10-сынып Жаратылыстану-математикалық бағыт Қазақ тілі бжб №2 ІІ тоқсан бойынша қазақ тілі пәнінен «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті»



бет2/5
Дата26.12.2023
өлшемі85,89 Kb.
#199464
1   2   3   4   5
Байланысты:
№ 2 БЖБ 10 ЖМБ қазақ тілі ІІ тқсан[1]

Қандай экономикалық
аймақтар бар?

Бұл экономикалық аймақтар қандай мақсатта жұмыс жүргізіп жатыр?










Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) — экономика салаларының және аймақтардың қарқынды дамуы үшін құрылады. Инвестиция, заманауи технологияларды тарту, бәсекеге қабілетті өндірістерді құру мақсатын көздейді.
Экономикалық аймақтар:

  • «Астана — жаңа қала» АЭА Қазақстанда ашылған ең алғашқы арнайы экономикалық аймақ.

  • «Павлодар» АЭА. 2011 жылғы 29 қарашада Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймағында құрылды. Қазіргі таңда мұнда 10 кәсіпорын ашылған, тағы 4 жоба жүзеге асырылуда.

  • «Сарыарқа» АЭА. 2011 жылдың 24 қарашасында Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Доски ауылында «Сарыарқа» АЭА құру шешімі қабылданды.

  • «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА. Алматы облысы, Панфилов ауданындағы «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА жалпы ауданы 4 591,5 га құрайды. Үш негізгі аймақты қамтиды – логистикалық, өнеркәсіптік, сондай-ақ «құрғақ порт» көліктік-логистикалық кешені. Ол 2011 жылдан бастап — 2035 жылға дейін жұмыс істейді.

  • «Оңтүстік» АЭА текстиль. Жеңіл, химия, мұнай-химия өнеркәсіптері бойынша жобаларды іске асыруға бағытталған «Оңтүстік» АЭА 2005 жылдың 6 шілдесінен бастап құрылды.

  • «Ақтау теңіз порты» АЭА. 2002 жылдың 26 сәуірінде Президенттің Жарлығымен «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Құрудағы басты мақсат: қолайлы инвестициялық климатты құру және экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;

  • «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА. ҚР Президенті 2007 жылдың 19 желтоқсанында жалпы ауданы 3475,9 га құрайтын «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА құру туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа АЭА Атырау облысында бой көтерді.

Арнайы экономикалық аймақ құру өндірісті ынталандырып, тауарларды ішкі нарықтарға шығаруға жол ашады, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құрады.
Соның нәтижесінде Қазақстандағы қазіргі жоғары өнімді, бәсекеге қабілетті өндірістер қарқынды дамып, қосымша инвестициялар тартылады және жаңа технологиялар енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет