11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Ермозанова



бет26/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Ермозанова
Бақылау барысында төмендегі жағдайлар анықталды. 10б сыныптың сынып жетекшісі – Ахмадиева Л, география пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 13 жыл, педагог- сарапшы мұғалімі.
Сыныпқа 2015-2016 оқу жылының қыркүйек айынан жетекшілік етеді. Сыныпта 13 оқушы 8 қыз, 5 ұл. Оқушылар оқулықпен 100 пайыз қамтылған.
Тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары құрылған. Жоспары біртұтас тәрбие бағдарламасына негізделіп құрылған. Оқушылармен жұмыс жоспары жасалған.
Сынып оқушыларынан мектепішілік есепте тіркелген 2 бала бар, аталған
2 оқушыны мектеп психологінің бақылауына ұсынған. Олар Сейіл Ж, Қабытай Д. Қыркүйек айына жоспарланған тәрбие сағаты мен сыныптан тыс іс-шаралары өз мерзімдерінде өтеді. Оқушылар арасында ынтымақтастық жақсы орнаған. 2 ашық сынып сағаты берілді.
Сынып сағатының басындағы 20 минутты оқуға құштар жобасына арнады. Қатысу барысында «Қан мен тер» романын оқып келіп талдау керек болған. Тапсырманы Зулқарнай А, Алуа, Дулат, Әнел оқып келген, тапсырманы талдай алды. Мүлдем қатыспай отырған оқушыларда болды. Олар: Гүлнур, Гүлден, Ажар, Темірлан, Жігер.
Сынып жетекші мен ата-аналар арасындағы байланыс жақсы, ынтымақтастық орнаған. Мектептің ата-анамен әлеуметтік серіктестігі іс-шаралар жоспары бар, мектеп директорымен бекітілген. Ата – анамен жиналыс 2 рет өткен, хаттамасы жазылған. Сыныптың жалпы тәртібі қанағаттанарлық. Сабақтан себепсіз қалған оқушы болған жоқ. Сабаққа үнемі Сейіл Ж кешігетін, ата-анасымен сынып жетекші тарапынан жұмыстар жүргізіліп қазіргі уақытта сабаққа уақытымен келіп жүр. Сынып оқушылары волейбол, тенис, домбыра үйірмесіне тартылған. Үйірме оқушылардың қалауымен таңдалған. Үйірме кезінде оқушылардың қатысуын бақылау барысында оқушылардың толық қатысатындығы байқалды.


Кемшіліктер: Ұл балардың сабаққа қатысуы төмен, үйден сабаққа дайындықсыз келеді, ата-ана тарапынан бақылау жоқ. Ата-аналар сабаққа қатысу дәптері жоқ. Бір де бір ата –ана тарапынан сабаққа қатыспаған.
Ұсыныс:
- Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыруда пән мұғалімдерінің оқытудың белсенді тәсілдерді сабаққа енгізу, тиімді ресурстарды пайдалану
- Сабақтың мақсатына сай тапсырмалар дайындау
- Формативті бағалауды нақты жүргізу
- Үй тапсырмасының орындалуын қадағалау
- Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстар жүргізу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет