39. Жамбаспен келу кезінде босану биомеханизмінің бірінші сәті:
Кіші жамбас кіреберіс жазықтығына бөксені қою
Кіші жамбасқа бөксені түсіру
Омыртқаның бел тұсынан бүгу
Омыртқаның мойын-кеуде бөлігінен бүгу
Басты бүгу.
40. Таза бөксемен келуде Цовьянов бойынша қолмен көмек көрсетуге кіріседі:
Бөксесі шыққанда
Нәресте кіндікке дейін туылғанда
Нәресте жауырынның төменгі бұрышына дейін туылғанда
Бөксесі енгенде
Иық белдеуі туылғанда
41. Плацентаның толық терең бітуінде қандай дәрігерлік тәсіл қолданылады?
Плацентаны қолмен ажыратып бөліп алу
Алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы жатырға массаж жасау
Көктамырішіне окситоцин енгізу, NaCl-дың 400,0 ерітіндісіне 10 ЕД
Мизопростол 1000 мг ректальды
Лапаротомия
42. Босанудан кейінгі ерте кезеңде босанушы атоникалық қан кету нәтижесінде 2000 мл қан жоғалтты. АҚ 40/20 мм сынап бағ. Пульс әзер естіледі, минутына 140 рет, Hb 50 г/л. Геморрагиялық шоктың ауырлық дәрежесін анықтаңыз:
Геморрагиялық шок IV дәреже
Геморрагиялық шок II дәреже
Геморрагиялық шок III дәреже
Геморрагиялық шок I дәреже
Компенсациялық геморрагиялық шок
Достарыңызбен бөлісу: |