11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің 2019-2020 оқу жылы педагог ұйымдастырушының сараптамасы Мектепте ұйымдастыру жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген



бет16/25
Дата29.01.2022
өлшемі3,74 Mb.
#115771
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің 2019

Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

1 наурыз күні «Жасұлан және Жасқыран» балалар ұйымының мүшелері Алғыс айту күніне арналған алдын - ала үштілді құттықтау әзірледі. Бірінші сабақ барысында ұстаздарды, оқушыларды және техникалық қызметкерлерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде домбыраның сүйемелдеуі арқылы құттықтап, тосын сый жасалды. Үштілді құттықтаудың мақсаты ұлттар достастығын насихаттау, үштілді білім беруді дамыту, бауырмалдық пен сыйластықты орнату болды. «Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі екенін оқушыларға ұғындыру мақсатында мектебімізде «1 мамыр - Қазақстан халықының бірлігі күні» мерекесін атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Осы жоспар шеңберінде біршама іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 27 сәуір күні мектеп педагог–ұйымдастырушысы У.Жарылқасынова мен мектеп тәлімгері А.Ауелбекованың ұйымдастыруымен 1-8 сыныптар арасында «Менің елім Қазақстан!» тақырыбында флешмоб өткізілді. Флешмобтың мақсаты - мектеп оқушыларының бойында патриоттық - азаматтық сезімді қалыптастыру және Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу елінің тарихи ұлттық мәдени мұрасын құрметтеуге баулу болды. «Менің елім Қазақстан!» тақырыбындағы флешмобты ұйымдастыру барысында оқушылар ақ, көк және сары түсті футболкалар киді. Ақ түс - тазалық пен пәктіктің, қуаныштың белгісі, көк түс- бейбітшілік пен достықтың белгісі болса, сары түс – алтын түстес күн шуағын білдіреді. Флешмобқа мектеп оқушылары мен сынып жетекшілері белсене атсалысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет