-түрін әперуден ата-ана әсте  тартынып қалмайды. Өкінішке орай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қы­тайдан әкелінеді. Алайда, ата-ана ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына зияны бары­нан хабарсыз бол­ғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екен­ді­гі­не бас ауыртпайды.Шындығына кел­генде, сол балалардың ойыншықтарының барлығы да – шетелдің мульт­фильм, ертегілері­нің кейіпкерлері. Міне, мұнда да өзге елдің идеологиясы жүруде деген сөз. Онсыз да телеэкрандарымызды шетелдің мультфильмдері жаулап алып, сәбилеріміз өзге елдің идеологиясымен өсіп жатқаны аздай, олардың күнделікті қолынан тастамайтын ойыншықтары да Қытайдікі. Себе­бі, аспанасты елі бір ғана ойыншық экспортының өзінен жылына қыруар қаржы тауып отыр. Әрі кең-байтақ жері бар қазақ елінің ұрпағы, келешекте­ мемлекеттің тұтқасын ұстайтын бүгінгі кішкентай жеткіншектердің әлжуаз да ауру болып, жат елдің боданында өсуі үшін әдейі жасалып жатқа­н қитұрқы саясат болуы әбден мүмкін.

Базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығы ересектердің де жанарын өзіне еріксіз аудартады. Бірақ бүгінгі тауар сатылымындағы ойыншықтар тек батыстық үлгіде шығарылған. Бүлдіршінде­ріміздің ойыншықтары – шетелдің мултьфильмдері мен киноларының кейіпкерлері. Егер қазақ ертегі-аңыздарындағы ұлттық кейіпкерлер бейнесінде ойыншықтар жасалса, бұл бала

11

үшін баға жетпес сый болар еді. Елімізге белгілі әнші, продюсер Қы­дыр­әлі Болмановтың «Бал Бала» жобасымен бүлдір­шіндер үшін ұсынылған қазақша ән айтып, би билей­тін ойыншықтар шығарып жүргеніне көп уақыт болды. Бұл – ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын жақсы бастама. Алайда, ол ойыншық­тардың бағасының қымбаттығы көп ата-ананың қалтасына салмақ түсі­ретінін де жасыра ал­маймыз.



Қорытынды

Осы күні қазақ баласы ойнап жүрген қытай ойыншықтарының қауіп-қатерге толы екені ақиқат. Көбінде ата-ана баласына бір сәттік қуаныш сыйлау үшін оның сапасының сын көтермейтінін біле тұра, мән бермейді. Әрине, дүкендердегі бағасы шарықтаған ойыншықтарды сәбиіне алып беруге бәрінің қалтасы көтере бермейді. Дегенмен де баланың қауіпсіздігі үшін қара базардағы қаптаған арзан ойыншықтардан гөрі, дүкендерден сертификаты бар ойыншықтарды алған жөн. Осы мәселелерді қолға алып, сырттан келетін ойыншықтың сапасына тиісті орындар үшін қатаң қадағаланатын мәселе. Өйткені ойыншық – ұлттық қауіпсіздіктің басты мәселесі. Ойыншық мәселесіне жеңіл-желпі қарауға болмайды. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілеті артады, сол арқылы өмірге бейімделеді. Сондықтан ұлт боламын деген, ұрпағын ойлаған ел балалар ойыншығына, әсіресе, сырттан әкелінетін ойыншықтың сапасына, зиянсыздығына ерекше көңіл бөлуге, қатердің алдын алуға міндетті.


Қазақтың баласы тамырынан қол үзіп қалмасын десек, ұлттық нақыштағы, бүлдіршіндерді қызықтыра білетін, бір көргенде елітіп әкететін ойыншықтарды, мультфильмдерді түсіру керек. Өскелең ұрпақтың қоғамның толыққанды, парасатты тұлға болып қалыптасуына оның қолындағы ойыншықтары мен көгілдір экранның тигізетін әсері мол. Ойыншықтар баланың мінез-құлқын, жас ерекшелігін ғана көрсетпейді, сонымен қатар болашақта жеке тұлға болып қалыптасуына психологиялық рөл атқаратындығы дәлелденді.

