11-сынып оқушыларына арналған мектепшілік олимпиадасының тапсырмалары 2021-2022 оқу жылы. І нұсқа Олимпиада мақсаты



бет3/4
Дата23.03.2023
өлшемі30,47 Kb.
#172938
1   2   3   4
Байланысты:
11-сынып о ушыларына арнал ан мектепшілік олимпиадасыны тапсырм

ІІІ. Айтылым.
Берілген үш тақырыптан біреуін таңдап диалог құрастыру. -10 ұпай

  1. «Денсаулык-зор байлық».

  2. «Менің болашақ мамандығым».

  3. «Тіл-қазақтың ары да, бары да.»

  4. «Айтыс: кеше, бүгін, ертең»

  5. «Қазақстандағы экологиялық проблемалар»


IV.
Сүйікті ақынның бір өлеңін жатқа айту – 10 ұпай


11-сынып оқушыларына арналған мектепшілік олимпиадасының тапсырмалары
2021-2022 оқу жылы.
ІІ нұсқа
Олимпиада мақсаты:
- Оқушылардың ой-өрісін кеңейту;
-Мектеп оқушыларының қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын дамыту;
-Мектеп курсын терендету,білімдерін бақылау;
І. Лексика-грамматикалық тест – 30 –ұпай.
1. Қаратпа сөз қатыспаған қатарды ажыратыңыз
А) Қалқам-ай, қазір қай маңда жүрсің?
В) Ойбай, су сендердің шешімдеріңе қарай ма?
С) Жатырқамай кел, жырым, бейнетіңе төзейін
D) Сендермен әнім қалсын, ей, бұлбұлдар!
Е) Ей, жәдігөй жалған-ай, не айтсам саған?
2. Сұраулы сөйлемді анықтаңыз
А) Естен кетпес іс еттің-аі
В) Даусың неткен ғажап
С) Сен ертең онда барма
D) Бері қарай аттанбақшы ма
Е) Менің ертең мектепке баруым керек
3. Омоним болатын сөзді табыңыз
А) Мұғалім
В) Ел
С) Жақсысыз
D) Жетім
Е) Сау
4. Көп мағыналы сөзді көрсетіңіз. Біз таудың басына шығып келдік.
А) Біз
В) Таудың
С) Басына
D) Шығып
Е) Келдік
5. Дұрыс айтудың ережесін табыңыз
А) Орфография
В) Орфоэпия
С) Лексикография
D) Этимология
Е) Фразеология
6. Тұйық етістікті табыңыз
А) Жау
В) Сауу
С) Су
D) Тұмау
Е) Бау
7. Сан есімге қай септіктің жалғауы жалғанып түрғанын көрсетіңіз. Оның жасы 30-дан асты.
А) Табыс
В) Барыс
С) Жатыс
D) Шығыс
Е) Көмектес
8. Қазақ тіліне тән дыбыстар саны
A) 9
B) 10
C) 11
D) 12
E) 15
9. Тұйық буын деген не?
A) дауыстыдан басталып дауыссызға бітеді
B) дауыссыздан басталып дауыссызға бітеді
C) бір ғана дауыстыдан тұрады
D) дауыссыздан басталып дауыстыға бітеді
E) үш дауыссыз бен бір дауыстыдан тұратын буын (қарт)
10. Қай дыбыс еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады?
A) а
B) ө
C) ы
D) ә
E) е
11. Еріндік, жіңішке әрі қысаң дауысты дыбыстарды табыңыз.
A) ұ
B) ө
C) о
D) ы
E) ү
12. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.
A) жақсылық
B) балалар
C) күлекеш
D) көрермін
E) келешек
13. Мағынасы ұқсас (синоним) емес сөздерді табыңыз.
A) атамекен, отан
B) шағым, өкініш
C) қария, қарт
D) әдемі, көрікті
E) сабырлы, төзімді
14. Мақалды табыңыз.
A) Кемедегінің жаны бір.
B) Дарияның жанынан құдық қазба.
C) Жері байдың елі бай.
D) Әлін білмеген әлек.
E) Айдағаны – бес ешкі, ысқырығы жер жарар.
15. Антоним бола алатын тұрақты тіркесті табыңыз.
A) азар да безер болды – ат-тонын ала қашты
B) көрер таңды көзімен атырды, түн ұйқысын төрт бөлді
C) Ит арқасы қиянда, ит өлген жер
D) ит терісін басына қаптады – басын сипады
E) көз шырымын алу, көз ілу
16. Қате жазылған қатарды табыңыз.
A) пединститутқа
B) Қазатомөндіріске
C) ұжымшарға
D) медколледжге
E) ҚазМҰУға
17. Берілген емле сөз табына қатысты
«-ау, -еу» жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы «ы, і» дыбыстары түсіп қалады.
A) Үстеу
B) Сын есім
C) Етістік
D) Сан есім
E) Зат есім
18. Етістікке қатысты емес терминді табыңыз.
A) етіс
B) рай
C) шақ
D) жақ
E) шырай
19. Жалғау жалғанбайтын сөз табын табыңыз.
A) Шылау
B) Етістік
C) Есімдік
D) Үстеу
E) Зат есім
20. Өзі жалғанған заттың екеу немесе одан артық екенін білдіретін қосымшаны табыңыз.
A) тәуелдік жалғау
B) септік жалғау
C) жіктік жалғау
D) жұрнақ
E) көптік жалғау
21. Төмендегі сандардың қайсысы нақты санды білдіреді?
А) ондарда
В) он шақты
С) он-он бес
D) он жарым
Е) ондаған
22. Тәуелденген сөзге жалғанбайтын септік жалғауын табыңыз.
A) –н
B) –нда
C) –ты
D) –дан
E) –бен
23. Қайсының мағыналық түрі жетеу
A) Сан есім
B) Сын есім
C) Етістік
D) Есімдік
E) Шылау
24.Болжалдық сан есімге жатпайтын қатарды табыңыз.
A) мыңдаған
B) ондарда
C) жүзге тарта
D) алтыдан бері
E) бес-алты
25. Есімше қай жағдайда сөйлемде баяндауыш болады?
A) зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып
B) барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп
C) атау мен іліктен басқа септіктерде заттанып қолданылса
D) көмекші есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп
E) жіктеліп келіп
26. Түбір тұлғасы сақталып жазылатын біріккен сөздерді анықтаңыз.
A) Ақсүйек, күркетауық.
B) Жазғытұрым, биыл.
C) Әкел, әпер.
D) Күздігүні, ендігәрі.
E) Амангелді, қолғанат.
27. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін табыңыз
A) Мұнда, қыр даласында, қызық көп.
B) Ол Әсет пен оның әкесін көрді.
C) Самат, ағаң келді ме?
D) Шыны керек, бар шыным сол.
E) Жанар, жұмыс аяқталды.
28. Қай сөйлем түрі? Күн жылы болып, біз серуенге шықтық.
A) Қарсылықты бағыныңқы
B) Себеп бағыныңқы
C) Мақсат бағыныңқы
D) Шартты бағыныңқы
E) Мезгіл бағыныңқы
29. Әрдайым сөйлемнің соңында жүретін сөйлем мүшесін табыңыз.
A) Пысықтауыш
B) Бастауыш
C)Толықтауыш
D) Баяндауыш
E) Анықтауыш
30. Дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіретін етістіктің шағын табыңыз.
A) Ауыспалы осы шақ
B) Жедел өткен шақ
C) Бұрынғы өткен шақ
D) Нақ осы шақ
E) Мақсатты келер шақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет