11 Дәріс: нерв системасы (неврология Neurologia) ЖҰлын жоспары



бет3/4
Дата30.04.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201585
1   2   3   4
Байланысты:
YZDBADQTJVOE23042024181542
12-lektsiya, MLCWHNOJBUSM28042024141343
Жұлынның ішкі құрылысы
Жұлынның ішімен, ұзына бой орталық жұлын каналы өтеді. Ол жоғарғы жағында мидың төртінші қарыншасына жалғасады.
Жұлынның көлденең кесіндісін қарағанда оның ақ және сұр заттан түзілгенін байқаймыз. Оның сұр заты қанатын жайған көбелек пішінді келеді. Ол жұлынның орталық каналынан айнала орналасқан.
Сұр заттың шығыңқы келген жерлерін мүйіздері деп атайды. Алдыңғы жағында алдыңғы мүйізі, артқы жағында артқы мүйізі, ал бүйір бөлігінде бүйір мүйізі жатады. Бүйір мүйізі жұлынның тек көкірек сегменттерінде ғана кездеседі.
Сұр зат нерв клеткаларының денелерінің шоғырынан түзілген, осыған байланысты оның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш мотонейрондар орналасады. Олардың нейриттері жұлыннан шыға алдыңғы қозғалтқыш түбір түзеді. Артқы мүйізінде рефлекторлық доғаның афференттік нейронын эфференттік нейронымен жалғастырып тұратын қосымша нейрондар орналасады. Бүйір мүйізінде вегетативті нерв системасының симпатикалық нейрондары шоғырланып симпатикалық орталық түзеді. Олардың нейриттері алдыңғы түбір құрамында жұлыннан шығып, ішкі органдарды нервтендіруге бағыт алады.
Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады, оның өзі жұлын бетінде жатқан сайлар арқылы үш жұп бағанға бөлінеді. Алдыңғы баған — алдыңғы орталық саймен алдыңғы бүйір сайының аралығында, бүйір бағаны—алдыңғы бүйір сайы мен артқы бүйір сайының аралығында, ал артқы баған — артқы бүйір сайы мен артқы орталық сайдың арасында орналасқан. Бұл бағандар нерв талшықтарынан түзіліп, жұлынның өткізгіш жолдарын түзеді.

Жұлынның сұр заты мен бағандарының аралығында сегмент аралық келте талшықтар болады. Осы талшықтар арқылы жұлынның сегмент аралық байланыстары өтетін болғандықтан оларды жұлыннын. өз аппараты деп атайды.
Жұлынды қоректендіретін артерия тамырларына қабырға аралық және бел артериялары жатады. Қабырға аралық артериялар жұлынның көкірек сегменттеріне тарамдалса, төменгі бел, сегізкөз, құйымшақ сегменттеріне бел, сегізкөз артериялары тарамдалады. Ал жұлынның жоғарғы мойын сегменттеріне бүғанаасты артериясының омыртқа тарамы барады.

Бұл аталған артериялар омыртқа каналына енгеннен кейін жұлынның алдыңғы артқы артерияларына бөлінеді. Алдыңғы артериялары жұлынның алдыңғы жағында, артқы артериялары артқы жағында тарамдалып жұлынның ақ заты мен сұр затын қоректендіреді. Сұр затына қан тамырлары көбірек барады және бір-бірінен көлденең қосылыстар жасап байланысады.
Жұлынның вена тамырлары артерияларына аттас келеді. Олар вена қанын жұлыннан жинап, қабық асты веноздық өрімге құяды.
Жұлында лимфалық тамырлар болмайды, оның жүмысын жұлын қабықшаларының арасында жатқан жұлын — ми сұйықтығы атқарады.





1. Үлкен ми сыңарлары
2. Аралық ми
3. Ортанңы ми
4. Көпір
5. Мыйшық
6. Сопақша ми
7. Жұлын
8. Мойын буылдығы
9. бел буылдығы
10. «Ат құйрығы»







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет