Әдістемелік бірлестіктің міндеттері:
|
ӘБ мектептің құрылымдық бөлімі ретінде белгіленген міндеттерді шешу үшін құрылады:
|
Іс –тәжірибесі жеткіліксіз жас мамандарға тәлімгер тағайындау және оның жұмысын ұйымдастыру:
|
Пәндер бойынша оқушылар арасында білім сайыстарын, байқаулар, кештер өткізу. Олардың ережелерін жасап, өткен шараларға талдау жасау:
| |
Озық технологияларды зерттеу, тиімдісін мұғалімдердің күнделікті қолданысына енгізу:
|
|
Бастауыш сынып бірлестігіндегі 2009-2010 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстарға сараптама:
«Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сатысынлағы оқу пәндері бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарт негізінде, білім мазмұнының құрлымы мен құрамының нормалары және оларға қойылатын талаптарды, білім мазмұнының мемлекеттік минимумы мен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды меңгертуді» - бастауыш сынып ұстаздарының алдына қойған басты мақсаты. Осы мақсатқа сәйкес нақты міндеттерді шешу қолға алынған. Оқу жылының басынан 7 ұстаз және 2 тәрбиеші жұмыс атқарып келді.
Олардың жоғары санаттысы – 1 (Баймаханова Р)
Бірінші санаттысы - 5 (Баймұқанова Қ. Ыбыраева Б. Нұрмағанбет Ж
Машкеева Ш Бахтиярова А)
Екінші санаттысы – 2 (Мұсаханова А Саумалбаева Ә)
Алдыңғы 2008-09 оқу жылы бойынша кеткен кемшіліктерді жою шаралары жасалынып, пән мұғалімдерінің жұмыс жоспары құрылды. Бірлестік отырысында үнемі қаралып, назарда ұсталды. Мұғалімдердің кәсіби, әдістемелік шеберліктерін, теориялық білімін жетілдіру бағытындағы жұмыстар жыл басындағы бекітілген жоспарға сәйкес асырылды. Әсіресе, әдістемелік журналдар мен басылым беттеріне іс -тәжірибе тарату мен білім жетілдіру курстарынан өту, мектепішілік шараларға қатынасу деңгейі жоғары. Оқушылардың білімділік, икемділік, дағдылық, іскерлік сапасын көтеру мақсатында шаралар өтілді. Әр шараға нақты бекітілген мұғалімдер басшылық етіп, өз деңгейінде өткізе білді. Әр сыныппен жұмыс істеу барысында ұстаздар қауымы өздерінің «өзекті» мәселелері төңірегінде жұмыс жасады. Осы оқу жылында бастауыш сынып мұғалімі, әрі мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу –тәрбие жөнінен орынбасары Баймаханова Р.И «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Бастауыш саты бойынша Баймұқанова Қ пен Баймаханова Р аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен шыққан «Білім беру саласындағы үздіктер» кітабына енді. Осы оқу жылының басында 12-22.09.09 күндері аралығында «Ана тілім азығым, адастырмас қазығым» атты мектепішілік онкүндікке жоспарлы түрде қатысып, 3-4 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен, атап айтсам «Арналы бұлақ – асыл сөз» 1001 мақал, 101 жұмбақ түрінде 3 сынып (Сынып мұғ: Машкеева Ш) «Ана тілі - сөздің пірі» сөзмергені 4 «ә» сыныбы (Сынып мұғ: Нұрмағанбет Ж) «Туған тілім –тірлігімнің айғағы» ертеңгілігі 4 «а» сыныбында (сынып мұғ: Бахтиярова А) және 4 сынып оқушылары үшін «Тіл және тәуелсіздік» атты шығармалар байқауы өткізіліп, қорытындысымен таныстырылып, марапатталды. 23-28.10.09 күндері аралығында гуманитарлық пәндерден «Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде қолдану» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Әзірлемелер алдын - ала таныстырылып, жинақталды. Бірлестік отырысында әдістемелік апталықтың барысы талқыланып, «Үздік сабақ» анықталды. Сабақ талдаудың баллдық өлшемі енгізіліп, ұстаздардың деңгейі мониторингіге түсірілді. 4 «ә» сыныбында өткізілген «Қыстырма сөз» (с/м: Нұрмағанбет Ж) 2 «а» сыныбындағы «Туған тілім» (с/м: Баймұқанова Қ) және 1 «а» сыныбындағы «Гг дыбысы мен әрпі» (с/м: Баймаханова Р) «Үздік сабақ» деп танылды. «Математика» пәнінен жоғары сыныптармен бірлесе отырып, мазмұнды сыныптан тыс шаралар өткізілді. 3 сыныпта «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сынып мұғалімі: Машкеева Ш және 4 сыныптар арасында «Интеллектуалды олимпиада»
сынып мұғалімдері: Нұрмағанбет Ж пен Бахтиярова А Нәтижесі талапқа сай талданып, оқушылар марапатталды. 1-4 сыныптар арасында мектепішілік ҒПК ұйымдастырылып, нәтижесінде 5 оқушының жұмысы облыстық байқауға жолдама алып, олжалы оралды:
Достарыңызбен бөлісу: |