11 сыныптаѓы геометрия сабаѓы


Типі: Жаңа тақырып Көрнекілігі



бет52/112
Дата16.12.2021
өлшемі1,53 Mb.
#101725
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   112
Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.



Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Қандай көпжақ шарға іштей сызылған көпжақ деп аталады?

Қандай көпжақ шарға сырттай сызылған көпжақ деп аталады?
Жаңа тақырып
Радиусы R сфераның ауданы мына формуламен есептеп шығарады:

S=4πR2

Шар секторының бетінің сфералық бөлігінің ауданы мына формуламен есептеп шығарылады:

S=4πRН,


мұндағы Н-сегменттің биіктігі

Есептер шығару
Тақтаға есеп шығару: №35, №36, №37
Өздіктерінен: №37

Қорытынды
Сфераның ауданын қандай формуламен есептеп шығарады?
Үйге тапсырма беру: §7, т 7.6, , сұрақ 15, №38, №39

Сабақ №____

Күні:______

Сынып:_11___


Тақырыбы: Бақылау жұмысы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың айналу денелері тарауы бойынша алған білім, біліктілік, дағдысын тексеру.

Дамытушылық: Алған білімдерін жинақтау және тексеру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру

Сабақтың түрі: бақылау жұмысы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу, үй тапсырамасын тексеру.



1 нұсқа

2 нұсқа

1.Конус табанының диаметрі d, осьтік қимасының төбесіндегі бұрышы α. Конустың бүйір бетінің ауданын және көлемін табыңдар.


2. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы оның табанының ауданынан үш есе үлкен. Цилиндрдің биіктігінің табан радиусына қатынасын табыңдар.
3.Дұрыс төртбұрышты призманың табан қабырғасы 4 см, биіктігі 2 см. Призманы сырттай шар сызылған. Шар бетінің ауданын және шардың көлемін табыңдар.

1. Конустың жасаушысы а, осьтік қимасының төбесіндегі бұрышы α. Конустың бүйір бетінің ауданын және көлемін табыңдар.


2. Шар центрінен 12 см қашықтықта қима жүргізілген. Қима дөңгелегінің радиусы 5 см. Пайда ботлған шар сегментінің сфералық бөлігінің ауданын табыңдар.
3.Тіктөртбұрыштың қабырғалары 4 см және 5 см. Тіктөртбұрышты оның кіші қабырғасынан айналдырғанда пайда болатын дененің бетінің ауданын табыңдар.




Үй жұмысы.

Тақырып 5-7, Қайталау


Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Есептер шығару.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың айналу денелері тарауы бойынша алған білім, біліктілік, дағдыларын пайдаланып есептер шығару.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет