Психологияда «Психодиагностика» сөзі бағалау мақсатында жүргізілетін әдістер тобына жатады, яғни зерттелетін психологиялық қасиеттердің нақты сандық және сапалық сипаттамаларын алуға мүмкіндік береді. Олар негізінен эмпирикалық ғылыми зерттеу жұмыстарында нақты білім алу мақсатында қолданылады.
Тұлғаны психодиагностикалау әдісі
Бұл Р.Кеттельдің 16 факторлы тесті. Ол 16 шкалаға бөлінген, 187 пікірден тұратын стандартты сауалнама. Әр шкала бойынша тұлғаның қандай да бір қасиеті бағаланады, баға стандартты балл бойынша қойылады.
Тұлғаны зерттеу әдісі Адамның қандай да бір мінезінің түрін ерекше жағдайларда бақылай отырып, зерттеуге бағытталған эксперимент жасалуда деп түсінейік.
қалай қорытынды шығару керектігін дәл анықтайтын арнайы схемалар мен жағдайлар енгізіледі.
Сұрақнама әдісі
Психодиагностикалық сұрақнамалық әдістері адамның психологиялық ерекшеліктері туралы қажетті мәліметтерді арнайы дайындалған стандартталған сұрақтарға жазбаша және ауызша берілген жауаптарын анализдеу арқылы да алуға болады. Бұл топтағы әдістердің бірнеше түрлері бар:
анкета
сауалнама
интервью
Психодиагностикалық эксперимент әдісінің ерекшелігі зерттелінушінің қандай да бір қасиетін бағалау үшін арнайы психодиагностикалық