Қандай экономикалық
аймақтар бар?
|
Бұл экономикалық аймақтар қандай мақсатта жұмыс жүргізіп жатыр?
|
|
|
|
Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) — экономика салаларының және аймақтардың қарқынды дамуы үшін құрылады. Инвестиция, заманауи технологияларды тарту, бәсекеге қабілетті өндірістерді құру мақсатын көздейді.
Экономикалық аймақтар:
«Астана — жаңа қала» АЭА Қазақстанда ашылған ең алғашқы арнайы экономикалық аймақ.
«Павлодар» АЭА. 2011 жылғы 29 қарашада Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймағында құрылды. Қазіргі таңда мұнда 10 кәсіпорын ашылған, тағы 4 жоба жүзеге асырылуда.
«Сарыарқа» АЭА. 2011 жылдың 24 қарашасында Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Доски ауылында «Сарыарқа» АЭА құру шешімі қабылданды.
«Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА. Алматы облысы, Панфилов ауданындағы «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА жалпы ауданы 4 591,5 га құрайды. Үш негізгі аймақты қамтиды – логистикалық, өнеркәсіптік, сондай-ақ «құрғақ порт» көліктік-логистикалық кешені. Ол 2011 жылдан бастап — 2035 жылға дейін жұмыс істейді.
«Оңтүстік» АЭА текстиль. Жеңіл, химия, мұнай-химия өнеркәсіптері бойынша жобаларды іске асыруға бағытталған «Оңтүстік» АЭА 2005 жылдың 6 шілдесінен бастап құрылды.
«Ақтау теңіз порты» АЭА. 2002 жылдың 26 сәуірінде Президенттің Жарлығымен «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Құрудағы басты мақсат: қолайлы инвестициялық климатты құру және экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА. ҚР Президенті 2007 жылдың 19 желтоқсанында жалпы ауданы 3475,9 га құрайтын «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА құру туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа АЭА Атырау облысында бой көтерді.
Арнайы экономикалық аймақ құру өндірісті ынталандырып, тауарларды ішкі нарықтарға шығаруға жол ашады, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құрады.
Соның нәтижесінде Қазақстандағы қазіргі жоғары өнімді, бәсекеге қабілетті өндірістер қарқынды дамып, қосымша инвестициялар тартылады және жаңа технологиялар енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |