10 сынып. Тақырыбы: Диктант «Әл-Фараби»



бет3/3
Дата02.12.2023
өлшемі18,56 Kb.
#194668
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Қазақ тілінен Диктант жинағы (10-сынып)

Тақырыбы: Диктант «Ұлы ғарышкер».
Мақсаты:
Мәтінмен танысып, мағынасын түсініп, диктант жазу.
Оқушылардың жазу деңгейін тексеру.
Ұқыптылыққа, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың түрі: бақылау.
Сабақтың барысы.
І. Ұыйымдастыру кезені.
ІІ. Диктант жазуға даярлану.
1Мәтінді түсініп оқу.
Диктант.
Ұлы ғарышкер.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысында туған. Ол еңбек жолын он бес жасында Теміртау қаласында токарь болып істеуден бастап, сонымен бірге кешкі мектепте оқыған.
1969 жылы Армавир жоғары әскери-әуе училищесін бітірген соң, әскері-әуе күштерінде қызмет атқарады. Тоқтар Әубәкіров – сынақшы-ұшқыш. 1979 жылы Тоқтар Мәскеу әуе институтын бітірген болатын. 1991 жылы жаттығуға кірісіп, «Союз ТМ» және «Мир» орбиталық кемесінде халықаралық «Кеңес-Австрия» экипажының ғарышкер зерттеушісі ретінде ұшу үшін дайындықтан өтеді.
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа 1991 жылы қазан айында ұшты.
85 сөз
2.Сөздік жұмыс. Тоқтар Әубәкіров, «Союз ТМ» және «Мир», «Кеңес-Австрия»
3. Тексерілетін ережелер: Үндестік заңы, жіктік, тәуелдік, септік жалғаулар, жалқы есімдер емлесін, қос сөздердің емлесін еске алып дұрыс қолдануын тексеру.
4. Диктантты таза, қатесіз жазу.
ІІІ. Диктант жазу, тексеру, тапсыру.

10-сынып. Диктант.
Сандар әлеміне саяхат.
Мақсаты: Мәтінмен танысып, мағынасын түсініп, диктант жазу.
Оқушылардың жазу деңгейін тексеру.
Ұқыптылыққа, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың түрі: бақылау.
Сабақтың барысы.
1 Ұыйымдастыру кезені.
2. Диктант жазуға даярлану.
3. Мәтінді түсініп оқу.
Сандар әлеміне саяхат.
Математикадағы сандық ұғымдар – ел өмірі экономикасының көрсеткіші. Онда адам өмірінің қай саласы болмасын санмен өлшенеді. Сансыз ойынды жеткізу мүмкін емес. Математика деген сөзді қолдансақ, шексіз сандар жүйесі көз алдымызға елестейді.
Сандар қызметінің жиі қолданылуына ғалымдар ерекше мән берген. Сондай киелі сандар қатарына екі, үш, бес, жеті, тоғыз, он екі, қырық сандарын жатқызған.
Өсіп-өнген әр халық жалғыздыққа жаны ашып, екеу болғанды аңсайды. Міне, екі санының баламасы егіз, жұп деген мәнді берген. Адамдар әр санды өз дене мүшелерінен алған сияқты. Мысалы, көз, құлақ, қол, аяқ екі жұптан тұрса, құс қанаты, мүйіз, түйенің өркеші да жұптан тұратынын байқаған.
90 сөз.
4.Сөздік жұмыс: қолданылуына, мүйіз, түйенің
5. Тексерілетін ережелер: Үндестік заңы, жіктік, тәуелдік, септік жалғаулар, жалқы есімдер емлесін, қос сөздердің емлесін еске алып дұрыс қолдануын тексеру.
6. Диктантты таза, қатесіз жазу.
7. . Диктант жазу, тексеру, тапсыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет