1109 Экология және тұрақты даму


Дәріс 12 Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер



бет38/68
Дата16.03.2023
өлшемі311,62 Kb.
#172663
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
Байланысты:
umk ekol turakt damu 13 yanvar

Дәріс 12 Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер
Мақсаты: Студенттердің климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, шөлейттену, биологиялық алуантүрліліктің азаюы, әлемдік мұхиттың ластануы, өндіріс пен ауылшаруашылығының интенсивтілігіне байланысты экологиялық факторлар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және экологиялық генетикалық салдары сияқты ғаламдық экологиялық мәселелер туралы білімдерін кеңейту.
Жоспар:
1.Ғаламдық мәселе түсінігі
2.Судың ластануы
3.Атмосфералық ауаның ластануы
4.Жылу эффектісі
5.Озон қабатының жұқаруы
6.Қышқылды жауын-шашындар.
Негізгі түсініктер:озо, фреон, жахандық жылыну, жылу эффектісі.
Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар: - ресурстар проблемасы; - азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы; - энергетикалық проблема; - демографиялық проблема; - климаттың өзгеруі; - экологиялық проблемалар; - «үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою; - қауіпті ауруларды жою; - Әлемдік мұхит пен космосты игеру; - қылмыспен және терроризммен күрес; - наркобизнеспен күрес. Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Ғаламдық экологиялық мәселелер қоршаған ортаның әр түрлі дәрежедегі ластануынан орын алады. Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуынан қолайсыз әсерлердің туындауын. Ластандырушы заттарға тек улы затар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады. Ластануды жүйенің тепе-теңдегін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса,оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Судың ластануы Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді. Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз болады. Суда органикалық заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады. Атмосфералық ауаның ластануы Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және антропогендік жолдармен жүреді. Табиғи ластану көздері: космостық шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала өрттері т. б. Антропогендік ластану көздері: өндірістік орындар және транспорттар, ауыл шаруашылық, құрылыс және тұрмыс обьектілері. Ауа бассейнінің негізгі ластаушыларына күкірт оксидтері, күкірт сутек, көміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар ретіндегі қатты бөлшектер жатады. Арал теңізінен атмосфераға жыл сайын құм, шақ, тұздар 140 млн тоннаны құрайды. Ауыр бөлшектері 800-1000км. қонып қалады, ал майда бөлшектері Белорусия, Литва, басқа елдерге тарайды. Қазақстанда 1951ж. бастап ШПК(ПДК) нормативтері енгізілген, зиянды шығарылымдар 500 ге жуық химиялық зат пен 40 қа жуық олардың комбинациялары бойынша. «Жылу эффектісі» Атмосфераның маңызды компонентінің бірі озон О3 болып табылады. Оның түзілуі мен ыдырауы күннің ультракүлгін сәулелерімен сіңіруіне байланысты. Озон Жердің инфрақызыл сәулелерінің 20% ұстап қалады және ауаның жылыту әсерін күшейтеді. Озон қабаты 122-124км. биіктікте орналасады «озон экраны» деп атайды. Жылу газдары әсерінен жылу балансының өзгеру нәтижесіндегі жер шарының әлемдік температурасының жоғарлауының мүмкіндігі «Жылу эффектісі» деп аталады. Американ экологы Б.Небел климаттың жылу мүмкіндігін, яғни «жылу эффектісін» болашақтағы орасан зор катастрофа ретінде қарастырады. Негізгі «жылу эффектісін» тудыратын газдардың біріне көміртегі оксиді жатады және «жылу эффектісін» тудыратын газдардың 50-65% құрайды.Басқа «жылу эффектісін» тудыратын газдарға метан (20%), азот оксидтері (5%), озон, фреондар және басқа да газдар (10-25%). Олар атмосферадағы барлық газдардың 30% құрайды. «Озон тесігі» Атмосферадағы озон проблемасының адам іс-әрекетімен байланысты екі аспектісі бар: 1. Озонның жоғарғы қабаттағы бұзылуы («озон экраны»). 2. Жерге жақын кеңістіктегі концентрациясының көбеюі. Озон экранының шекарасындағы озон (О3) екі атомдық оттегі молекуласының ультракүлгін сәулелерінің әсерінен ыдырап, келесі бір оттегі молекуласымен қосылуы нәтижесінде түзіледі. О3 тұрақсыз болғандықтан қайтадан О2 түзіліп отырады. Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы озон мөлшері 3%-ке азайған. Егер озон 1% азайса, онда терінің рак ауруы 5-7% көбейеді. Озондық ең көп жойылуы Антарктидада тіркелген. Бұл жерде соңғы 30 жылда озон қабаты 40-50% жұқарған. Озон концентрациясының азаюы тіркелген кеңістік шегін «озон тесігі» деп атаймыз. «Озон тесігінің» пайда болу себептері осы күнге дейін анық емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет