Кавальери принципі: бізге F1 және F2 фигуралары мен α жазықтығы берілсін. Егер α жазықтығына параллель әрбір жазықтық фигуралардың бірін қиып өткенде екіншісін де қиып өтсе және берілген фигураларда пайда болған қималардың аудандары тең болса, онда берілген фигуралардың көлемдері тең болады.
4.Есептер шығару №9, №10, №11
5.Бекіту Көлемнің негізгі қасиеттері атаңдар.
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы?
3) Кавальери принципін тұжырымда
6. Үй тапсырмасы: 8.1-8.2. тақырып. Сұрақ 1-3. №12-13
Сабақ №___
Күні:______
Сынып:_11___
Тақырыбы: Призманың көлемі.
Мақсаты:
Призманың көлемі формуласымен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.
Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.