11. Ұлттық салт дәстүрлік тәрбие ереклеігін айтып беріңіз. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі


Ғылымилылық және жүйелілік принциптері жаңғыртыңыз



бет5/8
Дата11.12.2022
өлшемі38,25 Kb.
#162310
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
11-15 АйданаБОӘ

13. Ғылымилылық және жүйелілік принциптері жаңғыртыңыз.
Оқытудық ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз – құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондьщтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
Шарттары:
• педагогиканың, психологияның, озың тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбектіғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау;
• индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану;
• жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау;
• ғылыми таным әдістерін қолдану. Оқушыларды іздендіру, шығармашылық жұмыспен айналыстыру;
• жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу;
• оқушыларды көрнекті ғалымдардық өмірі және қызметімен таныстыру;
• жаңа ғылыми терминологияны қолдану;
• оқушыларды ғылым жетістштершен таныстырып отыру;
• оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
• тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау;
• оқушының оқуында жаңалық ашуына, оған қуануына мүмкіндік беру;
• жалған сөйлемеу.
Оқытудық бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.
Шарттары:
• оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру;
• оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау;
• пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану;
• оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету;
• бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру;
• өткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру;
• материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу;
• оқушылардың өз ойларын қалай айтатынын қадағалау;
• баланы өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу;
• оқушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу;
• жүйелі білім қисынды, сезімді талап ету;
• бар күш-жігеріңізбен, шабытпен оқытып, өмірден, әдебиеттен айшықты мысалдар келтіру;
• пәнді, бөлімді оқып болғаннан кейін міндетті түрде қорытынды-жүйелеу сабақтарын өткізу;
• оқушылардың қателерін әдеппен түзету;
• оқушыны өз қатесін талдауға үйрету;
• оқушылардың даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін көтеру жолдарын білу;
• баланың жасы мен қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет