§2.1 Д.И.Менделеев жасаған химикалық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы
Сілтеме
Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Химия» - 10 - сынып оқулығы, Интернет материалдары, элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі туралы жасалған кесте, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі
Жалпы мақсаты
Міндеттері
Оқушылардың периодтық кесте туралы білімдерін тереңдету, периодтық кестедегі элементтердің орналасу тәртібі жайлы қорытынды жасай білуге үйрету, ізденіспен жұмыс істеугедағдыландыру.
Білу, түсіну:Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элемент және оның қосылыстары жайлы болжам айта білуді қалыптастыру, элемент қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтар туралы білімді бекіту.
Қолдану: Периодтық жүйедегі барлық элементтер арасында қандай өзара байланыстылық болатындығын көрсету.
Тәрбиелік: Химиялық сауаттылыққа үйрету.
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, сыни ойлауға үйренеді, элементтердің орналасу тәртібі жайлы біледі, ұжыммен жұмыс жасауға дағдыланады
Негізгі идеялар
Периодтық кестенің шытырман қасиеттерін түсінеді
Тапсырмалар
Топтық, жұптық , жеке (Блум токсономиясы), ұжымдық