12

Ұсыныс:

  • Елімізге әкелінетін Қытай ойыншықтарының химиялық бактериологиялық сараптамалардан өткізілуін қатаң қадағалау;

  • Қазақстанда ойыншық шығаратын зауыттар ашу;

  • Қытайдан келетін құжаты жоқ ойыншықтарға тосқауыл қою жұмыстары күшейтілсе;

  • Бала дәрігерлері тарапынан ата-аналарға ойыншықтар, олардың құрамындағы улы заттар туралы үнемі ақыл-кеңес жүргізіліп отырса;

  • Зиянды ойыншықтар туралы телеарна, ақпарат беттерінен жарнамалар көрсетілсе;

  • Келешекте Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» жобасы сияқты, Отандық ойыншық өндіретін зауыттар ашылып, ойыншықтың бағасы барлық балалар сатып алатындай қол жетімді болса екен.


13

Қосымша

Белгілі әнші, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Қ.Болмановтың «Бал-Бала» жобасы бойынша жасалған ұлттық нақыштағы ойыншықтары.









Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ол кім, бұл не?

2. Қытайдың зиянды ойыншықтарына қашан тосқауыл қойылады? - Ж. Сүлейменов АСТАНА.

3. «Арзан ойыншық – қымбат дерт» Автор: Сандуғаш Әлімжанова

4. «Сапасыз ойыншықтар бала болашағын бұлыңғырлатады» мақала 14.09 2013

5. Балаларды арбаған «Сиқыр ойыншықтар» оның денсаулыққа зияны қандай? Мақала 04.2012

6. «Қуыршақтарды күлімдетіп, сәбилерді сергелдеңге түсірген қайран Қытай» мақала 29 шілде, 2011

7. «4 миллион баламыз Қытай тауарына телміріп отыр»Автор: Жанар Келменбетова, Қарағанды

14

Гимназия сыныптары бар №28 орта мектептің 3 сынып оқушылары



Қанат Мерей мен Алтынбекқызы Айкерімнің «Арзан ойыншық-қымбат дерт» тақырыбындағы ғылыми жобасына

ПІКІРІ

Талапкерлер Қанат Мерей мен Алтынбекқызы Айкерімнің ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отырған Қытай ойыншықтарының зияны туралы таңдалған.

Әрбір ата-ана өз бала­сына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аябайтыны белгілі. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, бала­сына оның түр-түрін әперуден ата-ана әсте  тартынып қалмайды. Өкінішке орай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қы­тайдан әкелінеді.

Алайда, ата-ана ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына зияны бары­нан хабарсыз бол­ғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екен­ді­гі­не мән бере бермейді.Дегенмен де, баланың қауіпсіздігі үшін қара базардағы қаптаған арзан ойыншықтардан гөрі, дүкендерден сертификаты бар ойыншықтарды алу керек екендігі туралы мәселелерді қозғап, сырттан келетін ойыншықтың сапасына тиісті орындар үшін қатаң қадағау жұмыстарының күшейтілу керек екенін, әсіресе, сырттан әкелінетін ойыншықтың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу, қатердің алдын алу туралы ақпараттар талқыланған.

Жұмыстың тілі жатық, баяндауы анық, жүйелі баяндалған. Ғылыми жоба авторлары ойыншықтар туралы әр түрлі деректермен танысып, оларды талдап, талқылап жинастырған. Болашақта осы жұмыстарын жалғастыра береді деп сенемін.

Оқушыларды көп ізденуге, зерделенуге тәрбиеледім.


Гимназия сыныптары бар №28

орта мектептің музыка пәні мұғалімі: Н.У.Исагалиева






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет