10-сыныпқа Химия пәнінен мектеп компонентіне арналған жылдық жоспар. Тақырыбы: «Жұмбақталған химиялық есептер»



бет1/4
Дата04.08.2017
өлшемі0,72 Mb.
#22689
  1   2   3   4
10-сыныпқа Химия пәнінен мектеп компонентіне арналған жылдық жоспар.

Тақырыбы: «Жұмбақталған химиялық есептер»

11 сыныптың жаратылыстану- математика бағытына арналған бағдарлама.

Түсінік хат. (11 сынып. Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат).

Химиялық білім жаратылыстанудың өзегі ретінде, «адам-зат» күрделі қатынасына, одан әрі үңілсек, «зат- материал- практикалық іс- әрекет» қатынасын айқындайды. Жаратылыс туралы ілгері ұғымдар химияның нақты материалдары арқылы көрнекі сипат алып, ақыл- ой мен зердені дамытуға жол ашады. Мектептегі химиялық білімнің қолданбалы аспектісі де аса маңызды. Әрбір түлекке қай салада еңбек етсе де, химияға тікелей қатынасы жоқ болса да, күнделікті өмірінде химиялық білімнің белгілі мөлшері қажет. Химиялық білім адамды экологиялық сауатты, өзіне де, өзгеге де қауіпсіз іс- әрекетке дағдылануды көздейді. Бұл бағдарламада бейорганикалық және органикалық заттардың физикалық және химиялық қасиеттері бойынша жұмбақталған химиялық есептердің шешу әдістері, шешу үлгілері, оқушылардың өз бетімен шығаруына арналған топтамасы және химия олимпиадаларына дайындалуға арналған есептерді шешуге негізделген. Бағдарлама негізінен химиялық және физикалық қасиеттеріне сүйене отырып, жұмбақталған есептерді шешудің үлгілерімен таныса отырып шешуге жұмыстану. Курс- мектеп оқушыларына келешектегі оқу бағытын таңдап алуға көмек көрсетуші құрал болып табылады. «Жұмбақталған химия есептері» курсы аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағатқа енгізілген. Сонымен қатар бұл курстың зерттеушілік те рөлі бар. Сабақтың кейбір бөлігі оқушылар орындайтын практикалық жұмыстар.



Мақсаты:

Химия пәнін оқытуда практикалық іс-әрекет арқылы жағымды мотивация қалыптастыру, оқушылардың шығармашыл қабілеттерін дамыту, жоғары сынып­тарда жаратылыстану – математикалық бағытты таңдауға дайындау, әр оқушыға өздігінен жеке, дара есептер шығаруға мүмкіндік беру болып табылады. Оқу бары­сында оқушылар келесі нақты біліктерге ие болады.

а) Заттардың физикалық, химиялық қасиеттерін зерттеу және бақылау:

б) Бақылаулардың нәтижелерін түсіндіре білу:

в) Қажетті құралдар, химиялық ыдыстар және реактивтерді таңдай білу:

г) Қорытынды шығара білу:

д) Эксперименттің нәтижелерін талқылап, сұхбаттасу.

Міндеті:

Теория мен практиканың өзара байланысуына көз жеткізу;

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Жаңа ақпараттық технология әдістерін (интерактивті тақта, электрондық

видиофильм, интерактивті технология) қолдану арқылы білімдерін тереңдету;

- Оқушылардың болашақта мамандық таңдауына ой салып, әсер ету. Қорытынды.



Күтілетін нәтижелер.

1.Оқытудың жоспарланған нәтижесін саралап оқыту ұстанымы арқылы дамыту.

2.Болашақта теориялық алған білімдерін практикада қолдана білу.

3.Курсты оқытуда мамандық таңдауына ой салып, әсер ету.

4.Оқушылардың пәнге қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыратын қызықты тәжірибелер, практикалық жұмыстар ұйымдастыру арқылы қалыптастыру.

5.Білімді шығармашыл жолмен меңгерту дағдыларына тәрбиелеу.

6.Оқушыларға ғылыми, логикалық және шығармашыл ойларды үйрету.

7.Теориялық білімнің сапасын анықтау мақсатында, оқытудың жоспарланған нәтижесін деңгейлік тапсырмалар, тест жұмыстары, есептер шығару арқылы тексеріп, сараптама жасау. Оқыту мен тәрбие берудің мақсаттарын ұстамдарын меңгеру және өз бетімен оқу білім алуы арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол нәтиже сапалы болса:

1. Білім сапасын аттырады.

2.Білімдік деңгейін арттырады.

3.Өз бетімен білім алады.

4.Өз деңгейі арқылы нәтижеге жетеді.

5.Білу қабілетін арттырады.

6.Олимпиадаға қатысады.

7.Курстан алған білімдерімен сайыстарға қатысады.

Осыдан барып дамыған жеке тұлға қалыптасады. Болашақ ұрпақ ұлтжанды, білімді болса ғана тәуелсіз мемлекеттің тірегіне айналары сөзсіз. Сондықтан ұлттық санасы оянған мәдениетті, ойлау дәрежесі биік азаматтарды оқыту және тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті десек, оқушыларға жүйелі білім, сапалы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, қолданбалы курстар бағдарламасын үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.



Қолданбалы курстың тақырыптық жоспары.


р/с

Өтілетін тақырыптар

Сағат

саны

Өтілетін

күні




Химиялық алғашқы ұғымдар- 6сағат







1

Физикалық және химиялық құбылыстар

1




2

Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса

1




3

Химиялық формулалар бойынша есептер

1




4

Валенттілік

1




5

Зат массасының сақталуы

1




6

Химиялық реакция типтері










Химиядағы мөлшерлік қатынастар-4сағат







7

Зат мөлшері. Моль

1




8

Авогадро заңы

1




9

Газдың салыстырмалы тығыздығын есептеу

1




10

Термохимиялық есептеулер

1







Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары-5сағат







11

Оксидтер

1




12

Қышқылдар

1




13

Негіздер

1




14

Тұздар

1




15

Бейорганикалық қосылыстар расындағы генетикалық байланыстар

1







Химиялық реакциялардың негізгі заңдылықтары-2 сағат







16

Химиялық реакциялар жылдамдығы

1




17

Химиялық тепе-теңдік

1







Электролиттік диссоциация теориясы-4сағат







18

Электролиттік диссоциация теориясы

1




19

Негіздердің, тұздардың, қышқылдардың диссоциациялануы

1




20

Ион алмасу реакциялары

1




21

Тұздар гидролизі

1







Тотығу-тотықсыздану реакциялары-4сағат







22

Тотығу дәрежесі

1




23

Жай заттардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі.

1




24

Күрделі заттар арасындағы реакциялар

1




25

Молекула ішіндегі т-т реакциялары

1







Атом құрылысы-3сағат







26

Электрондық қабықтардың құрылысы

1




27

Атом ядросының құрамы

1




28

Химиялық байланыс түрлері

1







Металдар-3сағат







29

Электролиз

1




30

Сілтілік металдар

1




31

Металлургия

1







Бейметалдар-2сағат







32

Азот және фосфор

1




33

Көміртегі мен кремний

1







Қорытынды -1сағат







34

Қорытынды сабақ

1




Бағдарлама мазмұны



І. Химиялық алғашқы ұғымдар- 6сағат

Физикалық және химиялық құбылыстар. Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса. Химиялық формулалар бойынша есептер. Валенттілік. Зат массасының сақталуы. Химиялық реакция типтері.



ІІ. Химиядағы мөлшерлік қатынастар-4сағат

Зат мөлшері. Моль. Авогадро заңы. Газдың салыстырмалы тығыздығын есептеу. Термохимиялық есептеулер.

ІІІ. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары-5сағат

Оксидтер. Қышқылдар. Негіздер. Тұздар. Бейорганикалық қосылыстар расындағы генетикалық байланыстар.



ІҮ. Химиялық реакциялардың негізгі заңдылықтары-2 сағат

Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік.



Ү. Электролиттік диссоциация теориясы-4сағат.

Электролиттік диссоциация теориясы. Негіздердің, тұздардың, қышқылдардың диссоциациялануы. Ион алмасу реакциялары. Тұздар гидролизі.



ҮІ. Тотығу-тотықсыздану реакциялары-4сағат.

Тотығу дәрежесі. Жай заттардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі. Күрделі заттар арасындағы реакциялар. Молекула ішіндегі т-т реакциялары.



ҮІІ. Атом құрылысы-3сағат

Электрондық қабықтардың құрылысы. Атом ядросының құрамы. Химиялық байланыс түрлері.



ҮІІІ. Металдар-3сағат.

Электролиз. Сілтілік металдар. Металлургия.



ІХ. Бейметалдар-2сағат

Азот және фосфор. Көміртегі мен кремний



Қорытынды -1сағат

Қорытынды сабақ.

10-сынып Мектеп құраушысы Химия

Cабақтың тақырыбы:Физикалық, химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялар.

           Сабақтың мақсаты: 

         Білімділік: Оқушылардың химия ғылымы туралы түсініктерін

одан әрі жалғастыру, физикалық, химиялық реакцияларға түсініктерберу.

         Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетугебаулу,ізденіске жетелеу.                                       

         Тәрбиелік:Ғылым құштарлыққа тәрбиелеу.                                    

         Сабақтыңкөрнекілігі: зертханалыққұралдар, көрсетілім.         Сабақтыңпәнаралық байланысы:  Физика   

         Сабақтыңәдісі: тәжірибе көрсету, сұрақ –жауап.                 

Сабақтыңбарысы:І. Ұйымдастырубөлімі.

                                              ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

                                              ІІІ. Бекіту.

                                              ІV. Үйге  тапсырма

            V.  Бағалау.

         І.Оқушылардың оқу құралдарын тексеру, түгелдеу, сабаққа назарын аудару.          ІІ.1. Физикалық құбылыстар дегеніміз не? Мысал келтір.

                2. Химиялық құбылыстар дегенімізне? Мысал келтір.

         Сендертабиғатта денелер мен заттардың әртүрлі өзгерістерге ұшырайтынын байқапжүрсіңдер. Ондай өзгерістерді ғылымда құбылыстардейді. Құбылыстардың екі түрі бар: физикалық және химиялық.

         Судың бір күйден екінші күйге ауысуынсипаттайық: сұйық күйдегі су қызғанда буға айналып газ күйіне ауысады, ал онысуытқанда мұзға айналып, қатты күйге көшеді. Осы құбылыстарды судың денеретіндегі агрегаттық күйі ғана өзгеріске ұшырайды, ал зат ретіндегі табиғатыөзгеріссіз қалады. Судың булануы немесе қатуы физикалық құбылысқа жатады

         Химиялық құбылысқа мысал ретінде үйдәріханасында кездесетін калий перманганаты деп аталатын (тұрмыста оны«марганцовка» деп атайды) химиялық заттың қыздырғандағы өзгеруін алайық. Қаракүлгін түсті кристалдарды сынауыққа салып, спиртшамның жалынына ұстағанда,қызудың әсерінен ыдырап, алғашқыда жасыл, кейіннен қара түсті ұнтаққа айналады.Бұлармен қоса ауаның құрамында болатын газ күйіндегі оттек болады. Оттек газыжануды қуатты қолдайтындықтан, сынауықтың аузына жақындатқанда шоқтанғантаяқтың ұшы жарық шығарып жана бастайды. Тәжірибеден байқағанымыз: химиялыққатты зат – калий перманганаты ыдырап, түсі өзгеріп, жаңа жасыл және қара түстізаттарға әрі оттек газына айналады.

         Бұлхимиялық құбылысқа жатады, өйткені бастапқы алынған заттың құрамы өзгеріп, жаңазаттар түзілді. Химиялық құбылыс дегеніміз – химиялық реакция

         Физикалық және химимялық құбылыстарды бір ғанаденені алып, оны өзгеріске ұшыратып көруге болады. Мыс сымның кішкене бөлігінтөске салып, балғамен ұрып жаншиық. Сымның сырт пішіні өзгеріп, жалпақ тақташатүріне ауысады, бірақ мыс металының заты өзгермейді. Олай болса металдыңжаншылуы физикалық құбылысқа жатады. Енді сол мыс таұһқташаны ашық ауадажалынға ұстап қатты қыздырсақ, оның беті күңгірттеніп қара түсті қақпен қапталабастайды. Металға тән жылтыры жойылады. Демек, мыс ауадағы оттекпен қосылыпжаңа затқа айналды. Бұл – химиялық құбылыс.

