Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша құқықтық түсіндіру жұмысы бала тәрбиеленіп жатқан мекемені қалыптастырудан, отбасылармен танысудан басталады
Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша құқықтық түсіндіру жұмысы бала тәрбиеленіп жатқан мекемені қалыптастырудан, отбасылармен танысудан басталады.
Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері: Отбасындағы ақау тәрбие; Отбасындағы материалдық әл-ауқаты; жұмыссыздық; баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы; ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы; мінез-құлқының ауытқушылығы; Рухани құлазуы;
Оқушы әрекетінің нәтижелерін талдау.
Бұл тәсіл оқушылар туралы айтылған пікірге қарап емес, олардың мектептегі және үйдегі іс-әрекеттері, қызмет нәтижелері (үлгерім, техникалық, шығармашылық, қоғамдық пайдалы еңбек және өзіне өзі қызмет етуге қатысуы, спортпен айналысуы) бойынша түсінік алуға мүмкіндік береді.
Мысалы, мен оқушы ата-аналарына төмендегідей сауалнама беру арқылы оқушының мектептен тыс кезіндегі, үйдегі мінез-құлқы туралы мағлұмат алдым.
Бала мінезіндегі жағымсыз қылықтар қандай? (өтірік айту, тәртіп бұзу, сабақ оқымау, еңбектен бас тарту, бос жүру, т.б.) .....................................................................................................................