Күтілетін нәтиже:
Кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу арқылы оқушылар еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерді таңдау жағдайы жақсарады. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарына бейіндеріне қарай оқуын жалғастырады.
Қосымша білім беру педагогінің іс-қағаздар жинағы:
11-1 Мектептік пәндер олимпиадасының папкасы
11-2 Дарынды оқушылармен жұмыс папкасы
11-3 Қосымша білім беру педагогының жұмыс папкасы
11-4 «Зерде» ғылыми жобасының папкасы
11-5 Бейімдік бағдарламаларды қадағалау папкасы
11-6 Бағдарлы-бағдаралды оқытуды қадағалау папкасы
2017 жылғы Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға байланысты іс-шаралар жоспары бекітілді.Жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілді.
Қаңтар айында «Мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарында дәстүрлер мен инновациялар» тақырыбында қосымша білім беру педагогы И.Тойшибекова дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Қаңтар айының екінші аптасында А.Е.Голомшоктың әдісі «Профильдік қызығушылығын анықтау» 9-10-11 сыныптар арасында мектеп психологтары оқушылардан сауалнама алды.
Қаңтар айының үшінші аптасында «Менің болашақ мамандығым» 9-10-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары болды.
Ақпан айында «Мамандықты дұрыс таңдау- табысты өмір кілті» атты әр түрлі маман иелерімен кездесу өткізілді.
Ақпан айының екінші аптасында «Бала біздің болашағымыз» ата –аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналарға психологиялық кеңестер жүргізілді.
9,11-сынып оқушыларымен мектеп психологтары «Менің қорқынышым» атты тренинг ұйымдастырды.
Наурыз айының бірінші аптасында «Мамандық таңдау -маңызды шешім» 9-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.Қосымша білім беру педагогымен мектеп психологтары «Болашаққа мақсат қоя білдің бе?» атты тәрбиелік сағаттар өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |