Реферат Тақырыбы: Практикалық психология кәсіби іс- әрекет және психологиялық ғылымының саласы ретінде



бет1/3
Дата03.01.2022
өлшемі32,37 Kb.
#108499
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Практикалық психология кәсіби іс- әрекет және психологиялық ғылымының саласы ретінде.
16 желтоксан, doc1549520023, Функция

Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазастан гуманитарлық институт
Реферат


Тақырыбы: Практикалық психология кәсіби іс- әрекет және психологиялық ғылымының саласы ретінде.

Орындаған:Әбдібек.Б

Тобы:ППк18-1

Қабылдаған:Ускенбаева Анар

Практикалық психология кәсіби іс- әрекет және психологиялық ғылымының саласы ретінде.
Жоспары:

  1. Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері

  2. Практикалық психология теориялық психологиядан ерекшелігі.

  3. Тәжірибелеуші психологтар кәсіби тұрғыда қоғамға арнайы қызметтері.

  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қазіргі таңда психолог іс-әрекетінің ғылыми зерттеулер, оқыту және адамдарға психологиялық көмек көрсету сияқты іс-әрекетінің негізгі үш түрі бар. Ғылыми зерттеулер теориялық және қолданбалы сондай-ақ диагностикалық деп жіктеледі. Психология бөліміндегі мұғалімдік іс-әрекет орта мектептен бастап жоғары білім мен магистрлік даярлыққа дейін білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәжірибеленеді. Психологиялық көмек көрсету психологиялық білім білімнің кейінгі дамуы мен оның әлеуметтік тұрғыда таралуымен шектелмейтін тәжірибелі психологиялық міндеттерді шешу үшін психологиялық теориялар мен әдістердің қолданылуын анықтайды. Дәл осы іс-әрекет кең мағынадағы практикалық психология деп аталады. Практикалық психология бұл психологияның пәні – психологиялық көмек көрсету, яғни психологтардың нақты адамға, оның проблемаларына, сұраныстарына, қажеттіліктеріне және т.б. бағытталған практикалық іс-әрекеті болып табылатын бір саласы.

Практикалық психологияны психологияның бір саласы деп есептелінеді. Алайда ол психологияның басқа салаларымен қатар тұрған әдеттегі тармаңы емес. Өйткені, психологиялық ғылым салаларының көбісі дамуының нақты деңгейінде дербес тәжірибесіне ие болады. Қайсібір психологиялық пән өмірге жүйелі ықпал етуге қабілетті бола қалса, ол қосымша ретінде практикалық сегментке ие болады. Әлеуметтік және инженерлік психологияның, басқару психологиясының, жас ерекшелік психологиясының да өзіндік тәжірибесі бар. Психологияның әртүрлі салаларының сол барлық практикалық «сегменттерінің» жиынтығы практикалық психологияны құрайды. Практикалық психологияның пайда болуы бұл адамның проблемаларына қоғамдық қызығушылықтың өсуіне жауап және қазіргі заманғы психологияның оларды сәтті шеше алатынының дәлелі.

Сондай-ақ өмірмен шынайы қатынасу академиялық психологияда шешілмегендіктен практикалық психология көшіп, оның теориялық бөліміне құрайтын ерекше теориялық және әдістемелік проблемаларды тудырады. Осылайша адамдардың қызметтегі және өмірлік қиыншылықтарына қатысты білікті психологиялық көмек көрсетумен байланысты теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушы проблемалардың кешені практикалық психологияның пәнін құрайды.

Кейде психологтың кәсіби іс-әрекеті де солай аталады. Ол диагностиканы, психологиялық түзетуді, психотерапияны, психологиялық кеңес беруді қамтиды. Соңғы үш ұғым жиі бірін-бірі алмастырып отырады. Дегенмен олардың барлығы адамдарға ықпал етудің нақты формалары ретінде диагностикаға арқау етеді.

Қазргі заманғы практикалық психологияда келесі бағыттар ерекшеленеді:

Клиникалық психология (ең көне бағыт);

Ұйымдастырушы психологиялық (басқарушы) кеңес беру;

Жарнама, имидж және қоғаммен байналыс психологиясы,;

Сот психологиялық эксперитиза;

Психологиялық операциялар сияқты арнайы бағыттар.

Клиникалық психология өз кезегінде дәрігерлік және дәрігерлік емес деп бөлінеді. Дәрігерлік психология (психотерапия) «кіші» психиатрияның бөлімі болып табылады. Олар дәрігерлік біліктілікке сәйкес психолог дәрігерлердің кіріспесіне еніп, невроздардың шеткі күйлер мен басқа да ауруларды емдеумен айналысады.

Дәрігерлік емес клиникалық психология ауру деп есептелмейтіндіктен дәрігерлік емдеу мекемелерінде көмек ала алмайтын адамдарға көмек көрсетеді.

«Психологиялық операциялардан» қалған бағыттарды атауынан ақ тануға болады. Бұл терминнің шығу тегі американдық әрі кәсіби психологтардың «психологиялық соғыс» іс-шарасын жоспарлауға қатысуын білдіреді.

Сонымен, практикалық психология бұл психологиялық пәндердің адамдардың өмірін жақсартудың мақсатында оның барлық қырларындағы міндеттерді шешу үшін теориялық психологияның қолданылуымен айналысатын топ; сондай-ақ ол негізгі теориялық пәндерге қарағанда қоғамның аса жоғары емес деңгейінде танымдық міндеттерді де шешеді.

Практикалық психология жеке даралық топтың (отбасылық, ұйымдастырушы) және жаппай (стратегиялық) деңгейлердегі проблемаларымен айналысады. Клиникалық психология көбінде адам мен отбасының проблемаларына бағдарланады. Адамның даралығы және оның мүмкіндіктерінің көрінуі мен кеңеюіне ықпал ететін әдістер оның пәні болып табылады.

Ұйымдастырушы психологияның (басқарушы) кеңес беру ең алдымен ұйымдарда туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған. Мұнда клиникалық бағытқа қарағанда қызметке бағдар орын алады, алайда жеке тұлға да аса маңызды сфера ретінде назардан тыс қалмайды. Психолог кеңесшілер адамдардың едәуір өнімдірек жұмыс істеп, оқуына көмектесетін амалдарды іздестіреді. Олар өндірістегі, көліктегі, медицинадағы, білім беру мекемелеріндегі, қоғамдық тәртіпті қорғау жүйесіндегі, әскери бөлімшелерлегі, сайып келгенде адамдар тіршілік етіп, еңбектенетін қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында пайда болып отыратын практикалық психологиянық проблемаларды шешеді. Олардың міндеті іс-әрекеттің тиімділігін арттырумен, әртүрлі сипаттағы ұйымдардың қызмет етуімен адамның дара қорларын жетілдіру мен қолданумен байланысты.

Имидж (жарнама мен қоғаммен байланыс) психологиялық пәні – адамның немесе ұйымның қалдыратын әсерді қалыптастыру процесін, кейбір басқа әдістерді, тренингтерді оқытуды кеңес беру жолын басқару, сондай-ақ оларға маңызды адамдарға, нарыққа, шығарылатын іс – әрекеттерінің (идеяларының, тауарларының, қызметтерінің) нәтижелері. Бұл бағыт көбінде жаппай проблемалармен істес. Сондай –ақ «қолданбалы психология» және «практикалық психология» ұғымдарыныңи қазіргі заманғы әдебиетте теңдестірілетінін ойдан шығармаған дұрыс. Оның өзіндік негізі бар. Қолданбалы тікелей міндеттері бойынша практикалық болып бөлінеді.

Тәжірибелеуші психологтар кәсіби тұрғыда қоғамға арнайы қызметтерін ұсынады: балалардың мектепке даярлығын анықтау, бизнесті, соның ішінде маркетинг пен жарнаманы психологиялық қамтамасыз ету, адамдардың топтық іс-әрекеттің әрқилы түрлерінде үйлесуін болжау. Олар саясаткерлер мен шаруа бастықтарына, дәрігерлер мен мұғалімдерге, милиция қызметкерлері мен архитекторларға, жол қозғалысын ұйымдастырушыларға және де шешім психологиялық факторлардың ескерілуін болжайтын әскери мәселелер бойынша ұсыныстар береді.

Практикалық психология теориялық психологиядан да ерекшелінеді. Теориялық (академиялық) психология психика бөліміндегі заңдылықтармен ғылыми деректерді анықтаумен, адамның ішкі әлемі мен адамдардың өзара қатынастардағы «картаның» ақтаңдақтарды анықтап, оның орнын толтырумен айналсысады.

Оның мақсаты – адам жайында заңды сенімді білім алу. Психология саласындағы теориялық білімдер ұзақ уақыт бойы ешкімге керексіз болып, мамандардың тек шектеулі шеңберін ғана қызықтыруы мүмкін. Олардың қатарына практикалық психолог жатады: ол теориялық психологиялық білімдерге ие болып, оларды нақты өмірлік ситуацияны зерттеуде сәйкес ықпалдардың жоспары мен процедурасын құрастыруда қолдануы тиіс. Жалпыланған ғылыми теория бұл психлогияға қарағанда сенімділігі тексерілетін практикалық психологтың ойлау тәсілі. Теорияда психологиялық көмек көрсетудің идеялары, ұйымдастырушы, өзекті ұстанымдары қамтылған. Сіз теорияны, әдістемелерді алып оларды тікелей клиентпен жұмыс барысында қолдансаңыз тәжірибені сөз етуге болады. Егер де сіздің әдістемелердің ауқымды қорыңыз әрі теория жайлы түсінігіңіз бар болса, сізді терапия мен кеңес берудің тәжірибесіне дайындығыңыз бар деп айтуға болады.

Сондай-ақ практикалық психология тек тәжірибелі емес, оны теориялық-тәжірибелі деп атауға болар еді, себебі оның өзіне тән әдістемелік негізі бар, әрі ол дербес теориялық зерттеулерді жүргізуді қамтиды. Академиялық психология үшін тәжірибелеуші психологтардың алатын психологиялық ақпараты өте пайдалы, жалпыланған психологиялық білімнің едәуір жоғары теориялық деңгейге жетуіне ықпал етіп, оны тексереді, толықтырады және нақтылайды. Ол адамдардың рухани өмірінің оқиғалары мен деректерін баяндауға бағытталғандықтан баршаның қызығушылығын тудыруда. Практикалық психология психологиялық ғылымдардың тұтастай жүйесі үшін қуатты қозғаушы ретінде қызмет етеді.

Мектептегі психология өзінің теориялық құраушысын төмендегіше сипаттайды. Ғылыми аспект мектептегі психологиялық қызметтің әдістемелік мәселерінің құралуын болжайды. Оның негізгі міндеті зерттеулерді жүргізуде, теориялық негіздемеде және мектептегі психологиялық қызметтің психодиагностикалық, психологиялық дамытушы әдістері мен бағдарламаларын құрастыруда. Бұл зерттеулердің академиялық зерттеушілерден айырмашылығы, оның қайсыбір психологиялық механизмдерді немесе заңдылықтарды анықтауында ғана емес, сондай-ақ сол механизмдер мен заңдылықтардың нақты бір баланың тұлғасын тұтастай қалыптастырудың аясында қалыптастыруының психологиялық жағдайларын анықтауында. Осындай зерттеулерді орындаушылығы мен қызметкер өзінің негізгі тапсырушысы ретінде практикалық психологқа бағдарлануы тиіс. Осылайша мектептегі психологиялық қызметтің эпитии аспектісі, оның іс-әрекетінің негізгі мақсатын ұсынады:

Оқушының мектептегі бітіру мерзіміне орай ересек өмірде өз бетінше қамтамасыз ететін психикалық тұлғалық және жеке дара дамуына барынша жоғары ықпал ету.

Практикалық психология айналысатын мәселелер психологиялық деп аталады. Психологиялық мәселе бұл клиенттің психологиялық қиыншылықтарының жиынтығы, тұлғаның дамуындағы нақты қарама-қайшылықтардан туындаған үйлесімдік күйі. Психологиялық мәселелер жеке даралық немесе өмірлік, ұжымдық–топтық және іс-әрекеттік деп жіктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет