12 ақпанда Текелі қаласының жастар ресурстық орталығы", "Жас Отан" ЖҚ Текелі қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен, жастардың патриоттық сезімін арттыру, отансүйгіштікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу және еңбекке баулу мақсатында "Ардагерлерді ардақтайық" ақциясы өтті.
15 ақпанда Текелі қаласының жастар ресурстық орталығы", "Жас Отан" ЖҚ Текелі қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен жастардың еңбек етуге деген құлшынысын арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану, оқушыларды кәсіпорындардағы жұмыс барысымен таныстыру мақсатында "Текелі гранит" ЖШС өндірістік кәсіпорнына экскурсия ұйымдастырылды. 15 ақпанда Текелі қаласының жастар ресурстық орталығы", Алматы облысы "Төтенше жағдайлар департаменті" Текелі қаласы "Төтенше жағдайлар бөлімі" қызметкерлерімен жылыту маусымы аясында өрт сөндіру ережелерімен таныстыру, өрттің алдын алу, пеш жағу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру мақсатында қала тұрғындарының арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |