№11 дәріс тақырыбы: Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері


Ұнамды көңіл-күй сақтау принципі



бет7/7
Дата24.01.2022
өлшемі249,66 Kb.
#113982
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11-лекция
1550929082 bzhb-8himija (1), SZ po IBS i AG, Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация 3 курс
Ұнамды көңіл-күй сақтау принципі бала табиғатының дамуы мен оның іс-əрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-күйден адам жаны нəр алады, ой өрісі сəуелелене түседі, оқу жеңіл, жылдам жəне жағымды сезіммен қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нəтиже күтудің өзі бей-берекетсіз іс. Сондықтан да, оқу баланың ұнамды көңіл-күйін көтеріп, оны қуанышты оқиға ретінде қабылданатын дəріс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас болмаған жерде оқу процесі өз ықпалын жояды. Ықыласы болмаған адамды оқыту – бос əурешілік. Көңілін қорқыныш, өшпенділік, жек көрушілік жайлаған баланы оқыту оның санасына шынайы болмыс деректерін зорлап ендірумен бірдей. Мұндай жолмен қабылданған білім ұзаққа бармай ұмытылады, одан келер пайда болымсыз. Сондықтан педагогтар бар шеберлігін қосып, мектеп оқу еңбегі мен білім тартымдылығын көтеруге ат салысады. Бала жанын сенім шуағымен жылытып, оның алғашқы қадамдарына қолдау көрсетеді. Мектеп өмірін мұғалімдер жарқын да қызықты істер, оқиғалармен толтырып, олардың бəрі балалық шақтың балдəурені секілді оқушы есінде ұзаққа сақталуына негіз қалайды

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет