10-тақырып. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуды ұйымдастыру формалары. Бастауыш сынып математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Жоспар


Математикалық байқаулар (конкурстар)



бет12/13
Дата28.11.2022
өлшемі65,78 Kb.
#160144
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
10-Такырып. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуды ұйымдастыру формалары.

Математикалық байқаулар (конкурстар)
Байқаулар әртүрлі қиын мәселелерді шешу, қызықты пікірлейтін мәселелер мен тапсырмаларды орындаудағы сайыс болып саналады. Негізінен оқушылардың қалауынша, мәселелер шешуде өз күшін сынайтын, дайындығы жеткілікті болғандары қатысады.
Төменде 2-сыныпта байқау өткізуге мысалдар берілген. 2-сынып (4- тоқсан).
1. Екі орам жүн жіптен 3 бас киім тоқу мүмкін. Сондай 9 бас киім тоқу үшін неше орам қажет?
2. Әли мен Сәлімнің 30 дана конфеті бар еді. Олар теңдей жеп болған соң, Әлиде 9, Сәлімде 6 конфет қалды. Олар нешеуден конфет жеген?
3. Фигураның неше төбесі бар.


4.1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандары берілген. Бұл қатардағы сандарды үшеуден қосқанда 15 саны шығатын неше мысал келтіру мүмкін.


Математикалық олимпиадалар
Олимпиада конкурсқа қарағанда кең түрде өткізіледі және математиканы үйренуде оқушылардың қол жеткізген жетістіктерін жүзеге шығаратын жұмыс болып табылады.
Олимпиада қатысушыларының құрамына қатысты жағдайда мектепте, аудан және қалаларда өткізу мүмкін. Олимпиаданы 4-сыныптан бастап өткізіп, жеңімпаздар мектептің қабырға газеттерінде және оқушылардың жиналсында ынталандырылады.
Математикалық газета және викториналар
Газет, викторинада әртүрлі математикалық мазмұнды өз ішіне алатын жұмбақтар, мысал мен тапсырмалар суреттерде беріліп, қызықтыру сипатында болады.
Ал викторианада оқушыларға шешеуді ұсынатын тапсырма беріледі. Жауаптар белгіленген уақытта оқушыларға жеткізіледі.
Математикалық викториналар — газеттен ерекшелігі тек оқушыларға шешу үшін берілген мәселелер мен сұрақтардан тұрады. Жауаптар жазба түрде белгілі уақыттың ішінде оқытушы жеңімпаз оқушыны анықтап, жариялап барады.
Математикалық қабырға газеті, викториналар, әдетте математика бұрышы деп аталатын жерге іліп қойылады. Бұл бұрышта Отанның жетістіктерін көрсететін санды мәліметтер де беріліп барылады. “Білесіз бе?” айдарымен қызықты мәліметтер беріледі. Мысалы:
1. Адамның бойы 1 күнде 1 см-ден 6 см-ге дейін өзгеруі мүмкін.
2. Әлемдегі ең ұзын теміржол 1 9302 км-ді құрайды.
3. Әлемдегі океандардың суында 13300 миллион тоннаға дейін күміс бар. Математика бұрышын ұйымдастыруды оқушылар мен олардың атааналарының көмегінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Экускурция өткізудегі мақсаттың не екенін балаларға түсіндіру өте маңызды. Солай етсе, балалар алдын-ала не істеу қажет екенін және өздерін қандай тұту керек екенін біліп алады.
Мектептің орналасқан орнына қарап, балалармен әртүрлі ұстаханаларға, фабрикаларға, комбинаттарға, фермаларға, шіркет шаруашылығы тағы басқа жерлерге экускурциялар ұйымдастырылады.
Құрылыс материалынан, машиналарынан, жұмысшы күшінен және басқа заттардан пайдалану туралы мәселелер түзу және шешу мүмкін. Осындай мәселелердің кейбіреулері төменде берілген.
1. Эксковатор бір сағатта іргетастың тереңдігін 4 метр ұзындықта қазады. Сондай жұмыстың жалпысымен ол 7 сағатта қанша шұқырлық қазады?
2. Құрылысқа жүк тасуда 4 автомашина қызмет етуде. Олардың әрбірінде бір жүргізуші мен екі жүк тасушы бар. Материал тасуда жалпы неше адам бар?
Құрылыс материалдарын еңбек сабағы үшін стенттер дайындауда пайдалану мүмкін, мұнда ғимараттардың материалын дайындау да мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет