11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің 2019-2020 оқу жылы педагог ұйымдастырушының сараптамасы Мектепте ұйымдастыру жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген



бет10/25
Дата29.01.2022
өлшемі3,74 Mb.
#115771
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің 2019
Fizika тест, Аружан фармакология
Іс-шараның атауы

Қатысушы сыныптар

Мерзімі

Жауапты

Қорытындысы

1

«Денсаулық –келешек кепілі» спорт күніне

денсаулық фестивальін өткізу



1-11сыныптар

Қыркүйек

Педагог ұйымдастырушы

Ақпарат беру, фото суреттер

2

«Адамгершілік, жыныстық тәрбие және ерте жыныстық қатыныстар» Пікірталас

9-11сыныптар

Қыркүйек

ДТІЖО, Педагог ұйымдастырушы

Ақпарат беру, фото суреттер

3

19 қараша-темекімен күрес күні

«Темекінің адам ағзасына тигізетін зияны» баяндама



9-11сыныптар

Қараша

Мектеп мед бикесі

Анықтама, фото суреттер

4

19-қараша –«Халықаралық темекіге қарсы күрес» күніне орай іс-шара ұйымдастыру

Мектепшілік

Қараша.

Медбикелер, ұйымдастырушы педагог, тәлімгер

Анықтама, фото суреттер

5

«Шынықсаң шымыр боласың» спорттық ойындар


8-10 сыныптар

Ақпан

Педагог ұйымдастырушы

Хаттама, фото суреттер


Ұйымдастырушы-педагог жұмысының сараптамасы

Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Мектепте оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында 15 ақпан күні «Кеңес әскерлерінің Ауған Республикасы аумағынан шығарылғанына - 28 жыл» толуына орай атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалып, сол жоспар аясында біршама іс-шаралар атқарылды. Мектеп директорының орынбасары Г.Алиева мен ұйымдастырушы-педагог У.Жарылқасынова «Ерлік –елге мұра, ұрпаққа ұран» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері А.Абдықасимов пен А.Абдыев қатысып өз ризашылықтарын білдірді. Кездесу «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің қатысуымен өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты - өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында апат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу болды. Кездесу соңында ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сый-сыяпат жасалды.



Оқушылардың бойында патриоттық сезім мен Отанға деген махаббатын ояту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай Отан қорғаушылар күні мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығын тойлау барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, фашизимді жеңу ісіне үлес қосқан қазақстандықтарға құрмет көрсете отырып, тәрбиелеу мақсатында 2017 жылдың 02.05-06.05 аралығында «Патриот» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында бекітілген жоспарға сай іс-шаралар ауқымы кең көлемде мерекелік шаралармен сабақтастық тауып жатты. Атап айтқанда, 4 мамыр күні АӘД пәнінің мұғалімі Г.Хорев және ұйымдастырушы-педагог Ұ.Жарылкасынова ұйымдастыруымен «Ұрпақтар диалогы» атты аяциясы аясында «Ақсуат» әскери шекара бекетінің офицерлерімен кездесуді 10-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырды. «Ұрпақтар диалогы» атты кездесудің мақсаты- оқушылардың Отанға, жерге, елге деген махаббатын ояту болды. Кездесу соңы «Сұңқар» патриоттық клубының сарбаздары арасында « Күрең берет» сайысына ұласты. Сайыстың мақсаты - білім алушылар бойында Отансүйгіштік, елжандылық, патриоттық рухтарын көтеру, әскерге деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар, алғашқы әскери дайындықтарын шыңдау. 4 кезеңнен тұратын сынақта мергендер сайысы, автоматты уақытқа шашып жинау, сондай-ақ газ тұмылдырығын уақытқа кию, гір тасын көтеру, турникке тартылу бойынша жарысты.



5 мамыр күні ұйымдастырушы-педагог Ұ.Жарылкасынова мен мектеп тәлімгері А.Ауелбекованың ұйымдастыруымен 1-8 сыныптар арасында «Мәңгі есте!» тақырыбында флешмоб өткізді. Флешмобтың мақсаты- мектеп оқушыларының бойында патриоттық - азаматтық сезімді қалыптастыру және Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу елінің тарихи ұлттық мәдени мұрасын құрметтеуге баулу болды. «Мәңгі есте!» тақырыбындағы флешмобты ұйымдастыру барысында оқушылар ақ, көк және сары түсті футболкалар киді. Оқушылар би барысында күн бейнесін, мемлекеттік туды, ақ көгершін құсын бейнеледі.

6 мамыр күні 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиын Қазақстан Республикасының гимінін орындаудан басталды. Жиын барысында Ұлы Отан соғысының ардагері даңқ ордендерінің толық иегері Тайыр Тастандиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі орындалды. Отанымыздың болашағы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған аға-апаларымыздың ерлігі мен қайсарлығын еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жарияланды. Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Г.Жорабековаға берілді. Жиынға арнайы шақырылған еңбек ардагері Рахманкулова Лиза Мухарямовна соғыс кезіндегі қиыншылықтарды, еңбек барысын, халықтың көрген тауқыметін әңгімеледі. Мектебіміздің АӘД пәнінің мұғалімі Г.Хоревтің ұйымдастыруымен дайындалған әскери жаттығулар көрсетілді. Жиын соңы соғыстың басталуын, аяқталуын бейнелейтін сахналық қойылым көрсетіле отырып, концерттік мерекелік бағдарламаға ұласты. Бағдарлама барысында оқушылар жыр шумақтарын оқып, әскери вальс билеп, ән салды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет