10 сынып «Молекулалық- кинетикалық теория негiздерi» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаттары 10.3.1.1 -Температура мен молекулалардың ілгерілемелі
қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының
байланысын сипаттау
10.3.1.2 -Идеал газ моделін сипаттау
10.3.1.3 -МКТ-ның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану
10.3.2.1 -Идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы:
МКТ негізгі теңдеуін түрлендіреді.
Идеал газға анықтама береді.
Ыдыс қабырғасына түсіретін қысымды анықтайды.
МКТ теңдеуін қолданады .
Идеал газ күйінің теңдеуін есептейді .
Ойлау дағдыларыныңҚолдану
деңгейлері Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
А) Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын тұжырымдаңыз.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
[1]
В) Идеал газға анықтама беріңіз
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
[1]
С) Молекуланың массасы 3 есе артса, ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы қалай
өзгереді? [1]
2. Егер 6 кг газ молекуласы 200 кПа қысымда 5 м3 көлемді алса, газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығын табыңыз. [1]
Азоттың орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с, ал оның тығыздығы 1,35 кг/м3 болса, қысымы қандай ? [1]
4. Идеал газдың ішкі энергиясы қандай физикалық параметрлерге тәуелді:
А) Массасына В) Температурасына С) Қысымына [1]
5. Егер оттегінің қысымы 0,2 МПа, ал молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы 700 м/с –қа тең болса, оттегі молекулаларының концентрациясын табыңыз [2]
6. Сәйкестендіріңіз: