Жиhаздар:
1. Әртүрлі сағаттың макеттері.
2. Кішкене сандық.
3. Мәселе жазылған көрме.
Методтар: көрнекіліктер, хикая, сұхбат арқылы баяндау.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сабақтың барысы
Оқытушының оқиғасы.
Адамдар уақытты өлшеу үшін сағатты ойлап тапқан. Алғашында күн сағаты болған. Оларды тек қана күндізі пайдаланатын болған.
Египеттік күн сағаттарында 2 ұзын тақтай бұрыш түрінде қойылған. Таңертең күннің шығуымен ұзын тақтайда көлеңкені белгілеген. Бұл уақытта таңертеңгі сағат 6 00 деп есептеген. Сосын таңғы көлеңкенің ұзындығын 6 бөлімге бөлген. Нәтижеде барлығы 12 сағат болып, 6 сағат күндіз, 6 сағат түн келіп шыққан. Кейінірек басқа сағаттар пайда болды. Олар кешкі уақытты да анықтаудың мүмкіндігін берді. Мысалы: су сағаттары, құм сағаттары, механикалық және электрондық сағаттар бар.
Қазіргі сағаттардың цифербалты 12-ге бөлінген. Әр бөлімнің алдына 1- ден 12-ге дейін жазылған.Сағаттың кіші стрелкасы 1 саннан 2 санға 1 сағатта өтетін етіп түзілген. Сағаттың үлкен стрелкасы 1 сағаттың ішінде барлық сандарды басып өтеді.
1.Мәселелерді шешіңіз.
1. Сағаттарқа қарап уақытты анықтаңыз.
2.Төмендегі уақыттарда сағаттың стрелкалары қалай орналасады?
а) 4-тен 15 минут өткенде.
ә) 9-дан 48 минут өткенде?
б) 15-тен 55 минут өткенде?
в) 22-ден 10 минут өткенде?
3. Ұшақ сағат 7-ден 15 минут өткенде аспанға көтерілді, сағат 10-нан 20 минут өткенде жерге қайта қонды. Ұшақ аспанда қанша уақыт ұшқан?
4. Поэзд таңертең сағат 9-дан 18 минут өткенде жолға шықты, баратын жеріне 21-ден 56 минут өткенде жетті. Поэзд қанша уақыт жол жүрген?
5. Театр қойылымы кешкі сағат 10-нан 50 минут өткенде аяқталды. Егер ол 3 сағат 20 минут болса, қойылымның қашан басталғанын анықтаңыз.
6. Салыстырыңыз.
3 сағат 48 минут
3 6 секунт 48 минут
1 сағат 18 минут 118 минут
5 сағат 6 минут 56 минут
2 0 минут 40 секунт 200 секунт
4 минут 8 секунт 48 секунт
Достарыңызбен бөлісу: |