Оқушылардың жазғы сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру жұмысы:
Жаз айлары балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтып жаңа оқу жылын тың күшпен бастаулары үшін қолайлы уақыт. Әрбір бала жанға жайлы, демалысты қызықты өткізуді армандайды. Сондықтан жазғы демалыста ұйымдасытырылатын шаралар тыңғылықты қолға алынып, дайындық жұмыстары сапалы жүргізілуде. Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру үшін мектеп жанынан жыл сайын жазғы демалыс және сауықтыру лагері ұйымдастырылады. Демалыс барысында оқушыларға түрлі тақырыптарда сайыстар, байқаулар өткізілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған жарты жылдық іс-шаралар туралы мәлімет.
Мақсаты: «Кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу арқылы кәсіби ынтаны, кәсіп таңдауды, кәсіптік икемділік пен қабілетті қалыптастыру».
Міндеттері:
кәсіптік бағдарлау жұмысына жалпы орта мектептердің 9 – 11 сынып оқушыларын қамту;
ауданның өндірістік мекемелері, кәсіпорындар, шаруа қожалықтарымен байланыс орнату, экскурсиялар өткізу;
кәсіптік ақпараттандыру жұмысын жүйелі жүргізу;
оқушылардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін, қабілетін, кәсіби мүддесін ескере отырып белгілі бір кәсіпті таңдауына көмек көрсету;
оқушылардың нақты бір кәсіпке, мамандыққа, жұмыс орнына деген кәсіби ынтасын айқындау;
оқушыларды өндіріске, еңбек жағдайларына және нақты бір мамандыққа бейімдеу;
кәсіптік ақпараттандыру мақсатында әртүрлі кәсіп өкілдерімен семинарлар, тренингтер, кездесулер ұйымдастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |