10-тақырып. Фосфор тыңайтқыштары дәрістің мақсаты келесі сұрақтарды зерттеу



бет2/3
Дата27.02.2023
өлшемі19,78 Kb.
#170369
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 10
8-дәріс, Чок ГУЗАЛЬ
Суперфосжаңа фосфор тыңайтқышы, түйіршікті, құрамында 38 % жалпы P2O5 бар, оның 19 % сіңімді болып саналады.
Преципитат – CaHPO4*2H2O, құрамында 25-35 % сіңімді P2O5 бар. Ақ немесе ақшыл-сұр түсті ұнтақ, нығыздалмайды, жақсы шашылады.
Фторсызданған фосфат – құрамында 30-32 % (апатиттен алынған) - 20-22 % (фосфориттен алынған) сіңімді P2O5 бар. Ақ немесе ақшыл-сұр түсті ұнтақ, нығыздалмайды, жақсы шашылады.
Томасшлак – С. Томас әдісімен шойынынан темір және болат өндіргенде жанама продукт есебінде алынатын тыңайтқыш. Майда ауыр күңгірт-сұр немесе қара ұнтақ, құрамында 7-8 ден 16-20 %-ға дейін P2O5 болады.
Фосфорит ұны – Ca3(PO4)*CaCO3, құрамында 25 % (I сорт), 22 % (II сорт), 19 % (III сорт) жалпы P2O5 бар. Күңгірт-сұр немесе қоңыр түсті майда ұнтақ, нығыздалмайды, жақсы шашылады, бірақ күшті шаңдатады.
Дақылдардың фосфор тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.
Фосфор тыңайтқыштарының мөлшерін анықтау үшін, егер Р2О5 мг/кг мөлшері белгілі болса, төмендегі формуланы пайдаланады (Черненок В.Г., 1987, 1997):
Др = (Ропт - Рфакт)*К,
мұнда: ДР - фосфор тыңайтқышының енгізу мөлшері, кг/га ә.е.з.;
Ропт – дақылға қажетті топырақтың 0-20 см қабатындағы жылжымалы фосфордың оңтайлы мөлшері, мг/кг;
Рфакт - топырақтың 0-20 см қабатындағы жылжымалы фосфордың нақты мөлшері, мг/кг;
К - 10 кг-ға тең топырақтың 1 мг Р2О5 тыңайтқыш эквиваленті, атап айтқанда, бұл 1 кг топырақтағы Р2О5 мөлшерін 1 мг-ға арттыру үшін енгізілуге тиісті фосфор тыңайтқышының кг көлемі.

Мысалы, егер топырақтағы Р2О5 нақты мөлшері 14 мг/кг болса, онда Др = (35 - 14)*10 = 210 кг/га, ал егер 27 мг/кг, онда Др = 80кг/га.


Қоректік элементтердің мөлшерін оңтайлы деңгейге дейін жеткізу қалыптасып отырған ылғалдандыру жағдайында болуы мүмкін ең жоғары өнім алуға мүмкіндік береді.
Егер танаптардың қамтамасыз етілуі класспен ғана көрсетілсе, онда мөлшерлерді анықтау кезінде фосфор бойынша градацияны басшылыққа алу керек.
Топырақ өңдеудің топырақ қорғау жүйесі және фосфор тыңайтқыштарын СЗС-2,1 сепкішімен немесе ГУН-4-пен, атап айтқанда топырақтың бір қабатына экран қылып енгізген кезде негізгі енгізудің бірреттік мөлшері 120 ә.е.з. кг/га аспауы тиіс. Бұл жағдайда оңтайлы деңгейге жету кезеңмен жүзеге асырылады (ауыспалы егістің 2 айналымында немесе бір айналымда 2 рет). Егер де сіңіру шолақтүренсіз соқамен жүзеге асырылса, онда экономикалық орындылық шегінде бір мезгілде жоғарырақ мөлшер де сіңіреле алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет