Салауаттылыққа тәрбиелеу
Жоспар бойынша АҚТҚ-дан сақтану жолдарына байланысты «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Қатерлі СПИД кеселі!», «Жаны саудың тәні сау!» «Тазалық денсаулық –кепілі», тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.
1 желтоқсан Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күніне байланысты «ЖҚТБ (СПИД) ауруынан қорғану жолы-салауатты өмір салты» тақырыбында әңгіме өткізілді. Жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында жасалған жұмыстар мектеп медбикелермен бірге жүргізіледі. «Сары ауру-жұқпалы ауру», «Тымаудың алдын алу» т.б. тақырыптарында сыныпта диктанттар алынды. Сынып оқушылары мектеп медбикелерінің көмегімен үнемі тексерілуінен өтеді.
Мектебімізде жыл сайын өтетін денсаулық күніне сынып оқушылары белсене қатысады. Сонымен қатар биылғы оқу жылында «Нашақорлық » тақырыбында пікір сайыс өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |