15. Жүкті әйел артериалық гипертензияға және бас ауыруына шағымданады. Артериялық қысым 160/110, 170/115 мм сынап бағ., ЗЖА белок 5 г/л. Диагноз қойыңыз: Ауыр преэклампсия;
16. Жүкті әйел 25 жаста, жүктілік мерзімі 34 апта, үйінде бірнеше қайтара эклампсия ұстамасы болған. Жедел медициналық жәрдем машинасымен перзентханаға жеткізілді. Түскен кезде ақыл есі тежелген, АҚ - 180/110 және 170/100 мм сынап бағ. Магнезиямен емдеудің жүктемелік (ұстап тұрушы) мөлшері қандай? 5 грамм құрғақ зат немесе 20 мл 25% MgSO4;
320 мл NaCl-ға 80 мл 25% MgSO4;
2 грамм құрғақ зат немесе 10 мл 20% MgSO4;
250 мл 25% MgSO4;
500 мл NaCl-ға 40 мг.
17. Әйелдер кеңесіне 28 жастағы жүкті әйел қаралды. Іштің төменгі жағының және бел тұсының сыздап ауыруына шағымданады. Жүктілік мерзімі 15-16 апта. Анамнезінде 1 босану және 3 жасанды аборт. Қынапты тексергенде: жатыр мойны ұзындығы 2, 5 см, сыртқы ернеу үңірейген, жатыр мойны каналы жабық, жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес үлкейген, жыныс жолынан аздап қанды бөлінулер бөлінеді. Акушерканың жасар тәсілі қандай? Жүкті әйелді стационарға жатқызу;
Жатыр мойнына тігіс салу;
Амбулаторлы жағдайды токолитикалық емдеу жүргізу;
Жүктілікті сақтап қалуға арналған гормональды емдеу тағайындау.