1. Егер бастапқы координат векторы (12;5), соңғы (4;11) болса координат осіндегі дененің орын ауыстыру проекциясы
A) sх = 8; sy = 5
B) sх = –8; sy = 6
C) sх = 16; sy = 9
D) sх = 8; sy = –6
E) sх = 8; sy = 6
|
2. Бөлшек қисық сызықты траекториямен модулі тұрақты =5 м/с жылдамдықпен қозғалуда. Бөлшектің үдеуі a=2 м/с2-қа тең нүкте траектория қисықтығының радиусы
A) 2,5 м.
B) 4,0 м.
C) 12,5 м.
D) 3,0 м.
E) 10,0 м.
|
3. Столдың горизонталь бетімен массаcы 0,2 кг білеушені динамометрмен бірқалыпты сүйрейді. Динамометрдің көрсетуі 0,5 Н болса, сырғанау үйкелісінің коэффициенті (g=10)
A) 0,2.
B) 2,5.
C) 0,4.
D) 0,5.
E) 0,25.
|
4. Кристалл қатты денелерге жатпайтыны
A) ас тұзы түйіршіктері
B) графит
C) кварц
D) шыны
E) қант кесегі
|
5. Нүктелік заряд өрісінің кернеулігін анықтайтын E=kq/εr2 формуласындағы ε- физикалық шамасы
A) электр тұрақтысы
B) диэлектриктің өтімділігі
C) электр өрісінің күштік сипаттамасы
D) нүктенің зарядтан ара қашықтығы
E) электр заряды
|
6. Электрлік шам арқылы 10 минутта 300 Кл заряд ағатын болса, шамдағы ток күші
A) 0,5 А.
B) 0,6 А.
C) 0,7 А.
D) 0,8 А.
E) 0,9 А.
|
7. Генератордың айналатын бөлігі
A) щетка.
B) статор.
C) ротор.
D) өзекше.
E) сақина.
|
8. Интерференция дегеніміз –
A) жарықтың сыну көрсеткішінің толқынның ұзындығына байланыстылығы.
B) жарық толқынының алдындағы бөгетті айналып өтуі.
C) когерентті екі толқын бір-бірімен қосылғанда кеңістік нүктелеріндегі толқынның күшеюі немесе жойылуы.
D) толқынның электрлік векторының белгілі бір бағытын жарық толқынынан бөлу.
E) тербеліс жиілігінің сыну көрсеткішіне байланыстылығы.
|
9. -кванттарының заряды
A) бейтарап.
B) оң.
C) теріс.
D) әлсіз.
E) күшті.
|
10. Автомобильдің жылдамдығы 10 с уақытта 10м/с-тен 6 м/с-ке дейін кемиді. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік формуласы және 20 с-тен кейінгі жылдамдығы
A) υх(t) = 10 – 0,2t, υ = 2 м/с.
B) υх(t) = 10 + 0,4t, υ = 2 м/с.
C) υх(t) = 10 – 0,4t, υ = 2 м/с.
D) υх(t) = 10 + 0,4t, υ = 3 м/с.
E) υх(t) = 10 – 0,4t, υ = 3 м/с.
|
11. Штангист штанганы көтергенде 2 с-та 5 кДж жұмыс жасайды. Осы кездегі қуат
A) 25 Вт.
B) 1000 Вт.
C) 450 кВт.
D) 2,5 кВт.
E) 4,5 Вт.
|
12. Массасы 100 г денені 30 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырғаннан кейін 3 с өткен соң, оның потенциалдық энергиясы
A) 4,5 Дж.
B) 45 Дж.
C) 39 Дж.
D) 50 Дж.
E) 9 Дж.
|
13. Жұмысшы рычагты пайдаланып, массасы 240 кг плитаны көтереді. Егер рычагтың қысқа иіні 0,6 м-ге тең болса, жұмысшының 2,4 м-ге тең ұзын иінге түсіретін күші
A) 600 Н.
B) 650 Н.
C) 700 Н.
D) 800 Н.
E) 400 Н.
|
14. Қаныққан будың температурасы жоғарлаған сайын оның тығыздығы ...
A) артады.
B) өзгермейді.
C) азаяды да, кейін артады.
D) артады да, кейін азаяды.
E) төмендейді.
|
15. Газ адиабаталық жолмен ұлғайғанда 200Дж жұмыс істеді. Оның ішкі энергиясының өзгерісі
A) 400 Дж
B) 200 Дж
C) – 400 Дж
D) – 200 Дж
E) 0
|
16. Біртекті магнит өрісіне орнатылған тоғы бар (суретте ток бізге бағытталған) түзу өткізгішке әсер ететін Ампер күшінің бағыты
A) Солға.
B) Жоғары.
C) Бізге қарай.
D) Оңға.
E) Төмен.
|
17. x= 2sin(2/5)t (м) теңдеуімен тербелетін нүктенің максимал жылдамдығы
A) м/с
B) 5 м/с
C) 4 м/с
D) м/с
E) м/с
|