10-сынып Алгебра және анализ бастамалары



бет1/4
Дата11.11.2022
өлшемі58,46 Kb.
#157783
  1   2   3   4
Байланысты:
10 КТЖ алгебра 4сағат 2022


Түсінік хат
10-сынып Алгебра және анализ бастамалары
2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алынып және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669;
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496с бұйрық) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424;
– «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы;
– ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүргізілді. Атап айтқанда, төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарлары дербес таңдап алынды.
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Сондай-ақ, ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқып-білуге қажетті математикалық білім мен білік негіздерін игеру қоршаған ортаның біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.
«Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнін оқыту мақсаты:

  • қазіргі замандағы қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту;

  • практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.

Үлгілік оқу бағдарламаларының түрлеріне қарай жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары», пәнінің базалық білім мазмұны мен оқыту мақсаттарының жүйелеріне тоқталайық.

  1. Үлгілік оқу бағдарламаларына (төмендетілген оқу жүктемесімен) сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 10-сыныпта «Алгебра және анализ бастамалары» пәнін оқытуға аптасына 3 сағат бөлінген. Осыған байланысты жаңартылған мазмұнның үлгілік оқу бағдарламаларында берілген келесі бөлімдер мен бөлімшелер қысқартылды:

«Функция, оның қасиеттері және графигі» бөлімінен «Бөлшек-сызықты функция»;
«Кері тригонометриялық функциялар» бөлімінен «Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер»;
«Туынды» бөлімінен «Кері тригонометриялық функциялардың туындылары»;
«Туындының қолданылуы» бөлімінен «Функция графигінің иілу нүктелері, функция графигінің дөңестігі»;
«Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бөлімінен «Үлкен сандар заңы»;
«Ықтималдық» бөлімінен «Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы (натурал көрсеткішті)», «Толық ықтималдық формуласы және Байес формуласы», «Бернулли формуласы және оның салдарлары», «Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері»;
«Көпмүшелер» бөлімі;
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 14-5-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді және бөлімді екі кезеңде өткізуге болады.


Үлгілік оқу бағдарламасына (жаңартылған мазмұн) сәйкес жаратылыстану-математикалық бағытта оқытылатын 10-сынып «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаулар саны.

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқс



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет