1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Өлең - сөздің патшасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді
ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен
айшықтау амалдарының қызметін талдау
Бағалау критерийіБілім алушы
Көтерілген мәселелердің ұлттық мүддесін
ажыратады
Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау
амалдарының қызметін түсіндіреді
Ойлау дағдыларыныңҚолдану
деңгейі Орындау уақыты 20-25 минут
Тапсырма А.Құнанбаевтың «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» өлеңінде көтерілген 2 ұлттық мәселені анықтап, дәлелдер келтіріңіз. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Өлең жолдарындағы автордың образ жасауда қолданған көркемдегіш құралдарын анықтаңыз, қолданысын түсіндіріп, өз ойыңызды білдіріңіз.
Естілер де ісіне қуанбай жүр,
«Ел азды» деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер
Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр.
_____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________