         Физикалық және химиялық құбылыстардыңкүнделікті тұрмыстағы, шаруашылықтағы маңызы жайлы бастауыш сыныпта мағлұмат а    лдыңдар. Мәселен, судың табиғаттағыайналымын еске түсірейік. Жер бетіндегі сұйық су буланып, атмосфераға тарап, жазда жаңбырға, қыста қарға айналып, жерге қайта оралады

         Химиялық құбылыстардың, яғни химиялықрекциялардың нәтижесінде көптеген жаңа заттар өндіріледі. Олар металдар, олардың құймалары, пластмассалар, жасанды талшықтар, бояулар, дәрі – дәрмектер, тыңайтқыштар, қопарғыш заттар. Металдар мен пластмассалардын және шынылар менталшықтардан алынатын материалдардың пішінін өзгерте отырып өңдеу арқылы(жаншу, құю, кесу, тігу, желімдеу, т.б.) сан түрлі бұйымдарды жасап шығарады.

         ІІІ.Жаттығулар орындау. 16 бет № 6,7 – жаттығулар.



Күні       Мектеп құраушысы Химия 10-сынып

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға химиялық  элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын  есептеуге және  салыстыруды үйрету.

Көрнекіліктер: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі. Оқулықтан 2-кестені қолдану.Электрондық оқулық. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі-тәсілдері: сұрақ-жауап, жүйемен жұмыс.

Тірек білім мен біліктер: атом, салыстырмалы атомдық масса, химиялық элемент, массаның атомдық бірлігі.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың білім мен  біліктерін тексеру үшін  тапсырмалар беру: Химиялық диктант жүргізу. Оқушыларға біршама элементтердің латынша айтылуын айтамын, ал олар дәптерге таңбаларын жазады:плюмбум,аурум,силициум,цинк,гидраргирум,купрум,гидрогениум, оксигени- ум, ферум,карбонеум,нитрогениум,станнум,аргентум т.б. Содан соң кейбір элементтердің оқылуын айтамын: эн,це,эс,о,аш,пэ,мыс,т.б

Химиялық элементтердің таңбасын латынша белгілеуді ұсынған қай ғалым?

Химиялық элемент ұғымын алғаш химияға енгізген ғалым?

Химиялық элемент дегеніміз не?

Молекула және атом дегеніміз не?

Химиялық элементтерді неше топқа бөлеміз?

Жаңа материалды оқыту:   Салыстырмалық атомдық масса. Vl сыныптың  физика курсынан  масса ұғымы  белгілі екенін  ескеріп, оларды мынадай сұраққа жауап беруін сұраймыз.

Атомдардың массасын граммен не килограммен өлшеуге бола ма?

Атомдардың  массасы өте кіші  болғанымен  олардың сандық  мәні  дәлдікпен  анықталған. Мысалы  ең жеңіл атом атом сутегінің  атомдық массасы:

 mа (H)=1.66*10-24 г немесе 1,66*10-27кг Оттегінің массасы одан 16 есе ауыр:

 mа (O)=2.66*10-23     г немесе 2,66*10-26 кг-ға тең.

 Мынадай сандарды пайдалану ыңғайсыз. Сондықтан атомдық массаны  өлшеу үшін арнайы өлшем бірлігі,  массаның атомдық бірлігі (м.а. б) қолданылады .

Массаның  атомдық бірлігі (м.а. б.) бұл көміртегінің 1/12 атомдық массасына тең. Көміртегі  атомның массасы:

2,0*10-26г немесе2,0*10-26кг,ал мұның 1/12 бөлігі



20*10-26     =1.66*10-27кг =1,66*10-24г.

 Осы мәндір м.а.б. деп аламыз. Бір атомдық масса бірлігіне тең  сандық мәнді салыстырмалы атомдық масса деп анықтама беріледі. Салыстырмалы атомдық масса  өлшемсіз шама екенін және оны (индексі ағылшын тілінде  relative- "салыстырмалы ” деген мағына береді ).

 Мысалы оттегі үшін:

                      Ar=2.66*10-23        = 16

                            0.66*10-23

 массасының  атомдық бірлігімен (м.а.б.) алынған  атомдар  массасынан салыстырмалы  атомдық массаның  өлшемсіз шамасын ажырата білу керек.

мысалы;   mа (H)=1м.а.б.             Аr (H)   =1

                  та (O)=16 м.а.б.          Ar (O ) =16

                  та (S)=32 м.a.б.          Ar  (S)  =32

Демек сутегі атомның массасы  көміртегі  атомның массасына 1/12 бөлігіне  тең екенін,  ал оттегі  ал оттегі  атомның  массасы 16 есе, күкірт 32 есе бұл масадан  ауыр екенін көрсетеді.



Жаңа материалды қорытындылау:

             1.   Мыс атомының оттегінен,күкірттен,сутегінен қанша есе ауыр екенін есепте.

                 2.   Неге атомдық массаны салыстырмалы ұғымда айтады? Жауабын математикалық жолмен  көрсетіңіз.

            3.   Магний атомының массасы көміртегі атомының массасынан неше есе артық?

            4.   Оттегі атомы массасынан салыстырмалы атомдық массасы көп болатын үш элементті (Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі таблицасынан) көрсетіңіз.

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен

Мектеп құраушысы Химия 10-сынып

Сабақтың тақырыбы: Химиялық формулалар бойынша есептеулер
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «валенттілік» ұғымын тексеру және химиялық формула арқылы элементті қосылыстардың валенттілігін және валенттілік бойынша формула құру біліктігін, химиялық формула бойынша есептер шығаруға қалыптастыру.
Дамытушылық: Элементтердің таңбаларын, валенттілікті қолданып, химиялық формула жазу және есептер шығару дағдысын дамыту, логикалық есептер шығаруға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға, өзара көмегін қалыптастыра отырып өз біліміне ғана емес, өзге оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: деңгейлік тапсырмалар,
Типі: бекіту сабағы
Пәнаралық байланысы: биология, медицина.
Көрнекілігі: слайдтар жинағы, периодтық кесте, дидактикалық үлестірмелер, жетондар.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, топқа бөлу, саяхат сабақтың жоспарымен таныстыру.
ІІ. Саяхаттың барысы:
І. Саяхатқа шығуға дайындық (оқушыларға саяхатқа шығу үшін бойынша әр қатарға 10 сұрақ беріледі).

1 топқа:
1. Химия пәні нені зерттейді? (заттардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрленуін қарастырады.)


2. Заттар дегеніміз не? (заттар - денелерді құраушылар.)
3. Физикалық құбылыс дегеніміз не? (дене ретіндегі агрегаттық күйі ғана өзгеріске ұшырап, зат ретіндегі табиғаты өзгеріссіз қалады)
4. Химиялық реакция дегеніміз не? (бастапқы алынған заттың құрамы өзгеріп, жаңа заттар түзілуі.)
5. Молекула дегеніміз не? (молекула - заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі)
6. Күрделі заттар дегеніміз не? (екі немесе одан да көп атом түрлері болатын заттар күрделі заттар деп аталады).
7. Химиялық қосылыс дегеніміз не? (жай және күрделі заттар - химиялық қосылыс деп аталады).

2 - топқа:


1. Химияның басты міндеттері? (заттардың қасиетін зерттеу, адам игіліне жұмсау, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіптерде қолдану мүмкіндігін анықтау).
2. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады? (Біртекті)
3. Заттардың агрегаттық күйлері? (Сұйық, газ, қатты)
4. Қоспалар дегеніміз не? (қоспа екі немесе одан да көп заттардан тұрады).
5. Химиялық реакцияның белгілері? (тұнбаның түзілуі, еруі, газдың бөлінуі, жарық, жылу бөлінуі, иістің шығуы, түсінің өзгеруі).
6. Жай заттар дегеніміз не? (Заттың құрамына бір ғана атом түрі кіреді).
7. Химиялық элемент дегеніміз не? (заттың құрам бөлігі, жекелеген атомның бір түрі).

3 топқа:
1. Химиялық формула нені көрсетеді? (заттардың құрамын).


2. Валенттілік дегеніміз не? (химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын өзіне қосып алу қабілеті).
3. Салыстырмалы молекулалық масса? ( берілген зат молекуласының массасы көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін білдіреді).
4. Салыстырмалы атомдық масса? (берілген элементтің массасы, көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан).
5. Оттегінің салыстырмалы атомдық массасы? 16
6. Химиялық формула дегеніміз не? (заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстері көмегімен шартты түрде бейнелеу).
7. Химиялық формуладағы индекс нені көрсетеді? (заттың құрамындағы элементтердің атом санын көрсетеді).

Қорытынды

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет