Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезені.
2. Диктант жазуға даярлану.
3. Мәтінді түсініп оқу.
Қайың.
Қайың туралы ән мен жыр да, суреттер көп. Қайың сымбатты ағаш. Ағаш жерлерде қайың кейде жеке-дара да өседі, дегенмен көп ретте орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы – ғажап сурет.
Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері сырға тәріздес болып келеді. Қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде, қыркүйек туады.
Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмектер әзірлейді. Бұтақтарынан сыпырғыш, қабығынан саңырауқұлақ пен жеміс-жидектер теретін себет тоқиды. Қайыңнан фанер дайындап, үй жиһазын жасайды.
(99 сөз)
4.Сөздік жұмыс. Саңырауқұлақ, жиһазын.
5. Тексерілетін ережелер: Үндестік заңы, жіктік, тәуелдік, септік жалғаулар емлесін, қос, біріккен сөздер, құрмалас сөйлем емлесін еске алып дұрыс қолдануын тексеру.
6. Диктантты таза, қатесіз жазу.
7. Диктант жазу, тексеру, тапсыру.
10-сынып
Қазақ тілі
Мерзімі
Сабақ тақырыбы: Диктант «Мамандық»
Сабақтың мақсаты: Септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларды естеріне түсіртіп, оқушыларды орфографиялық тұрғыдан сауатты жазуға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар дұрыс сауатты жазып, талдау түрлерін естеріне түсіреді.
Диктант.
Мамандық
Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне де қарай таңдап алады. Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу.
Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды.Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады.
Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, журналист болу үшін оқу керек. содан кейін мұғалімге тапсырады.
100 с.
10 - сынып.
Достарыңызбен бөлісу: |