11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама


Білім сапасында жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мен үлгрімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарының құрылуы туралы



бет27/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Білім сапасында жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мен үлгрімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарының құрылуы туралы
анықтама
Қыркүйек, 2023 ж


Мақсаты: Оқушыларының білім алу деңгейін, білім алу дағдысы мен біліктілігін арттыру, оқу процесінің сапасын жақсарту

Қыркүйек айының 1- аптасында білім сапасында жіберілген олқылықтардың орнын толтыру және жаңа оқу жылындағы бағдарламалық мақсаттардың меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша «Білім сапасында жіберілген олқылықтарды анықтау және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру» жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Өткен оқу жылындағы пәндердің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша 2-11 сыныптарда негізгі пәндерден мектеп әкімшілігі тарапынан нөлдік бақылау жұмыстары алынды.


Пәндер бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау жұмыстарын ұйымдастыру жоспарын әр пән мұғалімдері құрып, пән мұғалімдері білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқу бағдарламасы бойынша өткен оқу жылдарының оқу мақсаттарына сәйкес келетін жаңа оқу жылындағы оқу мақсаттарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Оқу бағдарламасы негізінде білім алушылардың біліміндегі орын алған олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында күрделі оқу мақсаттарын кіріктіріп, сабақ жоспарлау ұсынылады. Ол үшін мұғалім оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша мектеп әкімшілігі тарапынан диагностикалық бақылау жұмыстары алынап, тоқсанның аяғында диагностикалық бақылаулар алынып, салыстырмалы мониторинг жүргізілуде.
Пәндер бойынша пән мұғалімдері аптасына бір рет білімінде жіберілген кемшіліктердің орнын толтыру үшін анықталған сынып оқушыларымен әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы жұмыстар жүргізіп отырады. Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасалынды.
Ұсыныс:
1) пәнді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін (саралап оқыту, кейс-стади, тақырыптық талқылау, іскерлік ойын, жобалық және зерттеу жұмыстары, модульдік оқыту және т.б.) қолдану;
2) білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін әзірлеу және талдау жұмысын жоспарлау;
3) білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында жүзеге асырылған оқу мақсаттарын БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыруда ескеру;
4) БЖБ, ТЖБ нәтижелері негізінде білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және талдау;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет