10. Семиотиканың құрылымындағы бөлімдерге тоқталыңыз!



бет4/5
Дата21.10.2022
өлшемі182,18 Kb.
#154258
1   2   3   4   5
Байланысты:
срсп 10-15
ЖОСПАР
Қолданбалы мәдениеттану практикалық мәселелерді шешу, сондай-ақ мәдени процестерді болжау, жобалау және реттеу үшін мәдениет туралы іргелі білімді пайдаланады.
Мәдени зерттеулердің теориялық және эмпирикалық деңгейлері органикалық өзара байланысты және бір-бірін болжайды. Эмпирикалық зерттеулер теориялық қорытуға материал береді және теориялық тұжырымдаманың ақиқаттылығы мен тиімділігін тексеру критерийі болып табылады. Теория эмпирикалық деректерді қисынды түрде біріктіріп, оларға мағыналық түсініктеме, түсінік береді.
13.Эдуард Тайлордың мәдениеттану ғылымындағы орны.
ТАЙЛОР Эдуард Бернетт (1832 – 1917) – ағылшын этнографы, антрополог]] ғалым. Тайлордың көзқарастары Канттың эволюциялық теориясының ықпалымен қалыптасты. Ол мәдениет тарихын ілгерілемелі даму процесі ретінде қарастырып, мәдениеттің даму барысында құрал-жабдықтар, өнер салалары, діни наным-сенім түрлері – бәрі де жетілдірілу үстінде болады деп білді. Тайлор өзінің мәдениет тарихын, діннің бастауларын зерттеген шығармаларымен белгілі. Ол мәдени эволюционизм позициясын ұстанды, яғни мәдениеттің дамуы ілгеріге ұмтылу, өткеннен асып түсу, бұрынғыны жетілдіру деп түсіндірді. Мәдениет прогресі бүкіл дүние жүзі халықтарының (олардың әрқайсысының қандай даму сатысында тұрғандығына қарамастан) әкелген үлесіне тікелей байланысты. Оның айтуы бойынша “мәдениет туралы ғылым – реформалар туралы ғылым”. Мәдени реформалар көбіне діни наным-сенімдер мен табынушылық түрлерін жетілдіруден, күрделі де өнімді еңбек құралдарының пайда болуынан, жаңа өнер түрлерінің көбеюінен көрінеді. Осы орайда Тайлор көне наным-сенім түрлерін, анимизмді жете зерттеді. Ол діннің негізін адамның психикасынан, рационалды қызметіне

14.Герберт Спенсердің мәдениет туралы концепциясы
Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) - ағылшын философы, әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушынардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. 
Спенсердің басты еңбегі — "Синтетикалық философия" жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қамтьщы: "Негізгі бастамалар" (1862, болмыстың алғашқы принциптері туралы кітап), "Биологияның негіздемелері" (1864 - 1867), "Психология негіздемелері" (1879 - 1893), "Әлеуметтану негіздемелері (3 томдык, 1876 — 1896). Баска да аса маңызды әлеуметтану еңбектері — "Әлеуметтік статика" (1850) және "Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде" (1873). 
Оның әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч.Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.
1) қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
2) әлеуметтік эволюция идеясы.
Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Ол қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал организмнің бөліктері мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің , игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты. Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкелді. Олар: 1) Қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу болды.
Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың алты тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала , СПБ, 1897; Основание социологий, СПБ1906 г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет