Педагогикалық кеңесті өткізуге алдын ала дайындалады, қарастырылатын мәселелер бойынша баяндамашылар белгіленіп, оларға шешім жобасын жасау тапсырылады. Педагогикалық кеңесті өткізу барысында педагогикалық кеңестің күн тәртібіне қатысты әртүрлі пікірлер тыңдалып, мұғалімдерді толғандырып жүрген мəселелердің бəрі талқыланып, оларды шешу жолдарын белгілеу ұсынылады. Жалпы мектеп ұжымы әрбір мəжілістерді, соның ішінде педагогикалық кеңесті өткізуде оның негізгі ережелерін келісіп алуы керек. Ол ережелер: нақты регламент (уақытында бастау), педагогикалық кеңес уақытын 3 сағаттан асырмау, баяндамашылар мен сөз сөйлеушілерге белгілі бір уақыт бөлу, мəселелердің бəрін сабырлықпен, іскерлік жағдайда талқылау. Барлық сөйлеушілер көтеретін мəселені талқылап, оны шешудің нақты жолдары туралы ұсыныстар айтуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |