11 сынып география пәні мұғалімі Який Хайрат Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы №69 мектеп-гимназия



бет1/3
Дата20.10.2023
өлшемі17,09 Mb.
#186908
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1 сабақ Қазақстан экономикасының салалық құрылымы


Қазақстан экономикасының салалық құрылымы
11 сынып
география пәні мұғалімі
Який Хайрат
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы
№69 мектеп-гимназия
Бүгінгі сабақта:
Қазақстан аймақтары шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымы мен экономикалық даму көрсеткіштері бойынша салыстырып талдауды үйренесіздер
Қазақстан шаруашылығының қалыптасу кезеңдері
Дәстүрлі экономика (б.з.д. І мың ж.басы – ХІХ ғ) кезеңінің ерекшеліктері
  • Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды;
  • Әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің негізінде дамыды;
  • Негізгі кәсіп – көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы;
  • Мал жеке меншікте, жайылым қауымдық меншікте болды;
  • Мал шаруашылығымен бірге егін салу, қолөнер кәсіпшілігі де дамыды;
  • Өнім тұтыну сипатында ғана болды;
  • Айырбас сауда қосымша рөл атқарды.

Нарықтық экономиканың пайда болу (ХІХ ғ. ортасы – 1920 ж. аяғы) кезеңінің ерекшеліктері
  • Жеке меншік;
  • Тауар шаруашылығы мен еркін (нарықтық) баға;
  • Тауар-ақша қатынасының дамуы;
  • Жәрмеңкелер кеңінен ұйымдастырылды;
  • Айырбас сауданы ақшалы сауда ығыстыра бастады;
  • ХІХ және ХХ ғ. темір жолдардың салынуы Қазақстан шаруашылығын жалпыресейлік және әлемдік нарықпен байланыстыруға қол жеткізді;
  • Тау-кен және фабрика-зауыт өндірісі пайда болды.

Жоспарлы экономика кезеңінің (1920 ж.аяғы – 1990 ж.басы) ерекшеліктері
  • Мемлекеттік меншік пен шаруашылық қызметті жоспарлау;
  • Орталықтан түсетін мемлекеттік жоспар;
  • Баға қоюды, өнімді таратып бөлуді үкімет жүзеге асырды;
  • Дамыған индустриалды-аграрлық экономика құрылды;
  • Индустрияландыру мен тың игеру болды;
  • Қазақстан өнімнің көптеген түрлері бойынша КСРО-да алдыңғы орындардан көрінді.
  • Бидайдың әрбір жетінші тоннасын Қазақстан егістіктері өндірді.

Нарықтық экономикаға өту (1990-ж.басынан бастап) кезеңінің ерекшеліктері
  • Экономикалық іс-әрекетке еркіндік беру;
  • Мемлекеттік меншікті жеке иеліктерге беру, яғни жекешелендіру;
  • Шет елдермен жан-жақты шаруашылық байланыстарын қалыптастыру;
  • Ұлттық және басқа банктердің құрылуы;
  • Төл теңгенің енгізілуі;
  • Кәсіпорындарды шет елдік компаниялар басқаруына беру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет