10)Өндірістік улардың жіктелуі
Өнеркәсіптерде қолданылатын химиялық заттардың басым бөлігі организмге зиянды әсерлерін тигізеді. Жұмыс кезінде ауаға бөліну арқылы немесе жұмыс сәтінде тікелей жанасудың барысында бұл заттар адам денсаулығына, өміріне белгілі бір қауіптер туғызады. Химиялық заттардың организмге тигізетін бұл жағымсыз әсерлері уытты қасиеттер деп аталып, ал осындай қасиеттері бар өнеркәсіптерде қолданылатын немесе өндірілетін заттар өнеркәсіптік улар деген атқа ие болады.
Зиянды заттардың бөліну көздері мен себептері. Зиянды заттар өнеркәсіптерде пайдаланатын шикізат материалдары, алынатын өнімі, қосымша немесе аралық өнімдері болып табылады. Олар 3 түрлі күйде болады: қатты, сұйық және газ тәріздес.
Өнеркәсіптік улардың жіктелуі. Токсикометрияның маңызды параметрі химиялық қоспаның уыттылығы. Улар жайындағы анықтамалардың тарихы Н.С. Правдиннің «Өнеркәсіптік токсикология оқулығында» көрсетілген. Онда Орфил, Левик, Торкенштейн анықтамалары берілген. Мысалы: «У»- аз ғана мөлшерде тірі организмдермен жанаса, денсаулығын бұзып, өмірді қиятын зат (Орфил, ХІХғ. басы). Жедел улану удың организмге қысқа уақыт (бір ауысымда) арасында айтарлықтай көп мөлшерде әсер ету салдарынан болады. Бұл уланулардың клиникалық симптомдары өте айқын байқалады. Қазіргі уақытта жедел уланулар өте сирек кездеседі.
Созылмалы улану удың организмге аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт аралығында (көбінесе жұмыс аймағындағы ауадағы ШРЕК сәл мағынаға алуынан) әсер етуінен болады.
11) Химиялық заттардың адам ағзасына ену жолдары
.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.
Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында – ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін.Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді.
12)Организмдегі химиялық заттардың өзгеруі
Улы әсер ететін заттардың, ағзада айналымда болуы, басқа түрге айналуы және ағзадан бөлініп шығуы улардың ағзада өтетін құбылыстарының жиынтығын көрсетеді және улануды жою үрдісінің
токсикокинетикасын, яғни заттардың ағза арқылы өту кинетикасын (динамикасын) анықтайды.
Химиялық заттардың улылық дәрежесі оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Улылық дәрежесі (токсичность) – заттың өмір сүрумен үйлесімсіздігінің өлшемі, орташа өлімге келтіретін дозаның (LD50) немесе концентрацияның (LD50) мәніне кері шама. Удың орташа өлімге келтіретін дозасы (немесе концентрациясы) –әсер еткеннен кейін белгілі бір мерзім ішінде бақылауда болғанда, тәжірибе жүргізілген жануарлардың стандартты тобының 50%-ын өлімге әкелетін удың мөлшері. Улылық дәрежесінің эффектісі, ағза түрінің биологиялық ерекшеліктеріне, жынысына, жасына және жеке сезімталдығына; удың құрылымына және физикохимиялық қасиеттеріне; ағзаға түскен заттың мөлшеріне; сыртқы ортаның факторларына (температура, атмосфералық қысым және басқалары) байланысты.