11 сыныптаѓы геометрия сабаѓы


Типі: Жаңа тақырып Көрнекілігі



бет45/112
Дата16.12.2021
өлшемі1,53 Mb.
#101725
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   112
Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.



Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Қиық конус деп қандай конусты атайды?

Қиық конустың бүйір бетінің ауданының формуласы?

Кейбір айналу денелерінің бүйір бетінің ауданын есептеудің жалпы формуласы ?


Жаңа тақырып

Шар деп берілгент нүктеден берілген қашықтықтан артық емес қашықтықта жататын кеңістіктің барлық нүктелерінен тұратын денені атайды. Бұл нүкте шардың центрі деп, ал берілген ара қашықтық шардың радиусы деп аталады.

Шардың шекарасы шардың беті немесе сфера деп аталады. Шар бетінің екі нүктесін қосатын және шардың центрінен өтетін кесінді диаметр деп аталады. Кез келген диаметрдің ұштары шардың диаметрлік қарама-қарсы нүктелері деп аталады.

Шар да айналу денесі. Ол жарты дөңгелекті ось ретінде диаметрден айналдырғанда шығады.

Шарды жазықтықпен қиғандағы кез келген қимасы дөңгелек болады. Бұл дөңгелектің центрі шардың центрінен қиюшы жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың табаны болып табылады.

Шардың центрінен өтетін жазықтық диаметрлік жазықтық деп аталады.

Шардың диаметрлік жазықтықпен қиғандағы қимасы – үлкен дөңгелек деп, ал сфераның қимасы үлкен шеңбер деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет