Мұғалімнің аты-жөні
|
|
|
Мерзімі § 55. Жануарлар селекциясы.
|
Химия
|
10 сынып
|
1-сабақ
|
Сабақ атауы
|
§2.1 Д.И.Менделеев жасаған химикалық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы
|
Сілтеме
|
Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Химия» - 10 - сынып оқулығы, Интернет материалдары, элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі туралы жасалған кесте, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі
|
Жалпы мақсаты
Міндеттері
|
Оқушылардың периодтық кесте туралы білімдерін тереңдету, периодтық кестедегі элементтердің орналасу тәртібі жайлы қорытынды жасай білуге үйрету, ізденіспен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Білу, түсіну: Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элемент және оның қосылыстары жайлы болжам айта білуді қалыптастыру, элемент қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтар туралы білімді бекіту.
Қолдану: Периодтық жүйедегі барлық элементтер арасында қандай өзара байланыстылық болатындығын көрсету.
Тәрбиелік: Химиялық сауаттылыққа үйрету.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, сыни ойлауға үйренеді, элементтердің орналасу тәртібі жайлы біледі, ұжыммен жұмыс жасауға дағдыланады
|
Негізгі идеялар
|
Периодтық кестенің шытырман қасиеттерін түсінеді
|
Тапсырмалар
|
Топтық, жұптық , жеке (Блум токсономиясы), ұжымдық
|
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Көрнекілігі
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
|
а) сәлемдесу
ә) сабаққа дайындығын тексеру
б) оқушылар назарын сабаққа аудару
в) психологиялық тренинг «тілек алаңы»
г) оқушыларды сан реті бойынша топқа бөлу
|
|
Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады.
Оқушылар 4 топқа бөлінеді
|
Жаңа ұғымдар мен әрекет әдістерін қалыптастыру
«Ой шақыру»
«Білу»
7 минут
|
Оқушылардың білімін тексеру. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:
* Элементтер периодтық жүйеде қандай белгілеріне қарай орналасқан?
* Периодтық жүйе қалай құрылған?
* Периодтық жүйеде атом ядросы зарядының артуына байланысты элементтердің қасиеті қалай өзгереді?
* 4-ші периодтағы нағыз металдар мен нағыз бейметалдарды атаңдар.
* Периодтық жүйеде неше топ бар?
* Топтар қалай бөлінеді?
* Атомның ядро зарядына байланысты топшаларда элементтердің қасиеті қалай өзгереді?
* І топтағы ең белсенді металды және VII топтағы ең белсенді бейметалды атаңдар?
|
Интерактивті тақта
|
Болжау, ойын еркін жеткізу, мағынаны әр қырынан тану
|
«Түсіну»
15 минут
|
1) Топқа тапсырмалар беру. Оқулықпен жұмыс
Кітаптағы мәтінді оқушы санына қарай топтарға бөліп беру, олар мәтінді қорғап бір-бірін бағалайды.
Бағалау «Екі жұлдыз, бір пікір»
Одан соң мұғалім сабақты жалпы қорытындылайды
|
10- сынып оқулығы, бағалау парағы,
интерактивті тақтадан
слайдтар
|
Оқулықпен жұмыс.
Жұпта және топта талқылау.
Түртіп алу әдісі бойынша саралап оқиды.
|
« Қолдану»
5 минут
|
(оқулық бойынша)жеңіл есептер мәтінді қалай түсініп, білгенін бақылау
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
Бүгінгі сабақта білгенін пайдалана отырып, тапсырманы орындайды
|
«Талдау»
10 минут
|
Периодтық кестедегі бейметалдар мен металдарды салыстыра отырып, талдау
|
Маркер, постер
|
Бүгінгі сабақта білгенін пайдалана отырып, тапсырманы орындайды
|
«Жинақтау»
3 минут
|
1. Жұпта қай элементтердің металдық қасиеті басым:
А) К мен Са
Ә) Rb мен Sr
Бейметалдық қасиет кімде басым:
А) СІ мен І
Ә) Р немесе S
Б) Р немесе АS
2. Оксидінде элементтің массалық үлесі 43,7 %, ал оттектікі 56,3%. Бұл элементтердің молярлық массасы 31г/моль. Осы химиялық элементтің оксидінің формуласын тауып, оған тән қасиеттерді атаңдар
|
Жұмыс дәптері
|
Кремний мен кремний диоксидін салыстырады
|
«Бағалау»
2 минут
Рефлексия
|
Рефлексия
Сабақта қандай материал туралы білдіңдер?
Сендерге ең пайдалысы не болды?
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
|
Стикерлер
|
Бүгінгі сабаққа баға беру
Кері байланыс
|
Сабақтың жабдықтары
|
Мультимедиа, интерактивтік тақта, флипчарт, маркер, қарындаш,электронды оқулық,үлестірмелі парақша
|
Келесі тапсырмалар/портфолио/
|
Кремний. Кремний диоксиді
|
Келесі оқу
|
«Нанохимия дегеніміз не?» реферат
|
Сабақты талдау
|
Топ жұмыстарын талдау, жұптық жұмыстарын талдау.
|
Тәжірибелік сабақты бағалау
|
жұмыстарын формативтік бағалау
|
Сабаққа өзгертулер енгізу
|
Оқушылардың шығармашылығын жетілдірді.
|
|
|
Р /с
|
Оқушының аты-жөні
|
Білу
|
Түсіну
|
Қолдану
|
Талдау
|
Жинақтау
|
Қорытынды баға
|
1.
|
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау ұпайын мұғалім өзі даярлайды
сабақ соңында үйге тапсырма беріледі
№2 сабақ
|
Химия
|
10 сыныбы
|
Сабақ тақырыбы:
|
§2.2. Химиялық элементтер атомдарының құрылысы
|
Сілтеме:
|
10 сынып оқулығы ( жаратылыстану- математикалық бағыт) ,
|
Жалпы мақсаттар:
|
Білу, түсіну – Оқушыларға атом құрылысы, атом ядросының құрамы, изотоптар жөнінде жан-жақты білім беру.
Тәрбиелік – Оқушыларда атом құрылысы жөнінде білімді қалыптастыра отырып, тұлғаның адамгершілік қасиетіне, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Дамытушылық – Оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
|
Күтілетін нәтижесі
|
Протон, электрон, нейтрон туралы білім қалыптасады. Ядролық реакциялар жайлы түсінік алады. Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады. Критерий арқылы оқушылар бір- бірін бағалайды
|
Түйінді идеялар
|
Химиялық элемент атомының басты сипаттамасы - ядро заряды, ол элементтің реттік нөмірімен дәл келеді. Бір химиялық элемент ядросындағы нейтрон саны әртүрлі болғанда, изотоптар түрі шығады.
|
Сабақтың әдісі
|
Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Периодтық кесте, интерактивті тақта, слайдтар, постерлер
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен сәлемдесу , түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу элементер таңбасы арқылы
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады
|
Қызығушылықты ояту
|
Түрткі сұрақ :
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі дегеніміз не?
|
Үй тапсырмасы
|
№1 – перфокарта.
Химиялық элементтерді екі топқа бөліп, металдар мен бейметалдар деп жіктеу неге негізделген?
Химиялық реакцияны аяқтап, теңестіріп, қай типке жататынын анықтаңдар. Na + H2O =
№2 - перфокарта.
І топ металдары не себепті сілтілік металдар деп аталады?
Сілтілік металл – натрий оксиді мен гидроксидінің түзілу теңдеуін жазыңдар.
№3 - перфокарта.
Галогендердің химиялық қасиетін айтып, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
Қандай бір реактивтің көмегімен: а) натрий хлориді, б) натрий бромиді, в) калий йодиді ерітінділерінен галогендерді ығыстыруға болады? Жауаптарыңды реакция теңдеуімен ділелдеңдер.
№4 - перфокарта.
Айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. Ca → CaO → Ca(OH)2→ CaCl2
2) Мына элементтерді металдық қасиеттерінің өзгеруі бойынша
орналастырыңдар. Na, Cs, K, Li, Pb
|
Жаңа сабақ
|
Мағынаны тану . Мәтінмен жұмыс
1. Атом күрделі бөлшек.
2. Атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынған ғалым.
3. Атом ядросының құрамы.
4. Изотоптар.осындай топтарғ бөліп, топтың тақырыбын ашу тапсырмасын беру арқылы мәтінді игертуге болады. Осыдан соң оқушылар бір-бірін критерий арқылы бағалай алады.
Топтар мәтінді ашқан соң мұғалім бір қорытындылауы қажет
1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынды. Бұл модель бойынша атомның ортасында оң зарядталған ядро бар, ал оны электрондар айналып жүреді. Ядро құрамында оң зарядты бөлшек протоннан басқа, зарядсыз бөлшек – нейтрон болады.
Электрон е (Аr = 0)
Нейтрон n (Аr = 1)
Протон Р (Аr = 1)
Химиялық элемент атомдарының ядро зарядтарының сандық мөлшері сол элементтердің периодтық кестедегі реттік нөмірлеріне тең болатындығы анықталған.
(11р, 12n) 11 е (17р, 18n) 17 е
Атомның ядро заряды химиялық элементтің қасиеттерін сипаттайтын физикалық шама.
Аргонның оң заряды +18,калийдікі +19, сондықтан калий аргоннан кейін тұр.
Қазіргі уақытта периодтық заңның тұжырымдамасы былай оқылады: химиялық элементтер, олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атом ядроларының зарядтарына периодты түрде тәуелді болады.
Ядро зарядтары бірдей, бірақ салыстырмалы атомдық массалары әр түрлі болатын элементтер де бар.
Оқушылар изотоптарды оңай түсіну үшін төмендегі мысалмен айтуға болады.
Бір химиктің отбасында үш егіздер туылады.
Егіздер Изотоптар
жасы → 1 1 1 → ядро заряды (реттік нөмірі)
Н
Н
Н
салмағы → 1 2 3 → атомдық масса
аты: протий дейтрий тритий
р = 1 р = 1 р = 1
n = 1 – 1 = 0 n = 2 – 1 = 1 n = 3 – 1 = 2
e = 1 e = 1 e = 1
Ядроларында протондар саны бірдей, бірақ массалары әр түрлі, белгілі бір элементті құрайтын атомдар түрін - изотоптар деп атайды.
(Изотоп грекше «бір орынға орналасушы» деген мағынаны білдіреді.)
(17р 18n) (17р 20n)
Изотоптар ядрозарядтары бірдей болғандықтан, оның электрондар саны да өзгермейді, сондықтан химиялық қасиеттері де бірдей.
Яғни, химиялық элемент дегеніміз – ядро зарядтары бірдей атомдардың белгілі бір түрі.
Табиғатта кездесетін хлордың 75,53 % - і 35Cl изотоптан және 24,47 % - і 37Cl изотоптан тұрады. Олай болса хлордың орташа атомдық массасы:
Аr (Cl) = 350.7553 + 370.2447 = 35.453 35.5
Иодтың бір ғана изотопы бар , ал теллурдың 6 изотопы бар, оның ішінде массасы үлкендеу – 128Те және 130Те изотоптары басым болып келеді. Сондықтан реттік нөмірі бойынша Теллур иодтан бұрын тұрса да, оның иодтан салыстырмалы атомдық массасы үлкен болып шығады.
|
Ой толғаныс
|
Бұл кезеңде жұптық жұмыс жасауға болады, жұптаржды зерттеуге қолайлы болу үшін А мен в, В мен С немесе А мен С, т.б бөлуге болады:
І деңгей
1) Металдар қай қатарда орналасқан?
а) Na, Ca, K ; ә) Na, C, Mg; б) C, Cl, N; в)В, Са, Аl; г) Р, О, Рв
2) Бейметалдардың орналасу ретін көрсетіңіз.
а) Al, Na, Ca; ә) S, P, Si; б) Li, C, F; в) Na, Ca, K; г) Na, C, Mg;
3) Периодтық заң қай жылы тұжырымдалды?
а) 1969 жыл; ә) 1869 жыл; б) 1911 жыл; в) 1776 жыл; г) 1748 жыл
ІІ деңгей
1) Негіздік оксидтер қайсы? а) Al2O3, SO3, Na2O; ә) Li2O, NO2, MgO;
б) Na2O, CaO, K2O; в) Al2O3, MgO, CO2; г) SO2, CO2, NO2
2) Галогендер тобын анықтаңыз. а) Na, Li, K; ә) Cl, Br, F; б) O, S, Se; в) I, Cl, O; г) Be, Mg, Ca
3) Металдар қасиеттерінің арту қатары (негізгі топша бойынша)
а) Be, Mg, Ca; ә) K, Na, Li; б) Na, Mg, Al; в) Na, C,Al; г) Ca, Al, Be
ІІІ деңгей
1) Алюминийдің атом құрылысы: а) (13р, 13е ) 14n; ә) (13р, 14n ) 13е‾;
б) (13р, 14n) 14 е‾; в) (11р, 12n) 11е‾ ; г) (14р, 14n) 14е‾
2) Табиғатта 12С(98,892 %) және 13С(1,108 %) изотоптар қоспасы түрінде кездесетін көміртек атомының орташа салыстырмалы атомдық массасы:
а) 13 ә) 6 б) 12 в) 5; г) 11
|
Кейінгі тапсырмалар
|
Топтық жұмыс.
№1тапсырма. « Химиялық кубикті» пайдаланамыз. Элемент атомдарының ядро зарядын анықтаңдар және периодтық жүйеде орналасуын сипаттаңдар. (тапсырма ауызша орындалады)
№2 тапсырма. Реттік нөмірлері мынадай элементтердің атомдарындағы электрон, протон, нейтрон сандарын анықтаңдар:
а) Z=5, бор B
ә) Z=9, фтор F
б) Z=13, алюминий Al
в) Z=16, күкірт S.
№3 тапсырма. Ребус шешу.
, Li ,,, ,N, ,F, ,,,Kr,, ,Ba,,
|
Бағалау
|
Формативті бағалау : екі жұлдыз,бір ұсыныс.
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына Критерий арқылы бағалайды
|
Кері байланыс
|
Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы
|
Үйге тапсырма
|
§2.2. 5,7,11 есептер
|
№3 сабақ
|
Химия
|
10 сыныбы
|
Сабақ тақырыбы:
|
§2.3. Атомдағы электрондардың қозғалысы
|
Сілтеме:
|
10 сынып оқулығы ( жаратылыстану- математикалық бағыт) ,
|
Жалпы мақсаттар:
|
Білу, түсіну : Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заңның мәнін одан әрі аша түсу, негізгі топшадағы химиялық элементтердің атом құрылысы мен оның қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру.
Қолдану: Период, топ бойынша элемент атомындағы электронның орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіндіру, білімдерін дамыта түсу, сол бойынша тапсырмалар орындау
|
Күтілетін нәтижесі
|
Орбитальдар, энергетикалық деңгейлер туралы түсінік қалыптасады. Топта жұмыс жасап, бағалауды, АКТ-ның түрлерін дұрыс қолдануды үйренеді
|
Түйінді идеялар
|
Ядро маңындағы кеңістікте қозғалғанда электрондар белгілі бір орбитальдарда жүреді. Мөлшері жуық орбитальдар атомда энергиясының өсуі бойынша орналасқан энергетикалық деңгейлер құрайдыЭнергетикалық деңгейлердің саны элемент орналасқан периодтың нөміріне тең.
|
Сабақтың әдісі
|
Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Периодтық кесте, интерактивті тақта, слайдтар, постерлер
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен сәлемдесу , түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу элементер таңбасы арқылы
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады
|
Қызығушылықты ояту
|
Изотоптар дегеніміз не?
Химиялық элемент дегеніміз не?
Фтор атомындағы электрондардың энергетикалық деңгейлерге орналасыуын көрсет. (протон, нейтрон санын анықта)
Бұл тапсырманы барлық оқушыларға жеке тапсырма ретінде беріп, олар орындап болған соң интерактивті тақтадан дұрыс жауаптарын шығарып, өз-өзін бағалау жұмыстарын жүргізуге болады
|
Жаңа сабақ
|
Төменде көрсетілген бірнеше тақырыпша әр топтың тапсырмасы. Мәтінді игеру кезінде олар осы тапсырмалар аясында сөйлеулері қажет. Алғашқы тоқсан болғандықтан оқушыларды критериймен бағалауға әбден дағдыландырып алған жөн.
Атом моделінің электрон бұлтының құрылысы
Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз.
Электрондық қауыз:
Атомның барлық электрондары жиналып электрондық қауызын құрайды.
Өзара энергиясы жуық электрондар атомның электрондық қабатын түзеді.
Электрондық қабаттар рет нөміріне қарай 1,2,3,4… деп белгіленеді.
Әр қабаттағы орбитальдардың өзіндік энергиясы мен пішіндері болады.
Шар тәрізді электрон бұлтын s-электрондар деп, ал орбитальдарды s-орбиталь д.а.
Кейбір электрондар ядро маңында гантель тәрізді бұлт түзіп қозғалады, ондай электрондар p – орбитальдарын береді. Кеңістікте координаттардың 3 осі (x,y,z) бойынша орналасатындықтан рx,рy,рz орбитальдары деп бөлінеді
Көптеген атомдардағы бірінші электрондық деңгейінің орбитальды диаграммасы жоғарыда көрсетілген.
Электрондық бұлттарды толтыру ережесі келесі:
1. Ең алдымен элемент атомында қанша электрон бар екендігін анықтап алу. Ол үшін сол элементтің ядро зарядын білсек болғаны, ол Д.И. Менделеевтің периодтық жүйедегі элементтің реттік нөміріне тең. Реттік нөмірі (ядродағы протон саны) барлық атомдағы электрон санына тең.
2. Бар электронмен 1s – орбитальдан бастап ұяшықтарды толтырамыз. Әрбір ұяшықта 1 не 2 электрон бола алады. Бір ұяшықта орналасқан екі электронды қарама – қарсы бағдаршамен белгілілейді .
3. Элементтің электрондық формуласын жазамыз.
Электрондық деңгей (n)
|
Осы деңгейде электронның сыйымдылығы
|
1
|
2
|
2
|
8
|
3
|
18
|
4
|
32
|
Электрон бұлтының пішіні
|
|
s
|
p
|
d
|
f
|
Пішіні
|
Сфералы
(шар тәрізді)
|
Сегіздік
(гантель)
|
Күрделі пішінді
|
Күрделі пішінді
|
Бір деңгейде бола алатын электрон саны
|
2
|
6
|
10
|
14
|
Ұяшықтарды толтыру тізбегі:
1s 2s 2p 3s 3p 4s 3d 4p 5s 4d 5p 6s 4f 5d 6p 7s 5f 6d 7p
Қайсы электрондық конфигурация дұрыс толтылрылған?
|
Ой толғаныс
|
Есептер жинағынан жеке оқушыларға тапсырмалар беруге болады
|
Кейінгі тапсырмалар
|
1) Н-тен Ne-ға дейінгі элемент атомдары құрылыстарының сапалық өзгеруі мен сандық өзгерістерін салыстыру және сандық өзгерістер (сыртқы электрондық қабаттағы сан) сапалыққа (элементтермен түзілген жәй заттар мен қосылыстардың қасиеттерінің сипаты) көшетіндігі туралы қорытынды жасау;
2) электрон қабаттары тұрғысынан қасиеттер өзгерісінің тез секіруін түсіндіру(галогеннің Ғ инертті газбен Ne ауысуы, инертті элементтің сілтілік металмен Na ауысуы). сандық өзгерістер сапалық өзгеріске сыртқы электрон деңгейі аяқталғанда (Ғ- Ne) және жаңа деңгей пайда болғанда секірмелі түрде ауысады.
|
Бағалау
|
Формативті бағалау : екі жұлдыз,бір ұсыныс.
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына Критерий арқылы бағалайды
|
Кері байланыс
|
Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы
|
Үйге тапсырма
|
| Достарыңызбен бөлісу: |