К. Д. Ушинский Қазіргі күні адамдар жұмысшы мамандығын алуға қызықпайды, тіпті талпынбайды да. Көпшілігі жоғары білім алып: адвокат, дәрігер, сот, бастық болғысы келеді. Ал осы мамандықтарға деген сұраныс қандай, бо



Дата29.12.2021
өлшемі15,37 Kb.
#106516
Байланысты:
ЭССЕ Юсупов Рустем Орынбаевич
1 ресурс ӘНХ 2021-2022 (1), 11 ??? 2014-15, 7-???????? ???

Юсупов Рустем Орынбаевич

Эссе


«Жұмысшы мамандықтар әлеміне саяхат»

«Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз»

К. Д. Ушинский

Қазіргі күні адамдар жұмысшы мамандығын алуға қызықпайды, тіпті талпынбайды да. Көпшілігі жоғары білім алып: адвокат, дәрігер, сот, бастық болғысы келеді. Ал осы мамандықтарға деген сұраныс қандай, болашақта барлығына орын табылады ма? Жоғары білімі бар мамандар қазіргі күнде бізге қажет пе? Менің ойымша қажет, бірақ тек санаулы мөлшерде ғана. Себебі бір елді мекенге бір адвокат, екі-үш дәрігер және сол сияқты аз мөлшерде мамандар қажет, яғни бұл мамандықтарға қазіргі күнде сұраныс өте төмен деңгейде, соған қарамастан көпшілік мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсуде, бітірген соң жұмыс орынсыз бос жүруде. Керісінше жұмысшы мамандықтар өте жоғары сұранысқа ие. Оның себебі бір мекеме немесе кәсіпорындар үшін бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жұмысшы мамандар қажет.

Неліктен жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие емес? Менің ойымша ол бізге бала кезімізден бастап қаланатын түсініктерге негізделеді. Ата-аналар балаларына «Сабағыңды жақсы оқып институт, университетке түсуің керек, мен сияқты майға былғанып жүрмейсің», «Жоғары білімің болса беделді боласың», «Оқымасаң аула сыпырушы боласың»,-деген сияқты сөздерді айтып балалардың санасын жас кезінен қате ойлауға бағыттайды. Міне осыдан бастап балаларда қарапайым жұмыскерге деген жиіркеніш, жұмысшы болуға деген қорқыныш сезімдері оянады. Өзінің бойындағы қабілеттеріне қарамай, жақсы жұмыс иесі болуды армандай бастайды.

«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі.

Кейбір оқушылар қарапайым жұмысшы болғанды қалайды, бірақ сыныптастарының көбі жоғары білімді маман болатындығына қарап өз ойларын айтудан жалтарады, қолынан келмейтіндігін біле тұрса да сыныптастарынан қалмау үшін жоғары оқуға түсуге шешімді өз еркінен тыс қабылдап қателесіп жатады. Институт пен университетке бара жатып олардың ешбірі «Барлығымыз жоғары білім алсақ, қалған қарапайым жұмысты кім істейді?»-деп ойланбаса керек. Міне сондықтан қазіргі күнде біздің елімізде жұмысшы мамандарға деген тапшылық сезілуде, мамандар шетелдерден келуде. Сонымен бірге жоғары білімі бар мамандардың арасында жұмыссыздардың саны күн санап артып келуде. Көптеген жоғары білімді мамандар орын таба алмағандықтан күн көру үшін базарда, дүкендерде сатушы болып, қарауыл болып немесе сол сияқты басқа да жұмыстарға баруға мәжбүр болуда. Оның негізгі себебі-мамандықты таңдаудағы жіберілген өрескел қателік.

Менің ойымша ата-аналар балаларды жас күнінен кез келген жұмыс иесіне құрметпен қарауға үйретуі, қате пікірлерді айтып қорқытпауы және баланың таңдауына мән бере білуі керек. Міне сонда ғана болашақта адамдар жұмысшы мамандықтарға қызыға баруы мүмкін. Себебі жұмысшы мамандар жер бетінің кез келген жерінде өте қажет.

Біз үнемі дүкендерге барып сауда істейміз, ал дүкеншісіз олай болмас еді. Демек, дүкеншісіз біз өмір сүре алмаймыз, сондықтан дүкенші әлемдегі ең маңызды мамандық иесі.

Адамдардың барлығы әдемі үйде тұғанды, жақсы ғимараттарда жұмыс істегенді, тұрғылықты жерінің әдемі ғимараттары болған қалайды емес пе? Ол үшін, құрылысшылар керек қой! Демек, әдемі үйлерді тұрғызатын құрылысшы мамандары әлемдегі ең маңызды мамандық иесі.

Біз барлығымыз жақсы тамақтанғанды ұнатамыз ғой! Ал осы дәмді тағамдарды әзірлейтін кім? Әрине аспаздар мен кондитерлер. Бұл мамандарсыз сірә, бір мереке де жақсы өтпес еді! Олардың тәтті тағамдарды дайындап, өз қызметтері үшін «Рахмет!» деген сөзді армандайтынын, дәмеленетінін біз белміз бе? Демек, дәмді тағамдардың шеберлері болып табылатын аспаздық пен кондитерлік саланың мамандары әлемдегі ең маңызды мамандардың иесі.

Ал шаштараз болмаса не болар еді? Тіпті ойлаудың өзі қорқынышты. Шаштараз болмаса әлемнің сұлулығы қашар еді. Адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен махаббаты оянбас еді. Демек, бізге сұлулық сыйлайтын мамандық иесі шаштараз да әлемдегі ең маңызды мамандық иесі.

Біз тұтынатын тағамдарды кім баптап өсіреді? Әрине ауылшаруашылық сала мамандары. Оларсыз адамдар аштан қырылып қалар еді. Міне сондықтан фермер мен егінші әлемдегі ең маңызды мамандық иелері.

Жұмысшы мамандықтарды айта берсек тізімі өте көп және олардың біздің өмірімізде алатын әрбірінің ерекше орыны бар, олардың барлығы да әлемдегі ең маңызды мамандық деп айта аламын. Адам баласы ешқашан өз қалауынан қашпауы керек, өзін қарапайым жұмысшы саласында сынап көруі керек. Сол кезде мүмкін ол біздің сүйікті ісімізге айналуы мүмкін. Бізе бақыт алып келуі мүмкін. Ол жұмыс қиындығымен бірге қызығымен бізді баурап алуы мүмкін. Ең негізісі сен белгілі мамандық иесі атанасың және ол әрқашан сұранысқа ие болады, өзіңді қоғамның пайдалы мүшесі ретінде сезінесің.

Әрбір адамды «Мен жұмысшы мамандыққа барамын, мені оқытсын! Мен ешбір жұмыстан қорықпаймын! Маған картоп аршып, тамақ пісіру, еден жуып тазалықты қадағалау, жер аударып егін егу, мал бағып өнімін алу ұят іс емес! Бұл игі іс!»-деп ойлануға шақырамын.

Мен өз балаларыма және оқушыларыма жас кезінен жұмысшы мамандықтарға деген құрмет сезімін оятуға болашақта үнемі жұмыстанамын. Олардың өзіндік жүрек қалауына мән беруіне жағдай жасаймын. Егер менің ұлым дәнекерлеуші немесе аспаз болуды қаласа, мен қолдау көрсетемін. Себебі ол өз қалауы. Мен өзімді өз ұрпағына дұрыс жол көрсете білген бақытты әкемін деп есептер едім.

Сонымен бірге әрбір адам баласы қарапайым жұмысшы болудың маңыздылығы туралы ойланса екен деймін.

Қорытындылай келе Ж. Аймауытов айтқан сөзімен аяқтағым келеді: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».

Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.



Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет